Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр болсаң тауып көр

14 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Құрметті әріптестер!
№13 «Бөбек» балабақшасына қош келдіңіздер!
Көңіл күйлеріңіз қалай? Оны білу үшін былай жасайық, жақсы дегендеріңіз бір қолдарыңызды, өте жақсы дегендеріңіз қос қолдарыңызды көтеріңіздер. Көңілдеріңіз көтеріңкі болғанына қуаныштымын.
Бүгінгі біздің семинарымыздың тақырыбы халық ауыз әдебиеті болғандықтан сіздермен «Тапқыр болсаң, тауып көр!»ойынын ойнағым келіп тұр.

1. «Суреттерді пайдаланып мақалды табайық»
А) Ананың сүті бал,
Баланың тілі бал. ( сүт, бал, тіл - суреттері)
Ә) Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы жылы. (Күн, ана)
Г) Жер таусыз болмайды,
Халық хансыз болмайды. (Тау, хан)

2. «Бұл не, сипатынан таны»
Ойынға екі адам шығады. Бір – біріне қарама - қарсы тұрады. Біреуі басына суретті ұстап тұрады. Бірақ өзі көрмейді. Қарсы тұрған адам ненің суреті екенін сипаттап айтады. Сипатынан танып не екенін айтады.

3. «Бұл қай ертегі?»
Ертегі суреттерін құрастырып қай ертегі екенін табады.

4. «Жаңылтпашты жаңылмай тауып айтамыз»
Слайдтағы суретті қарап соған байланысты мақалды тауып айтады.
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді.
Суға сақалы мала сілке.

Ай - ай, Айдарбай
Иір мүйіз сиырыңды,
Үйіңе айдай бар.
Құрметті әріптестер бүгінгі ойынға атсалысып, ой бөліскендеріңізге көп - көп рахмет. Осымен «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойынымыз аяқталды.
2 801
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Алтын сақа» ертегісі
«Алтын сақа» ертегісі
Сабақтың мақсаты. 1. Білімділік. Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. 2. Дамытушылық. Ертегіні оқыта отырып мазмұнын, мәнін түсіне білуге үйрету, сөз байлығын жетілдіру.
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қысқа мерзімді жоспарлар
1 сынып қысқа мерзімді жоспар Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, неше жаста екендерін сұрайды. Бір суретті қарамай алып, қарсы топқа қимылмен не екенін түсіндіруі тиіс.
Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Сөз туралы оқушылардың алған білімдерін пысықтай отырып, кейбір сөздердің мағынасы қарама-қарсы болып айтылатынын түсіндіру; Сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқата отырып, сөздерді дұрыс қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрістерін
Тапқыр қоян
Тапқыр қоян
Балаларды жабайы аңдармен таныстыруды жалғастыру; оларды суреттері арқылы танып, аттарын атауды үйрету; ертегі тыңдау және ертегі мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру; жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Менің ертегі әлемім
Менің ертегі әлемім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Ұшқыр кілем
Ұшқыр кілем
Бахрадинова Құндыз Жанабайовна Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымы тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×