Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Келешегі кемел Қазақстан!

26 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Келешегі кемел Қазақстан» (слайдымен)
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру, патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, көрме.
Тәрбие сағат барысы:
Кеш жарық, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Келешегі кемел Қазақстан» атты ауызша журнал түрінде өтетін тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Білектің күші, найзаның ұшымен қорғалған жеріміздің өткен тарихымен бүгінгі жарқын бейбіт көрінісіне назар аударайық:
Видео
Ауызша журналымыздың бірінші беті «Кемел елдің кемеңгер көшбасшысы»
Екінші беті «Тарихы терең, келешегі кемел Астана»
Үшінші беті: «Кемел елдің келешегі білімді ұрпақ»
Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт - бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан - теңіз. Қазақстанның егеменді ел атануына елбасымыздың қосқан үлесі зор
Сол себепті журналымыздың алғашқы бетін кемеңгер көшбасшымызға арнамақпыз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы - мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға.
Елбасымыздың өмір жолымен таныстырып өтейік.
Нұрбек:
Балалық шағы
• Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсетіп, шөпшек теріп, отын жарған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Замира:
Жұмысшы Нұрсұлтан
• Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Самал:
Президенттің саяси өмірбаянының бастауы
• Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 535
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есірткі деген қасірет
Есірткі деген қасірет
Улайтұғын көп жастардың санасын, Ұмыттырар әке түгіл анасын. Жаман әдет, жат қылыққа үйір боп, Ей, жастарым қайда кетіп барасың?
Басты ұстаным - «Мәңгілік ел» эссе
Басты ұстаным - «Мәңгілік ел» эссе
Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті...
Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт лидері
Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт лидері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Д. Құрманбек атындағы №20 колледжінің тарих пәнінің магистрі Әбдішбек Айгүл Балтабекқызы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Бір халық - бір ел - бір тағдыр
Бір халық - бір ел - бір тағдыр
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан - 2050»стратегиясы: Бір халық - бір ел - бір тағдыр.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×