Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нағыз қазақ - домбыра

07 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: НАҒЫЗ ҚАЗАҚ - ДОМБЫРА!
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу. Өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта - ықыласын арттыру.
Көрнекілігі: Сахнаның ортасында символдық «аққу - домбыра»;
Домбыра және қазақ өнері туралы өнер зерттеушілерінің нақыл сөздері; «Домбыра - дастан» атты тарихи - этнографиялық мәліметтер топтастырылған стенд.

Жоспары:
1 - бөлім «Домбыра туралы аңыз» сахналық көрініс.
2 - бөлім «Домбыра - дастан» домбыраның сыр - сипаты туралы.
3 - бөлім «Әнім де сен, жырым да сен - домбыра»

Өтілу барысы:
Жүргізуші
Ертеде бай кедейді,
Адам екен демейді.
Күйші бопты бір кедей,
Сол кезде аққу көмейлі.
Тебіренсе күй тартып,
Тыңдапты жұрт тамсанып.
Халқы қатты тамсанды,
Ханнан бетер қарсы алып.
Байлар оны жек көріп,
Жүреді екен кектеніп.
Қорыққаннан сыйлапты,
Қымыз беріп, ет беріп.
Қолға бір күн түсірді,
Ол да өнерін түсінді.
Өлмесін деп күйлерін,
Аққу қылып ұшырды. (10 - сынып қыздарының орындауындағы «Аққу» биімен сахна ашылады.)

1 - жүргізуші: Домбыра мұнша шешен болдың неге,
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.
Аққудың әуеніндей үнің бар - ау,
Сарыарқа самалындай ескен баяу.
Бөбектей бесігінде маужыраған
Тыңдаймын мен отырып ұйқылы - ояу.

2 - жүргізуші: Домбырада асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптардың бірі - домбыра. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы - қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра – жазу - сызу мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап. Домбыра - ішекті аспаптардың ең көне түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп. Солардың бірін тамашалаңыздар. («Домбыра туралы аңыз» сахналық көрініс)

1 - жүргізуші: Домбырам жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.

2 - жүргізуші: Домбыра түсінгенге мұң айтады,
Жаныңа жайлы тиер сыр айтады.
Жүректе қайғы менен наза болса,
Данадай демеу болған тыңайтады.

1 - жүргізуші: Домбыра шешен болса саңқылдайды,
Көсіліп бәйге атындай аңқылдайды.
Кездессең бабы тайған қу ағашқа,
Көңілің су сепкендей жартылайды,- деп ақын ағамыз жырлағандай домбыраның да үлкен бір дастанға өзек боларлық сыр - сипаты бар. Олай болса, келесі кезекті «Домбыра - дастан» айдарымен ізденіп келген оқушыларға берейік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
31 291
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Нағыз қазақ – домбыра
Нағыз қазақ – домбыра
Домбыра біздің ұлттық аспабымыз екенін, оны әрбір қазақ баласы және қазақ шаңырағында қастерлеп, төрге іліп ұрпаққа жалғастырушы ретінде сақтап келген өнер киесі екенін білдіру.
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихымен таныстыра отырып, домбыраның ән - күй өнеріндегі алатын орнын түсіндіру. Оқушылардың ән - күй тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдап ойлау қабілеттерін дамыту. Өнер иелерін
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Сабақтың мақсаты: Балаларды домбыраға қызықтыру. 1. Білімділік: Домбыра аспабының қазақ халқында алатын орны
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш. Берсиев атындағы орта мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Оразғали Жайнагүл Өтемісқызы
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Қазақтың ұлттық аспаптары
Қазақтың ұлттық аспаптары
Еңбекке баулу 3 класс Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық аспаптарын жасау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×