Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады

06 маусым 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Кештің тақырыбы: «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады»
(Сахна ашылып, Экраннан бейне көрініс көрсетіледі.)
1 жүргізуші :
- Өмір өзі мінбесінен сөз берді,
Тебірентіп толғанатын кез келді.
Қан төгісті көрсек те кешегі,
Айтамыз біз естігенді сезгенді

2 жүргізуші :
- Соғыс берді аналарға жесірлік,
Дей алмаймыз «Санамыздан өшірдік»
Боздақтардың қаны судай төгілген
41- де көрмеді жұрт не сұмдық?

1 жүргізуші :- Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс- халық санасынан ұмтылған жоқ. « Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ондаған мың жерлестеріміз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін оққа тосты.
2 жүргізуші :- Ендеше, ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады» атты кешімізге қош келдіңіздер!

(Сахнадада күй ойналады. Халық, бейбіт өмір көрінісі жүреді)
Радио: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, 1941 жыл 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді.
Соғыс басталды.
(Халық бір- біріне үрейлене қарады. « Слава Отечественной Войне» әні жаймен ойналады.)
Халық арасынан - Соғыс! Соғыс! Соғыс! (деген дауыстар шығады. Ер адамдардың барлығы соғысқа аттану кезеңін көрсетеді.Жылау, сықтау)
Қария :
- Балаларым, қырандарым!
Ел шетіне жау тигенде, бабаң бүгіп қалмаған,
Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас»- деген.
Отан үшін аттан, атттан, аттан!

(Осы кезде « Қасиетті соғыс»әні ойналады. Сахна сыртында жүргізушілер)
1 жүргізуші : «Соғыс» деген суық хабар. Қазақстанның барлық жеріне 1941жылдың 22-ші маусымында келіп жетті. Осы соғыстың қарсаңында Қазақстанның халқы 6 миллионнан астам еді.

2 жүргізуші : - Ел басына түскен сын сағатта өз Отандарын абыроймен қорғауға, Қызылордалық 150 мыңға таяу жауынгер, Қазалылық 10754 жауынгер майданға аттанды. Майданға халық материалдық және рухани көмек берді. Жауынгерлерді, халықты рухтандырған Р. Бағланова, Ж.Жабаев, К. Байсейітовалар майдан шептерінде болды. Соғыс жылдарында жерлестеріміз Б. Қосаев, Т. Сегізов, Б.Мәменов, Қ. Пірімовтер жеңіс үшін тылда ерен еңбек етті. Ы. Жақаев, .Қ. Пірімов жіберген қару - жарақтар жауға жай отындай тиді
(Сахнада көрініс елдің тыл жұмысын жұмыла жасау кезеңі көрсетіледі. Әйел, бала- шаға, қариялар)
(Радиодан жеңіске жеткен хабарлама қойылады)

Бала:
- Алақай! АлақаЙ! Алақай!
Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс!
Көкем келеді, алақай!
Экранда деректі бейне фильм көрсетіледі.
1 жүргізуші : - Сұрапыл сында ажалмен бетпе - бет айқасып, теңдесі жоқ ерлік танытқан 518 Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Ал Сыр өңірінің 21 азаматына Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, соның 5-і Қазалылықтардың үлесіне тиді.
2 жүргізуші :- Қазалы ауданынан 10754 жауынгер соғысқа қатысып, жеңіспен оралды. Олардың өшпес ерлігі мен даңқы ұрпақ үшін әрдайым үлгі - өнеге, өшпес тарихи ерлік.

1 жүргізуші : - Енді бір мезет экранға назар аударайық
(Бір минут үнсіздік. Сахнада Қария)
Қария:- Айналайын халқым! Ұрпақтарым.
Біздің еренді еңбегімізді елеп, ескеріп, мәртебемізді көтеріп, қошеметтеп, жыл сайынғы елде жасап жатқан жақсылықтары бізді қуантып, марқайтады.
Елбасымыз өз жолдауында халықтың жағдайын жасаумен бірге ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне зор көңіл бөлгеніне ризашылығымызды білдіреміз.
1 жүргізуші : - иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмтылған жоқ. Сол сұм соғысты көзімен көрген, көкірегімен түйіндеген ардагер ата, әжем еріміз ортамызда. ( Ардагерлерге сөз беріледі.)
2 жүргізуші: - Сахнада Жас ұрпақтар монтаж «Ардагерлер»
(Монтаждан кейін Жас ұрпақтар ардагерлерге галстук тағады.)
Жас ұландар: - Ардагерлерге мың тағзым!
Ән «Алия» орындайтын А.Қарлыбай.

1 жүргізуші : - Біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің әр жылдарын атап өтеміз.
Елбасы өз жолдауында: Бұл біздің тарихымыздағы маңызды ортақ дата. Әрбір соғысқа қатысушы мен соғыс мүгедегіне бюджеттен 65 мың теңге мөлшерінде бір жолғы жәрдем төленетін болады. Сол сияқты соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген, Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің ата- аналары мен жұбайлары, қаза болған соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген мүгедектердің жұбайлары, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері де қолдаусыз қалмайды.
1 жүргізуші : Мектебіміздің «Аққайнар» бишілер тобының « Катюша» биін қабыл алыңыздар.

2 жүргізуші :
- Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздерінде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ сіздерді көріп ұғар.
1 жүргізуші: «Жеңіс хабары жеткенде» атты 6 сынып оқушысы Н.Жұбатқанның жүрек жарды өлеңін қабыл алыңыздар
2 жүргізуші: - 1941-1945 жылдары азамат тарихында болмаған апат соғыста бір шаңырақтың астына ынтымақтасқан бірлік пен достықтың арасында ерекше ерлік көрсетілді.
1 жүргізуші: - Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Кешегі бойына ерлікпен, жігер тұнған жауынгер, бүгінгі ел құрметіне бөленген ардагерлер. Ардагерлер Жеңіс күнін жақындатты. Бүгінгі бейбіт өмір соның дәлелі емес пе?
- Қазақстан бүгін міне, достықтың туын тіккен жер!
- Мәуелі бақтай жемісін шашып көп ұлтты.

- Қазақстанның бүгінде еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым!
(ортада шаңырақ көтеріліп, ұлттар шығады)
Ән « Ұлы елім» орындалады.
2 жүргізуші: - Елімнің еңсесін биіктетер, бабалар тіккен жеңіс туын қалықтатар бүгінгі ұрпақ өткен тарихымыз бен соғысы өртінде құрбан болған аталарымызға бас иіп, тағзым етеді.
1 жүргізуші: - иә, Қазақстан елі соғыс жылдарында қайсарлық танытып, ерлік көрсеткен қаһарман ел ретінде алтын әріппен жазылып қалғаны белгілі.

2 жүргізуші:
- Елге қауып төнбесін,
Есен-аман болайық.
1 жүргізуші:
- Бейбіт болсын еліміз,
Арайлансын күніміз.
2 жүргізуші:
- Ардагер ата - әжелріміз.
Ұзақ ғұмыр сүрсін.
1 жүргізуші:- Мереке баршамызға, құтты болсын!
2 жүргізуші:- Келесі кездескенше, сау - саламатта болыңыздар!
8 420
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы жеңіс ардагерімен кездесу
Ұлы жеңіс ардагерімен кездесу
Ел өмірінде, жеке адам тағдырында терең із қалдырған, жүрекке салған жарасы әлі де жазыла қоймаған жағдай – Ұлы Отан соғысы.
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Атырау қаласы, №9Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Байсейтова Қарлығаш Жолдасқызы
«Менің елім» атты әскери - патриоттық әндер байқауының сценарийі
«Менің елім» атты әскери - патриоттық әндер байқауының сценарийі
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы №19 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Қапизова Райхан Ғазизқызы
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Жеңіс күні де ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді осы келіп жеткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады
1941 - 1945 жылдар аралығындағы соғысқа 35 млн. Адам, соның ішінде 1. 5 млн. Қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 - 50 жас аралығындағы ересектердің 80 пайызын құрады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×