Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өткенін білмеу – болашаққа қиянат

02 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Өткенін білмеу – болашаққа қиянат.»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Ұлы жеңіс жайлы, сұрапыл соғыс жылдарындағы ата - апаларымыздың ерен ерліктері туралы, бүгінгі бейбітшіліктің оңайлықпен келмегендігі жайлы білім беру.
2. Оқушылардың үлкенге құрмет, кішіге ізет дағдыларын ояту. Олардың тарихтан алған білімдерін шыңдау, дамыту.
3. Оқушыларды теориялық білімдерін өмірде пайдалана білуге, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, демонстрациялау, көрініс көрсету.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, гүлдер, шақыру билеттері, көрініске қатысатын оқушылардың киімдері, қабырға газеттері.
Сабақтың барысы:
1 - жүргізуші:Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Баршаңызды ерлік туын желбіретіп, бүкіл әлемге тыныштық сыйлаған Жеңіс күнімен және соғыстың аяқталғанына 65жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!
2 - жүргізуші:: Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектептің 6 «ә», 7 «ә» сыныптары дайындаған «Өткенін білмеу - болашаққа қиянат» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші:Қаншама жыл өткенмен сонау сұрапыл жылдардың оқиғалары, әкелеріміз бен аталарымыздың қасиетті Отанымызды шетелдік басқыншылардан қорғауда көрсеткен ерен ерліктері мен қайтпас қайсарлықтары халқымыздың жүрегінде мәңгі сақтаулы.
2 - жүргізуші: Жыл өткен сайын, күн өткен сайын сол бұрын - соңды болмаған алапат соғысты көзімен көріп, белуардан қан кешкен ержүрек жауынгерлер де азайып барады, қалай болғанда да Жеңіс күнін жақындатқандардың солар екендерінде дау жоқ.

Баяндама: «Сол бір жылдарда»
1 - жүргізуші:Тарих жылнамасында екінші дүниежүзілік соғыс деген атпен қалған Ұлы Отан соғысы бейбітшілік сүйгіш күштердің Жеңісімен аяқталғанына биыл 69 жыл толады. Миллиондаған жазықсыз жандардың жанын қиып кеткен сол сұрапылды барша Қазақстандықтар жауға қарсы “Ел үшін, жер үшін!”деген ұранмен қасық қандары қалғанша арпалысты. Небір боздақтар хабар - ошарсыз кетті.

2 - жүргізуші: Жыл өткен сайын, күн өткен сайын сол бұрын - соңды болмаған алапат соғысты көзімен көріп, белуардан қан кешкен ержүрек жауынгерлер де азайып барады, қалай болғанда да Жеңіс күнін жақындатқандардың солар екендерінде дау жоқ. Шейіт болған ата - ағаларымызды еске алып, бір минут үнсіздік жариялаймыз.

1 - жүргізуші:1941 - 1945жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты, азаматтықты қорғап ерекше ерлік көрсетті. Солардың бірі біздің қонағымыз Шафигуллин Темірхан ата. Сол кездегі есіңізде қалған оқиғалардан біраз әңгіме айтып берсеңіз. (ардагерге сөз беріледі)
2 - жүргізуші: Қатал соғыс жағдайында жұмысшы табының, колхозшы шаруалардың ерен еңбегі де шексіз. Солардың бірі қадірлі қонағымыз Қайнұр апа мен Камила апамызға сөз береміз. Сонау соғыс жылдарындағы, тыл еңбеккерлерінің өмірінен біраз әңгіме айтып берсеңіз. (ардагерлерге сөз беріледі)
1 - жүргізуші:Ауылымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосып, өзінің бастамасымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап, ескерткіш орнатып жатқан, соғыс ардагерінің тұяғы, Коксу шаруа қожалығының төреағасы Оразбеков Әшімхан Ізтайұлына сөз кезегін береміз.
1 - жүргізуші:Әңгімелеріңізге көп - көп рахмет.
Елім деп соққан жүрегі,
Іске ассын көптің тілегі,
Достық пен бейбітшіліктің,
Қазақтың елі тірегі,- дей келе назарларыңызға оқушылардың концерттік бағдарламасын ұсынамыз.

Хор: «Майданға»
Қара түнек серпілді, серпілді,
Ұйқысынан ел тұрды, ел тұрды.
Атқа мін, қазақ атқа мін,
Майданға, майданға.
Шық күреске жолдастар, жолдастар,
Жарқырасын алмастар, алмастар.
Желбіреп қызыл туы тұр,
Майданда, майданда.
Әдеби монтаж:
1. Сонау жылы Жер көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз,
Жаудан елді қорғаған.
2. Қош айтып, оқу - ойынға,
Әжесін тастап қария.
Қол бұлғап туған ауылға,
Майданға кетті Әлия.
3. Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,
Зар жылатты, тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздерінің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол қырғын дауылды.
4. Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы,
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз қайғы жұтқан ауылды.

5. Болдырмай соғыс сұмдықты,
Қорғайық достар шындықты
Болмасын мәңгі қан төгіс,
Ұраның болсын, ел мықты.

6. Отан үшін отқа төсеп,
Өр кудесін жап - жас ғұмыр.
Қан майданды қылған төсек,
Майдангерлер бір - бір тұғыр.

2 - жүргізуші: Ұлы отан соғысы төрт жылға дерлік созылды. Өткен соғыс әрбір адамның жүрегінде өшпес із қалдырды, миллиондаған адам өмірін сұмдық қанды қырғынға ұшыратып, жер бетін жайлап өткен екінші Дүние жүзілік соғыс дауылының сол бір алапат кезеңін бүкіл адамзат, міне, 65 жыл бойына үнемі еске алумен келеді.

1. Көрініс: «Соғысқа аттандыру»
(Жамбыл Жабаевтың ұлын соғысқа шығарып салуынан көрініс)

Атандыру
Жамбыл Жабаев
Атаңнан бата ал, балам,
Арғымақ атқа мін, балам!
Ақ сақалым желбіреп,
Арыдан қарап мен қалам.
Құлағына, құйылып,
Даусым жүрсін жырланған.
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған.

Перзентімнің алды едің,
Көңілімді қимаған.
Аттандырдым майданға,
Аман - есен жүр, балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа, бір қадам!
Ел қадірін біл, балам,
Сынға түскен бұл заман,
Саған айтқан сөзімнен,
Сабақ алсын тыңдаған.
Айтылған сөз, деп ұқсын -
Аңғарлы жан “бұл заман.”
Хош, хош балам, хош балам!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 586
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Желбіре, Жеңіс туы!
Желбіре, Жеңіс туы!
Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға - апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге - қызмет етуге, адамгершілікке, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Ұлы жеңіс - жасасын!
Ұлы жеңіс - жасасын!
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»
Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ!
Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ!
Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін - өзі басқаруға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу.
Жеңіске жеткен ұлы күн
Жеңіске жеткен ұлы күн
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Накеева Ақмарал
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×