Әдептілік ережелер

Әдептілік ережелер

1. Иманды болу. Құдіретті өмір заңдылықтарын жанжүрекпен сыйлап, сол тәлімнаманың қағидаларын бұлжытпай орындаудың көркем көрінісі. Тек жақсылық жасау, жақсылық ойлау, адам баласын, айналаны, табиғатты сыйлай білу. Ашуланбау, өсек айтпау, артық сөз сөйлемеу, тек пайдалы сөзді айту. Жан тазалығы мен тән тазалығын сақтай білу. Тіршілікте тынымсыз пайдалы еңбек ету. Адам баласына, табиғатқа тек пайда келтіру. Иманды болу-ұлттық мәдениеттің, яғни әдептіліктің мәдени көрінісі. Иманды болу – адамгершілік парыз.

2. Әдепті болу. Әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады . «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп , Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екенін ашық айтады. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп- ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы.

3. Ізетті болу. Адамзат баласымен тек сыйласымдылық әдеппен қатынас жасай білу. Үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру. Көпшілікті, бауырластарды, руды, елді, ұлтты, жалпы адам баласын қадірлей білу. «Адам да –құдірет де, Әманда құрметте» қағидасын ұстау. Әрқашанда әдептілік іс-әрекетпен, әдеп сақтаумен көпшіліктің көңілінен шығу. Ізеттілік- мәдени әрекеттің көркем көрінісі.

4. Қайырымды болу. Адам баласына, табиғатқа қамқорлықпен жақсылық жасау.Кемтарларға, кембағылдарға, жетім-жесірлерге, тұрмыстан қысылғандарға қайырым жасау. Халық қажетіне демеуші болу. Адамзатқа, табиғатқа қайырымдылық шараларын ұйымдастара білу. Қайырымдылық- әдептілік негізі. Қазақ халқы-қайырымды халық.. Біз – қайырымды халықтың ұрпағымыз. Қайырымды болу ұлттық парыз.

5. Мейірімді болу. Адам баласына, табиғатқа мейір-шапағат көрсету. Адам баласының жақсылық жақтарын көріп, бағалай білу. Ата-ананың балаға деген мейірім-шапағаты. Жақсы адамдардың жанашырлық іс-әрекеттері. Жанжүрегімен беріле жақсы көрудің көркем көріністері. Ата-ананың немереге деген мейірімділігі, оларды ерекше жақсы көруі. Ата-ананың мейірім-шапағаты әдептің шыңы, жүрек сезімінің шындығы.
6. Салауатты болу. Сабырлы, салтанатты тұлғаның өмір қиындықтарын жеңе біліп, саналы әрекет жасауының көрінісі. Артық сөзден, арақ ішуден, темекі тартудан, құмар ойындарынан аулақ болу әрекетінің көркем көріністері. Жан тазалығы мен тән тазалығын сақтай білудің нәтижелік белгісі. Әлеуметтік ортада әдеп сақтап, үлгі-өнеге көрсету арқылы байқалған, әдепті тұлғаның абыройлы бейнесінің көрінісі.

7. Білікті болу. Ғылыми, мәдени, әдеби құндылықтарды жан-жақты жақсы біліп, оны әдеппен іс-әрекетке пайдалана білу қабілеті. Білгенін басқаларға үйрете білудің көрінісі. Көп оқып, көп үйренудің тұлғалық нәтижесі. Инновациялық тәсілдер мен жаңаша технологияны жақсы игеріп, оны жан-жақты пайдаланудың кәсіби-танымдық көріністері.

8. Қамқоршы болу. Адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық жасап, оларды қорғап, көмек көрсетудің әдепті көрінісі. Ата-ананың балаға, адамдардың бір-біріне, табиғатқа қамқорлығы әдеппен қалыптасып, адамгершіліктің биігінен көрінеді. Әрбір әдепті адам қамқорлық сезімін қалыптастыра білуге міндетті.
9. Сабырлы болу. Әрқашанда шыдамдылықты, байсалдылықты, төзімділікті, ақылдылықты сақтай білу үлгісі. «Сабыр түбі- сары алтын» деп, қазақ халқы ұрпағын сабырлы болуға тәрбиелейді. «Асығыс түбі- өкікш, Ойланып алмақ- сабыр сол» дейді Абай дана. Сабырлы болу-әдептіліктің көркем көрінісі.
10. Жауапты болу. Әдептіліктің аса зор қажетті түрі. Әрбір адамның өзіне, өз әрекетіне, борышына, міндетіне, парызына жауапкершілікпен қарауы-адамдықтың, әдептіліктің белгісі. Отбасына, тәрбиеге, еңбекке, білімге, кәсіпке, өмірге, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау- адамзаттық парыз. Отбасылық, ұжымдық, қоғамдық, мемлекеттік жауапкершілік сияқты әрбір адамда құқықтық жауапкершілік бар. Жауапкершілігі жоқ адамның адамгершілігі де жоқ.

11. Ұлтжанды болу. Жеке тұлғаның ең әуелі өз ана тілін, ұлтын сүюін, бүкіл адамзатты қадірлей білетінін көрсететін әдеп. Ұлтжандылық әдебі ұлттық намыс, перзенттік парыз арқылы қалыптасады. Ұлтжанды тұлға өз ұлтының әдептілік құндылықтарын жоғары бағалап, оларды өмірге пайдаланады. «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» . Ұлтжанды болу- отансүйгіштіктің үлгілі белгісі.

12. Ұжымшыл болу. Ұжымды ардақтап, оның мақсаттар мен дәстүрлерін бұлжытпай орындаудың әдептік көрінісі. Отанға ұйымдасып қызмет етудің көрінісі ұжымнан басталады. Ұжымдық жауапкершілік, дәлдік, қамқорлық, салтанаттық, өнерпаздық, зерттегіштік, білімдарлық дәстүрлерін іске асыруда ұжым мүшесі өз міндетін әдепті орындауға тиіс. Ұжымшыл болу – көпшілікті, халықты, әулетті, жалпы адам баласын сыйлай білудің өнегелі үлгісі.
13. Іскер болу. Жеке тұлғаның іс- әрекеті шеберлігі мен әдептілігінің белгісі. Іскерлік кәсіптік білім мен іске құмарлық, қарымды қабілет, дархан дарын арқылы дамып, қалыптасады. Іскер болу біліктілікпен де тығыз байланысты. Мәдениеттілік әрекет арқылы іскерлік пен шеберлік айқын танылады.
14. Намысты болу. Ұлттық тұлғаның өз ұлтының құндылықтарын, ұлттық ерекшеліктерін жоғары бағалап, оны дамуға , қорғауға жанқиярлықпен беріліп, қызмет етудің әдептілік көрінісі. Ұлттық намыс көркем- өнерде, спортта, Отан қорғауда ерекше орын алып, жеңіске жетуге қозғаушы күш болады. Мейірімді, қайырымды, шебер, шешен, иманды, ер жүрек халықтың намысын қорғай білу – зор мақтаныш.

15. Перзенттік парызды өтеу. Әрбір ұлттық тұлғаның Отан алдындағы, ата-ана алдындағы қасиетті міндеттері-перзенттік парыз деп аталады. Отанға қызмет ету, Отанды қорғау, ата-ананы сыйлау, оларға қызмет ету білім алудан басталады. Перзенттік парызды өтеу әрекеті ұлттық әдеппен тікелей байланысты. Ата-ана алдында әдепті болу-перзенттік парызды өтеудің алғышарты болып табылады.
16. Шыншыл болу. Әділеттілікті сақтай біліп, шындықты қорғау. Әдептіліктің айшықты айғағы-шыншылдық. «Өтірік өрге бастырмайды», «Міншіл болма, шыншыл бол» деп, халық ұрпағын шыншылдыққа тәрбиелеген. Дала даналары шындық үшін жан қиған. Өмірде, өнерде, әдебиетте шындықты танып, оны айта білу керек. Шындық айтылмаса, мәдениет бұзылады. Шыншыл, әділетті болу – адамзаттық парыз.

17. Өнерпаз болу. Өнерге құмарланып, оны үйрене білу. «Өнерпаз болсаң, арқалан» дейді Абай дана. «Өнерлі жігіт өрге озар» деп, халық ұрпағын өнерпаздыққа тәрбиелеген. әрбір ұлттық тұлғаның өз өнерпаздық нышандары, белгілері, дарындық қасиеттері болады. Өнерді дамыта білу өнерпаздың ар –намысына, талабына, дарынына, еңбекқорлығына байланысты. Өнерпаз болу-әдептің (мәдениеттің) беделді белгісі.

18. Ұқыпты болу. Жеке тұлғаның өз ісін ықтияттап,ұқыптылықпен уақытысында орындай білу, өз заттарына, қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарап, жинақы, тиянақты болу. «Олақтан салақ жаман» деп халық ұрпағын ұқыптылыққа үйреткен. Жауапкершілік пен ұқыптылық- ұлтық әдептің (мәдениеттің) құнды белгілері болып табылады. Ұқыпсыз адам көп нәрседен опық жейді.
19. Арлы болу, ұят сақтау. «Жаным-арымның садағасы» деп, қазақ халқы арын жанынан да артық көреді. Ар мен намыс бірлікте болып адамды мақсатқа жетуге жетелейді. Арды үміт пен сенім, еңбек мақсатына жеткізеді. Арлы адам
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары
  • Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

    Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Бүгінгі таңда егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты ...
  • Компьютерлік техниканың даму үрдісі

    Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі Мақсаты: Білімділік: Компьютерлік техниканың даму туралы мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер арқылы ақпарат ...
  • Кескіндеме жасау техникалары

    Қарағанды облысы, Шет ауданы, С. Сейфуллин кенті, Жарық орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу, технология пәндерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай Сейтжанұлы
  • Блум таксономиясы

    Қызылорда қаласы, №211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Болатбаева Мирамкүл
  • Лексика тарауын қайталау

    Қызылорда қаласы, №211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Болатбаева Мирамкүл
  • Кескіндермен жұмыс істеу

    Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға PageMaker баспа жүйесінде кескіндермен жұмыс істеу тәсілдерін, кескіндер тобын ерекшелеу, кескіндерді топқа біріктіру, оларды көшіру және жылжыту тәсілдерін ...
  • Формулалар редакторы

    Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың Microsoft Word құжаттарымен жұмыс жасау, оларды көшіру, сақтау, ашу және жабу, сызғышты пайдалану дағдыларын бекіту, формулалар редакторының атқаратын ...
  • "Шыныққан шымырлар"спорттық ойын

    Тассай аулы, Көкпекті ауданы, ШҚО «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ Смагулов Нығметжан Жагпарович
Әкімшілікпен хабарласу
Эл.почта: kum2017@yandex.ru

Жеке хабарлама жіберу

Жарнама беру
Өз пікіріңді білдір
Қандай бәйге ұйымдастырғанын қалайсыз?
Үздік ашық сабақ
Үздік презентация
Үздік тәрбие сағаты
Үздік видеосабақ
Үздік ғылыми жұмыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 220
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 217
Роботтар: 2
Сәуле Айеке Жанар Биембаева
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика