Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық

08 мам 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты:
Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Мұғалім: Достық деген өмірде ең керегі,
Достық болып дүние дөңгеледі.
Өзендегі толқындар дос боп ақты,
Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.
Адам үшін ата - анадан кейінгі ең жақын – абзал дос.«Доссыз өмір – тұл», «Доссыз өмір – тұссыз ас»- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Сондықтан да бүгін достық жайлы әңгімелеспек үшін тәрбие сағатымыздың тақырыбын «Достық – қымбат өмірде» деп алдық.
Альбина: Достық - адамдардың бір - бірін жаны қалап, шын жақсы көріп, қалтқысыз сеніп тілектес, мұраттас болуы. Адам өмірге сәби болып келеді. Ол алғаш ақ сүтін берген анасы мен әкесін таниды. Адам өсе келе өзіне дос табады. Дос сенімді серік. Достар - бірін - бірі түсінуі тиіс.
Есбол: Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі Рим қайраткері Марк Туллий Цицерон Достық - өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңші. Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді. Ол барлық жерде бар. Ол ешқашан мезі қылмайды. Ешқашанда орынсыз килігетін жері болмайды. Ол сәттілікке жаңа сәулет береді. Ол ортақтасқан сәтсіздіктерде көп мөлшерде өзінің уақытын жоғалтады дейді.
Жандос: Ежелгі грек философы, ғалым Аристотель - Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда игілікке түгел ие бола тұрса да дос - жарансыз өмірді қаламақ емес.
Гүлмайса: Парсы жазушысы Қабус былай деген екен - Ей, перзентім! Мынаны білгейсің - Адам тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан Дос пен ағайынның қайсысы жақсы – деп сұрапты. Данышпан дос жақсы депті. Сол үшін дос тарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем – сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады. Халықта Алтын берген - дос емес, ақыл берген дос деген мақал бар.
Перизат: Адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтанда адам жүрген жерінде, елде, сапарда, бөтен жерде болсын ұғынысып, түсінісетін, жарасып жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл - өте қажет табиғи тілек.

Хор: Қайдасыңдар, достарым
Балжан: Итальян жазушысы, драматург, ақын Александр Мандзони Достық - өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы деген екен.
Қуандық: Қай кезде де, қай жаста да адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек.
Аймира: Американ саяси қайраткері, физик Бенджамин Франклин – Досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп аялауды, бағып -*қағуды қажет етеді. Ал ұлы Абай атамыз - Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас деген екен.
Дәулет: Достық – әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір - біріне пейілі ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой - ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адам ғана дос бола алады.
«Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін»деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы «Достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады»дегенге меңзейді.
Нұрдәулет: Әбунасыр әл - Фараби айтқан
«Өрге жүзген өнегелі ісімен
Адал дос тап тең құрбыңның ішінен»деген
Нақылды білмеген - үлкен қателік.
Мөлдір: Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»дейді халық даналығында. Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны белгілі. Тегі кез - келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей болмаса керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны - шындық.
Ақжүніс: Халықта Досыңнан тап!»деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл - достың бәрінің бірдей еместігі, адамға ең ауыры - досыңның арамдығы, екіжүзді опасыздығы екені еске салатын сөз. Шынында да ішек - қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасына айналуынан, қарсыласың жаққа ШЫҒЫП КЕТУІНЕН ҚАУІПТІ, ҚАТЕРЛІ, ӨКІНІШТІ НЕ БАР?! БҰДАН ДОС - ДҰШПАНЫҢДЫ АЙЫРА БІЛУДІҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ ЕКЕНІ КӨРІНЕДІ. Әйтпесе опық жеп, бармақ тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой – Сыр сақтау - тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға «Досым ғой» деп сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.
Бекзат: Дос ақылшы, көмекші, сырлас, жақын, адал, шыншыл деген ұғымды білдіреді. Өмір адамға бір - ақ рет беріледі, сондықтан да дос өмірдегі қиыншылық пен қызық кезеңдерді бөлісу үшін қажет. Достықтың екі түрі болады: адал дос, амал дос.
Сара: Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады. Достасудан бірлік, бірліктен тірлік, тірліктен жеңіс, жеміс, қуаныш бақыт туады.
Сұлыухан: Дос болу – киелі ұғым. Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдірет те кірлете алмайды.
Бекслан: Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:
- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірлік нұсқа болады, – деп жауап береді екен.
Хор: Армандастар
Сұлыухан: Өтеді өмір дөңгелеп
Жөні бөлек, жөн бөлек
Менің де жаным шөлдейді
Досы жоқ көңіл бір бөлек
Десе де тірлік базарлы
Достың жөні бір бөлек
Қас - қағым мынау жалғанда
Сағынатын дос керек.
Мөлдір: Талдыра мініп көңілдің олқы бос шағын,
Қатемді түзеп жол тапсам дұрыс қостадың
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын
Жүрдіңдер сендер қолтықтан демеп достарым
Жандос: Сағыныш толы кеудені кернеп жыр көшкін
Достықтың келдім сазына әнмен үн қосқым
Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен
Биіктен сайлап орынын адал шын достың
Есбол: Жүрсек те қанша баянсыз достан түңіл деп,
Қаншама арзан мінезге куә ғұмыр жер
Асылдар аз ба жанында қияр дос үшін
Соларға тағдыр өкінбей өтер ғұмыр бер.
Аймира: Не жетеді нағыз досқа, асылға
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда
Қиналады сен қиналсаң қасында
Ұйықтамасаң ұйықтамайды ол дағы
Уильям Шекспир
Бекслан: Жақсымен дос болсаң
Алдыңнан шығар елпектеп
Жаманмен дос болсаң
Сыртыңнан жүрер өсектеп
Махамбет Өтемісұлы
Дәулет: Көңіліңе қарай дос таңда
Күшіңе қарай жүк таңда
Жүсіп Баласұғын
Альбина: Досым саған сенемін, сеніп өтем
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен
Достық деген адамның көрігі екен
Достық деген ақылдың серігі екен
Мұқағали Мақатаев
Көрініс: Мұхтар Шаханов: Достық өлкесінің заңы
Ақжүніс: Достық деген ізгіліктің алаңы
Оған куә ғасырлар мен замандар
Отанында сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар
Мұхтар Шаханов
- Ендігі кезекті ситуациялық сұрақтарға берейік
А) Досыңның көп өтірік сөйлеп, бір затты жымқырып кету әдеті бар екенін байқап жүрдің. Бірақ оны айта алмай жүрген болатынсың. Бір күні екеуіңе ортақ басқа ешкім білмейтін затың жоғалып кетті. Не істер едің?
Ә) Сенің досыңның мінезі өте шәлкес. Үлкенмен де, кішімен де болмайтын нәрсеге ілінісіп қала береді. Өзінен кішкентайларға көп әлімжеттік жасайды. Сенің іс - әрекетің?
Көрініс: Екі дос
Хор: Дос туралы жыр
Мұғалім:
Тақтаға қағылған шеге.
«Мінезі нашарлау, бұзақы бір бала болыпты. Күндердің күнінде әкесі оған бір дорба толы шеге беріпті. Әкесі: «Жолдастарыңмен әрбір керіскен, төбелескен кезіңде тақтайға бір шеге қағып отыр.»- депті. Бала бірінші күні тақтайға 10 шеге қағыпты. Содан кейінгі күндері өздерін тежей жүріп, күн сайын шегені аз қағуға тырысыпты. Сөйтіп, әйтеуір бір шеге қақпаған күнге де жетіпті. Әкесіне барып айтқанда ол баласының шеге қаққан тақтайына қарап:
Әкесі: Бүгіннен бастап керіспеген, төбелеспеген әрбір күніңде бір шегеден суырып отыр,- депті.
Бірнеше күн өткеннен кейін тақтайда шеге қалмапты.
Әкесі:
Балам тақтайға дұрыстап қарашы. Көптеген тесіктер пайда болды, енді бұрынғыдай біртегіс болмайды. Жолдастарыңмен керісіп, төбелескен кезде былапыт, жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз жанға бір жарақат жасайды. Соңынан жолдасыңа мың рет кешірім сұрасаң да, ол тесіктер бітелмейді. Дос асыл тас тәрізді. Сенің қуанышыңа ортақтасады. Көңілің жабырқаса, көмекшің болып, қайғыңды басады.

Мақал - мәтелдерге тоқталайық
1. Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
2. Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
3. Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
4. Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
5. Дос - ажарың,
Жолдас базарың.
Қорытынды:
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе сендерге тек қана адал, таза, ақ ниетті достарың көп болсын деп тілеймін. Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.
Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемде де солып қалар гүл емес,
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет!
Ендігі сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өмірбаева Бибігүл апайға және ата - аналарға береміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 082
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достық дегеніміз не?
Достық дегеніміз не?
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Балалардың «дос», «достық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейеді
Дос және достық
Дос және достық
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету
Достық
Достық
Достық Жастайымнан бірге болғам өзіңмен, Нұр шуағы төгілді сенің көзіңнен. Әрқашанда бірге болсақ деп едім Бұл өмірге қарау керек төзіммен.
Доссыз өмір – тұзсыз ас (сайыс)
Доссыз өмір – тұзсыз ас (сайыс)
Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіңдей көріп сенуінен, біріне - бірі тірек, медет болуынан, қам -
Шын дос - таусылмас қазына
Шын дос - таусылмас қазына
"Сам орта мектебі " ММ Информатика пәнінің мұғалімі Масакова Самал Алипбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×