Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнер алды – қызыл тіл

31 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Өнер алды – қызыл тіл»
Мақсаты: оқушыларға еліміздің мемлекеттік тілі екендігін ұғындыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөз өнеріне баулу.
Тәрбиелілігі: оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл – біздің тіршілігіміз, бабалардан қалған асыл мұра екенін түсіндіру, тіл мәдениетін сақтай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілік: «Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікке жатқанымда - ақ берген білім»
С. Торайғыров
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті...
Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
А. Жұбанов
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді
Ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б. Момышұлы

Сайыстың жүрісі:
І бөлім: «Тіл деп соққан жүрегі»
ІІ бөлім: «Дана ойдан шыққан сөз»
ІІІ бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
ІV бөлім: «Өнер алды – қызыл тіл»
V бөлім: «Зерделі болса, ұл - қызым»
VІ бөлім: «Танымдық ойындар»

Мұғалім:- Ана тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталады. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Ел - жұрттың, туған жеріміздің ерекшелігін, қасиетін ана тіліміз арқылы қабылдап, соған деген махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдің бірі.
Сондықтан да бүгінгі сайысымызға «Ұлағат» және «Зерек» тобы келіп отыр. Олай болса,
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар, - дей келе сайысымыздың

І бөлімі: «Тіл деп соққан жүрегі» деп аталады.
1) Әр топтың ұрандары.
2) Тіл туралы көркем сөз оқу.

Мұғалім:- Сөз «Ұлағат» тобына беріледі.
«Ұлағат» тобы: - Салт - дәстүрімізді, тілімізді қастерлеп, сақтаймыз.
«Ардақтым» өлеңі жатқа мәнерлеп оқиды.
«Зерек» тобы: - Ата - бабамыздың өнерін, тілін, салт - дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз.
«Ана тілім» өлеңін жатқа айтады.

Мұғалім:- Баяғы өткен заманда бір патша тілдер патшалығына саяхатқа шығыпты. Ол келе жатқанда алдына тілдей қағаз түседі. Ашып оқыса: «Дүниеде не тәтті,
Не ащы?»- деген жазу болып, патша түсінбейді. Ол данышпан қартқа хат жазған екен. Данышпан былай деп жазыпты:
- О, хан ием!
Дұрыс сөйлей білу де өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады.
Сондықтан да тіл тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, тілдің жарасы жазылмас, сондықтан да тіл ащы.
Енді патша сендерден мына мақал - мәтелдерді аяқтауға көмектесулеріңді сұрайды.

«Ұлағат» тобына:
1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса,... (кішіден сұра)
2. Жіптің ұзыны, сөздің... жақсы. (қысқасы)
3. Піл күшті,
Піл күшті емес,... күшті. (тіл)

«Зерек» тобына:
1. Отыз тістен шыққан...,
Отыз рулы елге тарайды. (сөз)
2. Жүйелі... – жүйесін табар,
Жүйесіз... – иесін табар. (сөз)
3. Адам көңілінен азады,
... жазады. (тілінен)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 418
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілің - арың бұл.тәрбие сағаты
Ана тілің - арың бұл.тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты: Ана тілдің қадір қасиетін оқушыларға ұғындыру. Тілге деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру. Өз Отанын туған жерін, туған тілін құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Сөз мерген
Сөз мерген
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Үш тұғырлы тіл
Үш тұғырлы тіл
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы Шарбекова Саулет Қабиболлақызы
Үштілділік - заман талабы
Үштілділік - заман талабы
Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Ақтоғай станциясы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Кітапхана меңгерушісі: Садыкова Гүлбаршын Әбділқызы
Қазақ осы «Өнер - алды тіл» дейтін
Қазақ осы «Өнер - алды тіл» дейтін
Хайруллина Л Ж. Қыдыров атындағы №54 орта мектеп. Қызылорда облысы, Жанакорган ауданы
Ең бірінші бақытым – тілім менің
Ең бірінші бақытым – тілім менің
Ең бірінші бақытым – тілім менің» тақырыбында өткізілетін танымдық сағатымызға қош келдіңіздер! Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×