Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстандық батырлардың ерлігі

14 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты:
Оқушы бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына әскери борышын өте уге міндетті екендігін сезіндіру.
Міндеттері:
- Қазақстандық патриоттық тәрбие беру іс – шараларында мектеп, сынып, мектептен тыс мекемелердің бірлігін қалыптастыру;
- Біздің заман қаһарманы бейнесінің үлгісін жетекші патриоттық тәрбие беруші құралдары көмегімен жасау.
Күтілетін нәтижесі:
- Оқушы бойындағы азаматтық қасиеттерінің дәрежесін арттыру;
- Патриоттық қозғалыстарға қатысуға ұмтылыстарын күшейту;
- Оқудың І – ші баспалдағында мемлекеттік нышандар туралы түсінікті нығайту;

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Тақырыпқа шолу
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15. 00 - де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға қеңес әскерлерін енгізу басталды. Командирлер: «Бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы орындаймыз да кетеміз», деді. Ал бірақ «акция» тоғыз жылдан астам уақытқа созылды.

1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпаны аралығында болып өткен Ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер мен офицер қатысты. Осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11 мың 369 әртүрлі әскери техникалар жойылып кетті. Ал Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны – 22 мың 269 жауынгер. Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралса, 21 солдат іс - түзсіз кетті. Ауған соғысының жауынгерлері Көкшетау, Щучинск қаласында да аз емес. Қазір қаламызда біраз жауынгер - интернационалист есепте тұр. Соғыстың аяқталғанына 15 ақпанда 24 жыл толады. Бұл күн - сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні. Бұл күн - жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың перзенттерін жоқтаған күні! Бұл күн - бақи болған қаһарман бауырларымызды қатардан іздеген күн. «Интернационализм» деген саясаттандырылған сөздің құрбандығына айналып, оған имандай сеніп, бүгінгі күні күл - талқан болған тағдырының өтеуі мен бодауын кімнен сұрарын білмей дал болған жандардың өзегіне өкінішін жасырған күн!

«Ауған соғысының 110 айға созылған қанды қырғынынан аман - есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Жандары жаралы дейтініміз, олар өліммен тікелей кездесті. Соғыстың небір ауыртпалығын көтеріп, қабырғалары қайысты. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата - баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласындағы жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден - медальдармен марапатталды. Бүгін қазақстандық Отан қорғаушылар солардан үлгі алып, соларға қарап сап түзейді», - деді Халық Қаһарманы, генерал - лейтенант Бақытжан Ертаев.

Арада 24 жыл өтсе де ауған соғысы өзінің ізін әлі жасырып болған жоқ. Бұл қанды іздің жасырылуы, ұмытылуы мүмкін де емес. Өйткені, ол адамзат тарихында өшпестей із қалдырды.

3. Ауған соғысының ардагеріне сөз беру
Ерлік сабағына Ауған соғысының ардагері Бижанов Тагир қатысып, жас ұрпаққа өздерінің басынан кешкен оқиғалары туралы айтып ой бөлісті. Қан майданда, ұрыс даласында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіз тұрып еске алды.
4. Оқушылардың Ауғанстан тақырыбына арналған өлеңдерді оқуы
1. Ауғанның қанда даласы
Адамзаттың наласы
Бүк түсіп жатыр қан құсып,
Қаралы таулар, қарашы
Адасып барып армандар,
Кабулда күл боп қалғандар
Гүл болып көгеріп
Өмірді қайта жалғаңдар
Арманда кеткен ер үшін,
Ұмытпас елім арысын.

2. Ту етіп ұстар қашанда,
Тәуелсіз елдің намысын,
Баласын іздеп аналар
Анасын аңсап балалар,
Жүрекке түскен бомбадай...
Жазылар қашан жаралар?
Есімде ол күн қаралы,
Зуылдап жылдар барады.
Сарбаздар бәрін біледі,
Ауғаннан қайтқан жаралы.

5. фильм көрсету
(интерактивті тақтаны пайдалану)
Патриотизм – адамның өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп, гүлдендіруге ұмтылуымен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриотизм сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылығымен қарау. Патриотизм, сондай - ақ туған жерге, ата - бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махабатты да білдіреді. Қазір патриот болу дегеніміз – республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тынбай нығайту, оны кез келген сыртқы қастандықтан қорғауға дайын болу, әскери міндетке жауапкершілікпен қарау деген сөз.

Патриотизм сезімі мен Отанның жауларына деген жек көрушілік – қасиетті, жалынды, өшпейтін сезім. Қазіргі жауынгер үшін патриот болу дегеніміз - өзінің білімі мен мүмкіндігін, бар күшін республиканың Қарулы Күштерінің жауынгерлік қуатын нығайтуға жұмсау мен қашанда оны қорғау үшін жауынгерлік дайындықта болу.

Жауынгердің патриотизмі, сонымен қатар оның өз бөліміне деген сүйіспеншілігінен, бөлімнің жауынгерлік туына, кеменің жалауына адалдығынан, оларды ұрыста табандылықпен қорғауға дайындығынан, халықтың, жауынгерлік дәстүрлеріне адалдығынан, өздерінің күнделікті еңбегі мен даңқты ерліктері арқылы біздің қаруымыздың жауынгерлік даңқын арттырудан да көрінеді.
Патриоттық және интернационалдық тәрбиедегі кемшіліктер моральдық саяси және психологиялық тұрақтылығынан жеке құрам бөлімшесінің ұрысқа дайындығына кері әсерін тигізіп жатады, тек нағыз патриот пен интернационалист қана бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар мен ұрыс жағдайында әскери борышын табандылықпен, ержүректілікпен орындауға қабілетті.

6. Қорытынды
Ауғанстан Ислам партиясының моджахедтері, 1987 жыл.
КСРО әскерлерінің енгізілуі, 1979 жылдың желтоқсаны
21 686
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Сенің ерлігіңе - табынамын!
Сенің ерлігіңе - табынамын!
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Наурызбаева Гульназ Чапетқызы
Ауған ақиқаты
Ауған ақиқаты
Қызылорда қаласы, № 197 қазақ орта мектебі Жұмабекова Ұлбосын Ерғабылқызы
Оқушыларды өз Отанына, адалдыққа тәрбиелеу
Оқушыларды өз Отанына, адалдыққа тәрбиелеу
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ технология пәні мұғалімі: Калиева Гаухар Картаевна
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжінің А.Ә.Д. пәнінің оқытушысы Жумабеков Бейбіт Кайыржанович
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, олардың бойына сіңіріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×