Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сымбатты мүсін қалыптастыру

11 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты
Сымбатты мүсін қалыптастыру
Сабақтың мақсаты:
1. Сымбатты мүсін қалыптастыру
2. Сымбаттың бұзылуы
3. Сымбат бұзылуынан сақтану туралы
4. Студенттерге эстетикалық тәрбие беру

Ұйымдастыру бөлімі:
1. Студенттердің сабаққа дайындығы
2. Студенттердің партада отыруы
3. Бесік туралы

Қолданылатын құрал жабдықтар:
1. Таблицалар:
а) көкірек қуысының формасы
б) арқа пішіні
в) аяқ формалары
г) табан формасы
2. Жаттығулар комплексі.

Қолданылатын әдіс:
- баяндау
- әңгімелесу
- жаттығулар көрсету
- көрнекілік

Сабақ жоспары:
Кіріспе
Колледжде дене тәрбиесі сабағына барлық студенттер қатынасады. Ал күнделікті күн тәртібі бойынша әрбір студенттер ұйқыдан тұрғаннан кейін, сергіту жаттығуларын жасауға тиіс. Бірақ, көпшілік жағдайда бұл тәртіпті сақтамаймыз. Сондықтан бүгінгі тақырыпта сіздердің бұл туралы білім деңгейлеріңіз толығады және көзқарасыңыз өзгереді деп есептейміз.
1. Дене мүсіні сымбатының сұлу болуы адамның өз денсаулығына қалай қарайтынын көрсетеді.
2. Сымбат бұзылуының алғы шарттары:
а) күн сәулесіне аз қыздырыну
б) дене салмағының артық болуы, яғни семіздік
в) тамақты жатып ішу
д) биік өкшелі, ыңғайсыз аяқ киім кию
е) ауыр зат көтеру, үнемі бір жаққа көтеру
3. Сымбат бұзылуынан сақтану үшін бірнеше жаттығулар ұсынылып, көрсетіледі.

Жаттығулар комплексін көрсету, жасау.
Сымбатты мүсін қалыптастыру жаттығулары.
Адамның дене мүсінінің көрікті, сымбатының сұлу болуы оның өз денсаулығына қалай қарайтындығын көрсетеді. Дүниеге келгеннен бастап қимыл ширақтығы мен қозғалыс мөлшерінің жеткілікті болуы оның қаңқасын және кеуде мен құрсақтағы ағзаларын тік қалыпта ұстап тұратын омыртқа жотасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Дұрыс қалыптасқан омыртқа жотасында «S»- әрпі тәрізді 4 - иін болады. Екі қапталдан, адамның қырынан қарағанда мойын омыртқалары ілгері, кеуде омыртқалары кейін, бел омыртқалары ілгері және сегізкөз тұсы кейін иілген болады. Жарға арқамен жабысып тұрғанда мойын және бел сыртынан алақан еркін өтуге тиісті. Ал омыртқа жотасына артынан арқа жағынан қарағанда ол тіп - тік және екі иық, яғни омыртқа жотасының екі жағында жауырын дәл қарама - қарсы биіктікте тең орналасуға тиісті. Омыртқа ілгері не кейін қисайса бүкір, еңкіш, шалқақ дене мүсіні қалыптасады немесе бір иық екіншісінен биік болып, жауырын қисық орналасады. Мұндай жағдайларға әкелетін себеп - шарттар: дене салмағының артық болуы, семіздік, күн сәулесіне аз қыздырыну, яғни «Д» дәруменінің аз болуынан сүйектің қисаюы (мешел - рахит ауруы), жалпақтабандылық, парта не орындықта отырғанда қисық немесе басты қисайтып отыру не жату, жиі ауыр зат көтеру, портфельді ылғи бір қолға ұстау, тамақты бір жаққа жатып ішу, ыңғайсыз әсіресе биік өкшелі аяқ киім кию т. с. с.
Қисайған омыртқа жотасы бұлшықеттердің бірінің көбірек дамып, екіншісінің қызметсіз қалып семуіне әсер етеді. Қисайған жақта қан айналысы азайып, жүйке талшықтары қысылып денсаулық бұзылады. Сымбаттылықты қалыптастыруда мойын және омыртқа жоталарына арналған жаттығуларды жеңілінен бастап аптасына үш рет орындау қажет.

Сымбат бұзылуынан сақтау.
Қазтабандық сырқаты жиі кездеседі. Таза топыраққа жалаңаяқ тұрғанда түскен табан суреті түйілген жұмырықтың сыртқы қырының топырақта қалдыратын ізі сияқты, табан ортасы жерге тимейтіндей күмбезді болуы керек. Егер табан ізі толық түссе, ол жалпақтабандылық белгісі. Табан күмбезі аз болса ұзақ жаяу жүргенде табан жарылып сыздап ауырады. Егер жалпақтабан адам жорықтағы сарбаз болса ол қатардан шығып қалуға мәжбүр болады. Сондықтан әскер қатарына шақырылатын жастағы жігіттер қазтабан болса оларды сарбаз бола алмайды. Қазтабан болмау үшін арнайы жаттығуларды орындап, көп қабатты үйде баспалдақта аяқ ұшымен жүріп, денені табан күшімен көтере жоғарылау қажет. Есінде сақтайтын 5 - ережені ұмытпа. Бүкір, шалқақ, қисық мүсінді анықтауды да үйренген және өзіңді - өзің жиі тексеріп отырған жөн.

1. Сымбаттылық туралы, мүсін сұлулығы туралы қандай мақал - мәтел, теңеу білесіңдер?
2. Сұлу қыздарды неге теңейді (аққуға)?
3. Сымбатты жігіттерді неге теңейді (ақ қайың, бәйтерек, қайыс)?
4. Өлең жолдарын білесің бе?
5.«Ел болам десең бесігіңді түзе» мақалын қалай түсінесіңдер?

Сөздікпен жұмыс
Сколиоз – омыртқаның қисаюы
Кифоз – омыртқаның қисаю
Лордоз – омыртқаның қисаю
Астения – ұзынтұра
Нормостения – қалыпты, орта бойлы
Гиперстения – қысқа бойлы

Қорытындылау.
Дене тәрбиесімен айналысу, түрлі жаттығулар жасау адам организміне ерекше әсер етеді. Дене тәрбиесімен дұрыс айналысу жаттығуларды тәлімгердің немесе дәрігердің тағайындауымен жасау ғана адамның дамуын дұрыс жолға қойып денсаулығын жақсартады. Ал тәлімгердің және дәрігердің бақылауынсыз, қалай болса солай орындалатын дене жаттығулары адам организміне зиянды әсер етеді.

Бағалау.
Үй тапсырмасы: Жаттығуларды орындап, күнделікті күн тәртібіне енгізу
17 392
0
  • 100
8 дауыс


Жаңалықтар
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2019 - 2020 оқу жылының 8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Мүсін өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)
Мүсін өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)
Оқушылар мүсін өнері жайында мағлұмат алады. Жемістердің мүсін жасап үйренеді. Оқушылардың сыни ойлауы, қиялы артады. Әр түрлі пішінді заттар мен бұйымдарды дұрыс бейнелеуге үйренеді.
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы І жарты жылдық
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп» ММ биология пәні мұғалімі Абдуллаева Маржан Алдонгаровна
Гимнастикалық орындықта орындалатын жаттығулар
Гимнастикалық орындықта орындалатын жаттығулар
Астана қаласы, №53 мектеп - лицей Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанзаков Жетписпай Рахимович
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру. Әр түрлі материалды ұқыпты пайдалана білуге үйрену арқылы эстетикалық тәрбие беру. Саз балшықтан немесе
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×