Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сенің байлығың - саулығың

11 мам 2014, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Сенің байлығың - саулығың

Мақсаты: 1. Бірінші байлық - денсаулық деген ұғымды жас бүлдіршіндер санасына жеткізу.
2. Халық даналығы - мақал - мәтелдердің мазмұнын түсіндіру.
3. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін оқушыларға ұғындыру.
4. Әр адамның өз денсаулығына өзінің жауапкершілігін арттыруға тікелей байланысты екенін түсіндіру.
Көрнекті құралдар: түрлі - түсті суреттер, мақал - мәтелдер.
Сабақтың ұраны:
Ауырып ем іздеме, Ауырмайтын жол ізде.
Сабақтың барысы:
Мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған бүлдіршіндер мен олардың ата - аналарын мектеппен таныстыру. Балапандарға бүгінгі күннен бастап: Сіздер есейдіңіздер, жаңа өмірге қадам бастыңыздар, сіздер оқушысыздар, оқушылардың ережесі болады,- деп ұғындыру. Біздің мектепте сабақ сағат 8 - 00 - де басталады.

1. Сабақты ертеңгілік сергіту жаттығулармен бастаймыз:
Тік ұстап денеңді,
Сапқа тұр сен енді.
Жанға сеп шынығу
Жаттығып, шынығу
Сымбатты болу да
Өзіңнің қолыңда
Ата - аналарға арнап ақындардың өмір тәжірибесінен көңілге түйген тұжырым - өсиеттерін айтамын.
Әуелгі байлық - денсаулық.
Екінші байлық – еркіндік.
Үшінші байлық - тіл байлық.
Төртінші байлық - қайрат - күш.
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - баламыз.
Жетінші байлық - жүз саулық.
1. Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану.
2. Қолыңды сабындап жу.
3. Қисаймай, түзу отыр.
4. Қасықты оң қолыңмен ұста.
5. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма.
6. Шамадан тыс тойып ішпе.
7. Нанды үзіп же.
8. Тамақтан соң, аузыңды шай, қолыңды жу.
9. Асқа бата беріп тұр.

Ас же, іш сіміріп.
Бойға сіңіріп.
Ас ішсең толасың
Аман - сау боласың.

Ас - адамның арқауы
Аспен күш артады.
Тағам іш жағымды
Тазартар жаныңды.
1. Денсаулықтың тағы бір дауасы таза ауа.
Табиғат - ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы көп.
Жер шары - дәу әлем
Қоршалған ауамен.
Ауамен тыныс ап
Өсті өмір, ырыс, бақ.
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
1. Сабақтан соң таза ауада ойнау керек.
2. Бала ауа райына сәйкес киіну керек
3. Сабақ оқитын бөлмеде желдеткіш болу керек.
4. Жарық оқушы дәптеріне сол жағынан түсуі керек.
5. Денсаулық мықты болу үшін ми демалысы - ұйқының да орны ерекше.
Адамға су, ауа, ас қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет.
Дені сау бала тәулігіне 10 сағат ұйықтау керек.
Бала кешке сағат 9 - 00 - да ұйықтау керек.
Баланы күн сайын белгілі бір мезгілде ұйықтатып, бір мезгілде тұрғызу қажет.

1. М. Дулатов атамыз денсаулық жайында ақыл - кеңес айтқан?
1 - оқушы: Құлаққа ұрма, құлаққа айғайлама, шыңғырма! Қалам, қарындаш, ине сияқты үшкір нәрселермен құлағыңның ішін шұқыма.
2 - оқушы: Құлағыңның ішін, сыртын таза ұста. Сабынды сумен құлағыңды абайлап жу. Жуынған соң құлағыңның суланған жерін әбден сүртіп, құрғат.
3 - оқушы: Құлағыңның ішіне бір нәрсе кіре қалса, өзің еш нәрсе істеме. Тездетіп дәрігерге көрін.
4 - оқушы: Мұрныңды әрдайым таза ұста, жүргенде, сөйлегенде, ұйықтағанда мұрныңмен дұрыстап дем ала алмайтын болсаң, дәрігерге көрін.
5 - оқушы: Демалғанда аузың үнемі жабулы болсын. Шаңды, я ауасы бұзылған орында шамаң келгенше демалмаған жөн. Жүрген жеріңді шаңдатпай жүр, әсіресе үй ішінде шаң көтеруші болма.
6 - оқушы: Үйдің ішінде еденге қақырма, түкірме.
7 - оқушы: Тұла - бойыңды, ең болмағанда, мойныңды, көкірегіңді, арқаңды, күнде салқын сумен жуып тұр. Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
8 - оқушы: Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен - жеген сайын және де ертеңгі - кеш аузыңды тазалап шайқа. Таза ауада сыртта көбірек жүр, қимылда ойна, жүгір.
Бәрі: Мұның бәрі деннің саулығын сақтау үшін қажет.
1. Байлық. М. Дулатов Көрініс

VІІІ. Тәрбие сағатын қорытындылау.
Мұғалім: Егер денім сау болсын десеңдер, міне, жоғарыда айтылғанның бәрі денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану – барлығы да салауатты өмір салтына жатады. Жоғарыда айтылғандарды күнде тұрмыста пайдалануымыз қажет.
4 754
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сұлулықпен денсаулық
Сұлулықпен денсаулық
Мақсаты: «Бірінші байлық - денсаулық» «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден - ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа,
Жаны саудың − тәні сау
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы, денсаулықты сақтаудың бірден - бір дұрыс жолы зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Денсаулығым - байлығым
Денсаулығым - байлығым
«Денсаулық - зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал.
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған ЖОББ мектебінің мұғалімі Ермухамбетова Луиза Орынбасаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×