Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Теңге - тәуелсіз экономиканың темірқазығы

05 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Теңге - тәуелсіз экономиканың темірқазығы

Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, «Тәуелсіз Қазақстанға – 20 жыл» кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу.
Қазақстан Республикасының «Ән ұраны» айтылады

Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. «Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма» - деп, жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге) Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Теңге – тәуелсіз экономиканың темірқазығы» атты танымдық сабағымызды бастаймыз. Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.

Әрбір елдің тарихында үлкен шежіре, тарих жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болды. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран мен Туымызбен бірге тағы бір белгі — ұлттық теңгеміз бар. Теңге 1993жылы 15 қараша күні дүниеге келді.
Тарихқа шолу жасайық. (Оқушылардың сөзі тыңдалады.)
I - бөлім
«Буындарды жина» тапсырмасы.
Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту.
Шарты: оқушылар топта буындардан мақал - мәтел құрастырып, мағынасын түсіндіруі шарт.
(мақалды құрастыру арқылы оқушылар топқа бөлінеді.)
1. Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.

2. Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
1 - топ
2 - топ
II - бөлім «Ақша және психология»
Ақшаның күші мен қасиетін білдіретін 7 ереже
Мал - баққанға, ақша – адалдан тапқанға бітеді.
Ақша туралы арам ой да - зиян.
Алаған қолым – береген. Үстемелеп берсеңіз, үстемелеп аласыз.
Қайырымдылықпен айналыссаңыз, шығынның қайтарымы мол болады.
Басы артық дүниеңізді басқаларға беріңіз. Алғысының күші ақша болып қайтады.
Жанашырлық жасағанды Жаратқан Ием жарылқайды. Біреуге міндетті түрде көмектесетін бол.
Өмірдегі басты парызың – қайырым, садақа. Оны ұмытсаң, өзің де ұмытыласың.
2 - топ Ақша туралы ырымдар
1. «Қағаз купюр мен металл тиындар (ақшалар) өздерін қадірлеп, қастерлеп, аялағанды жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді.
2. «Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден көріңіз»
3. «Қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді.
4. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни, жоқ десең, жоғала береді.
III - бөлім
Теңгемнің беттерінде данышпандар,
Халқының қамын ойлап қамыққандар.
Әл - Фараби, Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да теңгемізге бауыр басқан.- дей келе оқушыларымыздың үйден дайындап келген
ақшаларды қорғау.

IV«Әр елде — өз валютасы»
Қырғызстанда -/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда — /марка/
Америкада — / доллар/ Ұлыбританияда -/фунт/ Украинада — /гривна/
/ стерлинг/ /карбовенец/
Қытайда — / юань/ Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда — /сум/
Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда — / йена /

V - бөлім Онда ойынымыздың «Ақша туралы ой»
1 - топ Ой қозғау: ақша қандай қызмет атқарады?
Мақсаты: оқушылардың бейнелі сөйлей білу қабілеттерін дамыту.
Шарты: топта ақшаның қызметтерін бір ақ қағаз бетіне суреттермен салуы тиіс.
Тапсырмасы: ақша – құн өлшемі, айналыс құралы, қазына, қор, төлем құралы.
2 - топ
Қазақстан – қарқындап дамып, біртіндеп байып келе жатқан тәуелсіз ел. Ал баю үшін ерінбей еңбектену қажет. Бір сәт өздеріңді кәсіпкер, яғни бизнесмен деп елестетіңдер. Өзің ұнатқан не жаңа бір істі ашып, айналыспақшысың. Саған не керек?
(Екі топқа 5 минут уақыт беріледі және алдарына берілген тапсырмасы арқылы плакат бетіне түсіріп қорғайды.)

«Бағалау» «Сэнгвич»
Кәдірбай Перизаттың орындауында ән «...............»
Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы – тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
VI - бөлім: «Теңге әдебиетте».
Бұл бөлім 2 кезеңнен тұрады. Ребус құрастырып, теңге туралы өлеңдер оқимыз.

Бөкенбай Аруханның «Абай ақпаратынан» Теңге туралы жыр
Сабақтан кейінгі көңіл күйлері. «Смайлик»
Ендігі кезекті «Теңге – тәуелсіз экономиканың темірқазығы» атты танымдық сабағымызды қорытындылау үшін сөз кезегін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карчалова Бақытжан апайға береміз.
- Біздің ұлттық валютамыз 1 күнде пайда болған жоқ. Оның өзіндік тарихы бар екеніне көз жеткіздік. Ол эволюция түрінде пайда болып, дамып келе жатыр. Валюта тарихы дербестікпен тығыз байланысты. Тәуелсіздік те бір күнде пайда болған құбылыс емес. Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльді аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды. Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек.
Қорытынды:
Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз, Қазақ деген елденбіз. (Оқушылар бірге хормен)
13 512
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Теңге Тәуелсіздік келбеті
Теңге Тәуелсіздік келбеті
Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8: 00 - ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
15 қараша – Ұлттық валюта күні
15 қараша – Ұлттық валюта күні
Тиыннан теңге құралады, - демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек. Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның арасында қандай айырмашылықтар бар? (Оқушылардан сұрап жауаптарын толықтыру)
Ұлттық теңге мәртебесі
Ұлттық теңге мәртебесі
1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық теңге күні болып есептелінеді. Ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау.
Теңге – тәуелсіздік символы (танымдық сабақ)
Теңге – тәуелсіздік символы (танымдық сабақ)
Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.
Ұлттық теңге туралы мәлімет
Ұлттық теңге туралы мәлімет
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру. Дамытушылық: Сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×