Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асық ату

21 қыркүйек 2023, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған ІІ аудандық «АСЫҚ АТУ» ұлттық ойынының әзірлемесі

Сәлеметсіздер ме? Құрметті  балалар, және қонақтар. Бүгін оқушылар арасында қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» ойынына жарыс өткіземіз. 
Бастамас бұрын «Асық ату» ойыны жайлы кішкене айтып өтейін. Асық ату — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген.
Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. 
Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. 
Асық ату ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің және ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығымен спорттың бір түрі деп бекітілген.

2 – жүргізуші: Гүлнар
Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы президеніміздің есімімен тығыз байланысты.

1 - жүргізуші – Айымгүл
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған күніне арналған ІІаудандық ұлттық ойынымыз «АСЫҚ АТУ» жарысына қош келдіңіз

2 - жүргізуші - Гүлнар
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер әнұран
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.(Ән ұран орындалады)

1 - жүргізуші - Айымгүл
Президентіміздің кемеңгерлік басшылық етуінің арқасында біздің ел жыл сайын алға басып, әлеуметтік - экономикалық қуаты өсіп, халқымыздың бірлігі, ынтымағы жарасып қарқынды даму жолындамыз.
2 - жүргізуші - Гүлнар
Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім,
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!
1 - жүргізуші - Айымгүл
Бүгінгі жарысымызға келген қатысушыларға ыстық лебізін білдіргелі қонақтарымызға сөз кезегін берейік.

2 - жүргізуші - Гүлнар
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлым,
Ұлт үшін аямаған күш - дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
– Нұраға, о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!
Тарих тұр сахнадан Сізді күткен.
Мектебіміздің бұлбұл дауысты әншісі Файзолла Гүлдананың орындауында «Туған жер» әні.

1 - жүргізуші - Айымгүл
Арналды ән мен күй, өлең саған,
Тәуелсіз бақытын ел аңсаған.
Алып шығар нарықтың өткелінен,
Елім менің, ер қайрат, кемел санаң.
Ата заңын, өзіндік бағытың бар,
Бұл күшті бойдағы ағытыңдар.
Қазақстан – Егемен ел екенін
Төрткүл әлем жүзіне танытыңдар – дей келе.
Баян сұлу би ұжымы «Биші Қайын»

2 - жүргізуші - Гүлнар
Ата деп сені ардақ тұтады ұрпағын,
Тарихтан тартым бабалар жолын жалғадың.
Ерлік пен елдік мұратын ту ғып төбеңе,
Болашақ қамын, халқының қамын жырладың
Нұр атам менің намысын отқа қайраған,
Күндіз де түнде халқының қамын ойлаған.
Қазақтың атын танытып әлем жұртына,
Байрағын ұлттың басына шыңның байлаған.
«Қара жорға» биі
1 - жүргізуші - Айымгүл
Бәріміз бірге, Біздің Отан – Қазақстан!, біздің Президент – Қасым-Жомарт Тоқаев!
Елбасы елдің тірегі! Елбасымыз жасасын! Жаса Қазақстан!

2 - жүргізуші - Гүлнар
Бүгінгі «Асық ату» жарысының ережесімен таныстыруға мектебіміздің
денешынықтыру пәні мұғалімі Сағындықов Алмас Саябекұлына беріледі.

Жарысты бастау үшін біз жеребьевка өткіземіз.Үлкен спорттық жарыстарда «жеребьевка» жүйесін қолданылады, бүгін біз де жеребьевкамен жарыс қалай өтетінін анықтаймыз. Топтардың ұстаздары ортаға шығып үстелдін үстінде (жеребьевка) қағазды тартады, жеребьевка бойынша бір топ автоматты түрде финалға өттеді, ал қалға 4 топ екі группаға бөлініп, әр группада екі команда бір-бірімен ойнайды . Жеңімпаз команда финалға өттеді, финалда үш команда кездеседі. Міне жарыс қалай өтетіні анықталды

1 - 2 - жүргізуші бірге:
Жарысқа қатысушыларға сәт - сапар, сәттілік тілейміз!

Нұсқаушы: Балалар жарысты бастамай тұрып, денемізді қыздырып алайық. (сергіту сәті.қазақша «ТОП-ТОП»)
Ал енді жарысымызды бастаймыз. Ортаға номері 1:1 командалар шығады, (__________________ ) Балалар ойынның ережесімен таныс бірак, біз қайталап өтейік (ережені түсіндіру,ақырын музыка қосу)
Командалар ойнайды жеңімпаз команда финалға шығады (орындыққа отырады),
Нұсқаушы: Ойнымызды жалғастырамыз енді ортаға нөмері 2:2 командалары шығады (__________________). (Жеңімпаз команда финалға шығады)
Нұсқаушы: Ал міне финалистеріміз анықталды, финалды бастамай тұрып билеп алайық ,денемізді қыздырып алайық (сергіту сәті ағылшын)
Нұсқаушы: Міне балалар финалға да жеттік, ортаға үш финалист командаларын шақырамын. Асықтардың бәрін тез соққан команда жеңімпаз аталады, асықтарды санап, екінші орынға ие болған команда анықталады, үшінші орынға аз асық соққан команда ие болады. Ал кеттік.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін
қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі
Саликова Елмира Мергенбайқызы
8 515
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Асық технологиясын пайдалана отырып балаларды қазақтың әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүріне баулу
Асық технологиясын пайдалана отырып балаларды қазақтың әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүріне баулу
Асық ойыны көздiң көру қабiлетiн және қолдың ептiлiгiн арттырады. Асықтың атып ойнайтын түрі үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады.
Ғылыми жоба «Асық – ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын»
Ғылыми жоба «Асық – ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын»
Жобаның мақсаты: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беру. Ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға
Ханталапай
Ханталапай
Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны - сақа аталады.
Асық ойындары
Асық ойындары
Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Ханталапай ұлттық ойыны
Ханталапай ұлттық ойыны
Алдар көсе: Ойынды бастар алдында «Талапай - ау, талапай» Табылды ойын алақай деп айтады. Балалармен бірге қайталайды, қоржындағы асықтарды, отырған балаларға шашады. Балалар: Жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алады.
Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі
Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі
Оралбаев Нұрқасым Таңатұлы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×