Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяулы анашым

31 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Аяулы анашым
Міндеттері:
1. Өлеңді мәнерлі, сауатты оқуға жаттықтыру және өз ойларын ортаға салуға үйрету.
2. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын. Танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

I. Психологиялық дайындық.
Қуан шаттан (2)
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.

II. «Анама» әнін айту
1. «Көмек» ойны. Балапандарынан айырылып қалған тауыққа көмектесу үшін, балапандар суретінің артқы бетіндегі сұрақтарға жауап береді.
– Балалар біріншіден әр тобымызға ат қояйық.
- Қане, аналардың сендерді қалай атап еркелетеді?
Айым, күнім, жаным, ботам, балапаным, қошақаным және т. б.
- Ендеше, аналарымыз бізді еркелетіп, аймалап, аялы алақанына салып отыр деп ойлаңдар.
І – топ: Қошақандар (қой туралы мәтін оқу)
ІІ – топ: Құлыншақ (жылқы туралы мәтін оқу)
ІІІ – топ: Ботақандар (түйе туралы мәтін оқу)
ІV – топ: Ақ лағым (ешкі туралы мәтін оқу)

III. Миға шабуыл жасау: «Бесік жыры» әнін қосу
Әрбір оқушы өз анасы туралы әңгімелейді.(Суретін салып, анасы туралы айтады)
Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды. Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді. Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс. Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан. Сенің барлық қылығыңды кешіреді, аяйды.

IV. Оқушылардың танымдық әрекеті.
1. Видео көрсету. Аналардың ақ ниеті.
- Ендеше, балалар осы айтылған мейрімді сөздерден «Ана» туралы мәтін құрастырайық.
Тірек сөздер: асыл ана, мәпелейді, еркелетеді, күтеді, ананың алақаны, сыйлау, ақылын айтады.
(Әр топ жетекшісі қорғайды)
V. Сергіту сәті

VI. «Ана» туралы қандай мақал – мәтел, тақпақ білесіңдер?
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүргі.
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық
Берсе барлық адамға ана мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
І – топ: Анаңды суреттеп айтып бер.
ІІ – топ: Анаңа қандай тілек айтасың.
ІІІ – топ: Үйіңде анаңа қалай көмектесесің?
ІV – топ: Аналарыңды қалай қуантар едің?
VIII. Олай болса, бәріміз аналарымызды жақсы көреміз.
Енді аналарымызға арнап қолымыздан гүл жасайық.

IX. Сөзжұмбақ шешу
1. Анаңның әкесі саған кім болады?
2. Өзіңді қайдан көре аласың?
3. Суда тіршілік ететін не?

X. Алған білімнің диагностикасы
Бес жол өлең
1. Кім? Ана
2. Қандай? Мейрімді, ардақты
3. Не істейді? Ойлайды, қорғайды, тілейді
4. Сезімді білдіретін сөз тіркесі: Анамды көргенде шаршағанымды ұмытамын.
5. Мәндес сөз: Шеше

XI. «Анаға» байланысты жақсы сөзді айта отырып, «Күннің шуағына» гүлді жапсыру. Төмендегідей сөздер айтады:
Менің анам – сұлу
Менің анам – мейірімді
Менің анам – аяулы
Менің анам – өмір нұрын себуші
Менің анам – ардақты
Менің анам - ақ жол нұсқаушы
Менің анам – қамқоршы
Менің анам – жанашыр

XII. Әнмен аяқтау. «Әр қашан күн сөнбесін»
Әр қашан күн сөнбесін,
Аспанға бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!

XIII. Аналарына сыйлықтар тапсыру.
Сабақ соңы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 227
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жайылымдағы қошақандар
Жайылымдағы қошақандар
Семей қаласы, ЖОББМ № 22 № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна
Ақ мамам
Ақ мамам
Сабақтың тақырыбы: Ақ мамам
Шешенің балаларын сүюі
Шешенің балаларын сүюі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
«Ана» туралы мәтін құрастыру
«Ана» туралы мәтін құрастыру
Семей қаласындағы "№23 Жалпы орта білім беретін мектептің" КММ Бастауыш сынып мұғалімі Есенғұлова Құралай Жәнібекқызы
"Қозы" Қ.Баянбай
"Қозы" Қ.Баянбай
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1орта мектеп бастауыш класс мұғалімі Ахетова Ақзира Төлеужанқызы Пәні: Ана тілі Сыныбы: 1 Сабақтың тақырыбы: "Қозы" Қ.Баянбай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×