Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Геометрия нені үйретеді?

12 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сыныптан тыс жұмыс 7, 8 сынып үшін.
Сабақ тақырыбы: Геометрия нені үйретеді?

Сабақ мақсаты: 1) Оқушыларға геометрия пәні нені зерттейтінін түсіндіру.
2) тарихи мағлұматтар айту, әртүрлі ойындар ойнау арқылы оқушылардың геометрия пәніне қызығушылығын ояту.
3) Алған білім дағдыларын есеп шығарғанда пайдалану.
Сабақ көрнекілігі: а) Геометриялық фигуралар суреті салынған плакаттар б) геометриялық фигуралардың аты жазылып, бейнесі кескінделген баскиімдер дайындалады в) сөзжұмбақ г) танграмдар д) математикалық фигуралар, компьютер, интерактивті тақта

Сабақ барысы:
1 - жүргізуші: - « Геометрия нені үйретеді?»- атты сабағымызды бастаймыз.
2 - жүргізуші: - Ал достар қуанышпен жиынды бастайық.
1 - жүр - ші: - Геометрия сырына саяхат жасалық.
2 - жүр - ші: - Мәңги бақи есте қалар қызықты бір жиын болсын.
1 - жүр - ші: - Геометрия қалай шықты
Бүгін сендер білесіңдер.
2 - жүр - ші: - Геометрия еліне сапар шегіп
Араласып жүрсіңдер.
1 - жүр - ші: - Бұл жерде сен танысасың. Архимедпен
Кемеңгер ол, философ әрпінде өткен.
2 - жүр - ші: - Кездесесің дәл сондай тағы да бір.
Ғылымменен жер жиһанға білім еккен.
1 – жүр - ші: - Евклид пен Пифагор айтқанын бұл
Талаптанып білімге зейініңді бұр.
2 - жүр - ші: - Таудан аққан өзендей сарқыратып
Ғылым жасап төбеден төкті олар нұр.
1 - жүр - ші: - Судай тасып әр биік белден өткен
Дүниеге сан алуан өнер төккен
- Білім алып бұлардың жолын қуған
Әрбір адам өмірде өрге басқан.
2 - жүр - ші: - Математика - кең өрісті ғылым
Сіздерге геометрия ашады сырын.

Баяндама: Қысқаша, геометрияның даму тарихына тоқталайық. Геометриялық фигуралар жер өлшеуде, үйлер, ғимараттар, жолдар, көпірлер салуға егін егетін жерді пайдалануға, каналдар қазуға т. б. көптеген қажеттіліктерге өлшеулер жүргізеді. Тері терсекпен айналысқан шеберге, темір металдан әртүрлі бұйым жасаған ұстаға да, қысқасы ұсақ қолөнершілерге де геометриялық фигуралармен шұғылдануға тура келеді. Түрлі ғимараттарды, патша сарайлары мен ғимараттарды салған шеберге пирамиданың көлемі қандай болатынын, оның табанына қанша тас керектігін білу керек болған. Гректер бұл ғылымды жер өлшеу жөніндегі ғылым деген.
Асылай: - Геометрия - геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым.
Біз білетін
- нүкте
түзу
- кесінді
- сәуле
- бұрыш
- үшбұрыш
- төртбұрыш
- шеңбер
- дөңгелек – Бұлардың әрқайсысы
Хормен: Геометриялық фигуралар.
Жадыра: - Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін, бөлімін планиметрия деп атайды.
Құралай: - Планиметриядағы негізгі геометриялық фигуралар нүкте және түзу.
Мирамбек: - Нүкте деп әрі қарай бөлшектенбейтін фигураны айтамыз.
Айдар: - Түзу деп, шеті жоқ ұзындықты айтамыз.
Ертегі: - Нүкте түзу бойымен жүгіріп жүр.
«Шаршадым ма, әлі ұзақ жүгіремін бе?» Түзудің шетіне жете алар емеспін.
Оқушы: - Нүктежан, сен, түзудің шетіне шыға алмайсың. Сен түзудің шеті жоғын білмейсің бе?
Нүкте: - Онда мен келесі жаққа қарай жүремін.
Оқушы: - Ол жағы да шеті жоқ.
Нүкте: - Енді қайтем. Осылай шетсіз, шексіз жүре беремін бе?
Оқушы: - Олай жүре бергің келмесе, қайшыны көмекке шақырайық
Нүкте: - Ура
Қайшы келіп түзуді қиып тастайды.
Нүкте: - Алақай түзудің шеті табылды. Енді екінші жағынан да ұш шығарып берші.
Қайшы: - Жарайды.
Нүкте таң қалады.
Нүкте: - Менің түзуімнің бір жақ ұшы бар, екінші жағының да ұшы бар.
Оқушы: - Бұл кесінді, - деді. Енді сен, нүкте, түзудің кесіндісінің бойында тұрсың.
Нүкте: - Түзу кесіндісі, түзу кесіндісі
Ля, Ля, Ля, Ля
Нүкте: - Маған бұ кесінді атауы ұнайды. Мен оны ұмытпаймын. сосын маған кесіндінің бойында жүру ұнайды. Бірақ түзуді де жақсы көрем. Бірақ ол жоқ.
Ал ана бөлікте олар да кесінді ме?
Оқушы: - Жоқ. Олардың атауы бар. Олар сәуле деп аталады.
Нүкте: - Алақай, алақай. Мен олардың неге сәуле деп аталғанын білемін. Себебі олар күн сәулесіне ұқсайды.
Нүкте: - Қайшы, өтінем сенен. Менің түзуімді қайтадан бар ете көрші.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 331
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Геометрия 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Геометрия 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Геометрия 9 сынып.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Геометрия 7 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Геометрия 7 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Геометрия 7 сынып
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Геометриялық фигураларды танып, олардың элементтерін атап, маңызды белгілерін ажыратады. Тіктөртбұрыштың периметрін табу, тіктөртбұрыш сызу біліміндегі кемшіліктер түзетіледі.
Қорытынды тест 9 - сынып Геометрия
Қорытынды тест 9 - сынып Геометрия
Әрбір бұрышы 1200 - қа тең дөңес көпбұрыштың неше төбесі бар?
Кеңістікте екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы
Кеңістікте екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы
Кеңістікте түзулердің және жазықтықтардың өзара орналасуын модельде көрсете алу және суретін сала білу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×