Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Иманы күшті ел мықты

03 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Иманы күшті ел мықты

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды салт - дәстүрді білуге, имандылыққа, бір - бірімен жақын қарым - қатынасқа, адалдыққа, тазалыққа, мейірімділікке, жат әдеттерден сақтануға, әдептілікке, инабаттылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты.
Әдісі: Баяндау, әңгіме, әдеби – монтаж.
Қоданылған әдебиеттер: «Құран», «Абайдың қара сөздері», «Сыныптағы тәрбие» журналы, №5, 2007.
Қатысушылар: Ауыл имамы, ата - аналар, оқушылар, ұстаздар.

Мұғалім оқушыларды бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбымен, мақсатымен және тәрбие сағатқа шақырылған қонақтармен таныстырады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ұрпағын тек деп өсірген ата - бабамыздың бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны мәлім. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ, кемшіліктің қандай екенін түсінуге болады. Кезінде жазу - сызуды білмеген, хат танымайтын халық небір шешен, ақын, жыршы, әнші, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен қазыларды тәрбиелеп өсірді. Бірақ, қазір ұры, алыпсатар, маскүнем, нашақор, алаяқтар көбейіп кетті. Сондықтан да болашақта иманды, әділ, адал, мейірімді, таза, шыншыл, өткір, биязы, көрікті, әсем, сұлу ұрпақты тәрбиелеуді қолға алайық. Осы себепті тәрбиенің үлкен бір бөлігі имандылыққа арналған «Иманы күшті ел мықты» атты тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

3. Имамның сөзі:
Біздің дініміз – Ислам. Дін негізінен адамды рухани, яғни әдеп, иба, ынсап, қанағат, мейірім, шапағат, жаңашылдық, бауырмашылық, адалдық, ізгілік тәрізді жан тазалығына тәрбиелеу мектебі сынды. Ол барлық уақытта адам баласын иманға тәрбиелеп келеді. Иман әрбір адамның жүрегінен орын алып, көкірегінде сақталады. Ал, иман дегеніміз, Аллаға, Алланың істеріне күмәнсіз сену дегенді білдіреді. Өзін мұсылман деп есептейтін әрбір адамның адамгершілік, әдептілік, имандылық қасиеті болуы абзал.

Мұғалім: Иман – арабша «сенім» деген ұғымды білдіреді. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі көпшіл адамды иманды дейміз. Иман әр тұлғаның жүрегінде. Ол тілмен айтылғанды жүрекке тоқу.
Көрініс:
Абайдың он жетінші қара сөзі.
«Қайрат. Ақыл. Жүрек.»
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің білесің ғой, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын, әуел, өзіңді білуге ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім; Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын күнәқарлықтан, көрсеқызар жеңілдіктен, шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?»- депті.
Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып, үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?»- депті.
Онан соң жүрек айтыпты:
- Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй - жайы қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкенге ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп, еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?- депті

Батыс Қазақстан облысы,
Бөкейордасы ауданы, М. Бегалиева атындағы
жалпы білім беретін орта мектебі
Байболова Сағадат Саржанқызы

Толық нұсқасын жүктеу
10 889
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Данышпан Абайдың тағылымдық тәлімі мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Имандылық – инабаттылық мұраты
Имандылық – инабаттылық мұраты
Салт - дәстүрді білуге, имандылыққа, бір - бірімен жақын қарым - қатынасқа, адалдыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу. Тәрбиелік шараға төрт сыныптан бес оқушыдан қатыстыруға болады.
Тәрбие бағыттары бойынша сыныптың жылдық жоспары
Тәрбие бағыттары бойынша сыныптың жылдық жоспары
Тәрбие бағыттары бойынша сыныптың жылдық жоспары.
Тәрбие отбасынан басталады
Тәрбие отбасынан басталады
Ұрпақ тәрбиесінде ата - бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүр, мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана отырып, оқушыларды үлкендерді сыйлауға, кішіге
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Семей қаласы, №2 кешкі мектеп ОВ 156/15 мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдуалиева Гүлсим Рахимовна
Имандылық жүрекке ұяласа
Имандылық жүрекке ұяласа
Ислам - адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×