Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Ән падишасы" атанған дара сазгер

25 маусым 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Ән падишасы» атанған дара сазгер
1 - жүргізуші: Құрметті қауым, әнді қадір тұтатын көрермендер!
Сағынышпен сағымға айналған асыл ағаны, ән әлемінің әдемі қалықтаған аппақ дегелегіндей, ақ тілектің, тәтті үміттің құсына балап бүгінгі «Ән падишасы» атанған дара сазгер» атты сазды кешімізге хош келдіңіздер.

2 - - жүргізуші: Бар қазақтың тамсандырған,
Таңнан таңға ән салдырған.
Өзін әнмен қарсы алдырған,
Ән өмірінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы замандағы қазақ эстрадасының негізін салушы, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов биыл 84 жасқа толады.

1 - жүргізуші: Шәмші 1930 жылы тамыз айының 15 жұлдызында керуегі мен жусаны жүз түрлі дертке шипа Қызылқұм өңіріндегі мөлдір сулы Арыс өзенінің жағасында дүниеге келеді. Әкесі Әнапия он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болғанмен әншілікке әуестігі жоқ болады. Той - думандарда анасы Сақыпжамалдың шырқап салған әндері қалың көптің құлақ құрышын қандыруымен қатар, бала жүрегіне нұр болып құйылып, Шәмші «Табиғи дарынымның ана сүтімен келгеніне қуанбасам ренжімеймін», - дейді.
2 - жүргізуші: Бұл әннің шығу тарихы әрі де жатыр, Ақмоланы Целиноград деп атап 5 облысты 1 өлке етіп, оны Ресей жаққа бермекші болып жатқан кезде, Шәмші «мен қазақтың намысын оятатын бір ән жазуым керек, - деген екен.
1 - жүргізуші: Отаншыл, халықшыл, ұлт жанды болуға баулыйтын шығармалардың арасында бұл ән ерекше.
2 - жүргізуші: Шәмшіге айт, тағы да бір таңдандырсын,
Жындандырсын жүректі жандандырсын.
Мәңгілік өлмес махаббатым айта жүрер,
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын, - деп ақын Мұқағали жырлағандай, бұл ән мәңгілік өлмейтұғын, халық арасында, әсіресе елшілік нотасын тапқан ән.
1 - жүргізуші: Бұл әнмен 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне жастар «Елім – ай» әніне салып ұрандай шырқап шыққан еді.
2 - жүргізуші: Бұл ән Ел басын ұлықтау рәсімінде де шырқалды.
1 - жүргізуші: Менің әнұраным!
Болашаққа бағыт берген, көкірегіне жарық берген,
Өн бойыңды шабыт кернеп, ертеңіне халық сенген,
Ақырында қазағыма тәуелсіздік алып келген.
2 - жүргізуші: «Менің Қазақстаным» ән ұран боп
Рух көшін тартты алға,
Бұдан асқан бақыт бар ма, бақ бар ма.?!
Әнұраннан туған ұлттық рухқа толған дүлей күш, елге, туған жерге өшпес сезім сыйлайды.
Ән «Менің Қазақстаным»

1 - жүргізуші: Өзінің бір сөзінде «Әннің шығуына үлкен себеп болған маған әлемнің жарығын сыйлаумен қатар ән дүние есігіне жетелеген аяулы анам Сақыпжамал Бұхарбайқызының 1959 жылы мезгілсіз дүние салуы» депті сазгер.
2 - жүргізуші: «Ана мен сенің басыңа кесене ғимарат орнатам» деп айта алмаймын, бірақ саған әннің ең асылын, ең нәзігін арнап жазамын, ол ешқашан ұмытылмайды»,- дейді.
1 - жүргізуші: Ұйқысыз түндер өтіпті, таңнан нұр сауған
Нәресте үні – шекер - ау, күтіп тұрса алдан,
Дүниеге мені әкелген жанды ардақтап,
Анама әні шырқалған.
2 - жүргізуші: Ғафу Қайрбековтың сөзіне жазылған «Ана туралы жыр»

1 - жүргізуші: Әнапия жанұясында бір ұл дүниеге келеді, «Қалдаяқ сен ұлды болдың»,- деп жеңгелері оралған баланы әкесінің қолына ұстата бере, әкенің қайратты қолын сезіп жылаған ұлына:
- Бәрекелді, мен сені Жамшид патшаның атымен атағалы жүрсем, бірақ мына дауысың патшаныкіне емес, әншінікіне қөбірек ұқсайды екен, - депті.
2 - жүргізуші: Ия, расындада Жамшид атанған бала Шәмші Қалдаяқов болып бүкіл Қазақстанға «Вальстің королі» деген атпен атағы шығатынын әке
білмеген еді.
Жастардың сүйіп тыңдайтын, жігіт желең, бозбалалары ән арқылы қызға сырларын білдіретін вальс әндері жетерлік. Олар: «Ақерке Ақжайық, Арыс жағасында, Сыр сұлуы, Тамшы аруы, Қайықта»
1 - жүргізуші: Ән. «Сыр сұлуы»

2 - жүргізуші: Осынау әндердің қай қайсысында болмасын, адам баласының кеудесінен орын тепкен небір ғажап сезімдердің қай түрі болмасын Шәмші әндерінен баян тауып жатады.
1 - жүргізуші: Шәмшінің әні, Шәмшінің әні
Таңдайдан кетпес, бал шырын дәмі.
Сызылып деммен, жаяды желмен
Жанрға айтпаған жан сырыңды әлі.
2 - жүргізуші: Бірде досы Тұманбай Молдағалиевке келіп, біз бір ән жазуымыз керек. Бір мұңлық жігіттің сүйген қызына қосыла алмай, сүйгені басқа біреуге тұрмысқа шығып кеткен жігіттің өкінішті жыры болуы керек, сөйтіп біз сағыныштың зарын шығарайық, - дейді.
1 - жүргізуші: Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән «Әнім сен едің»
2 - жүргізуші: Нағыз қуанышты сәт, үйлену тойы, екі жастың қосылуы, былайша айтқанда қос өзен секілденіп, дегендей, ән Мұхтар Шахановтың үйлену тойына сый ретінде ән шашу болып шашылған «Қуаныш вальсі».
1 - жүргізуші: Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған ән, «Қуаныш вальсі»

2 - жүргізуші: 60 - 70 жылдардағы Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап - таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Шәмшінің жаңа туған әндері бүкіл жас тың жүрек жалынынан өршіл де сұлу сезімін, адал да мөлдір махаббатын
жеткізгендей болатын.
1 - жүргізуші: Жастар ұнатқан жандарына іңкәр сезімін Шәмшінің әндерімен
жеткізетін. Сондай әндердің бірі Майчекиннің сөзіне жазылған ән «Бәрінен де сен сұлу» әні.
2 - жүргізуші: Өмірге әндетіп келесің, әнменен жер қойнына енесің.
Әннің құдіреттілігі де сонысында. Ән - көңілдің құмары, қуаныш - тойдың сыңары, жастық - өмірдің ынтызары.
1 - жүргізуші: Жылдар,
Өмірдің өзенімен,
Ағады кезегімен, - деп ақын жырласа, сазгер өмірдің ертеңгі нұрлы күніне асыққан үкілі үмітін, өмірге құштарлығын, әнге айналдыра білген.
2 - жүргізуші: Ән «Өмір өзен» сөзі Мұхтар Шахановтікі, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
1 - жүргізуші: Кешікпей келем деп ең
Мен тұрмын елеңдеумен, - қызды күткен жігіттің сағынышы әуенмен тербеледі.
2 - жүргізуші: Ән. «Кешікпей келем деп ең»

1 - жүргізуші: Сыр жерінде туған ән, елдің мызғымас бірлігі мен тамаша тірлігі, ынтымағы мен достығы, ыстық ықыластарым ен шынайы ақ пейілдері саздың тамаша ырғағына тербеледі.
2 - жүргізуші: Шүкіровтің сөзіне жазылған Шәмшінің әні «Сыр сұлуы»
2 - жүргізуші: Бірде жазушы, сазгердің досы Оразбек Бодықов осы әннің қалай туғаны жайында былай дейді: «Мына бір күні қара торы жігіт жолықты да былай деді:
- сіз екеуіміз бір өзеннің бойында туыппыз, бір өзеннің суын ішіппіз. Мен осында нақ сұлу сүйіктімді тауыппын. Шәмші атыңыз бар қалайша сізге бір сұлу жолықпады?
- Неге олай дейсің? Қиялымнан туған сұлу осы жерде туған.
- Олай болса неге әндеріңізде Арыс жоқ, өзеннің сұлулығын неге әнге қосып жырламаймыз, - дейді әлгі жігіт.
«Осы кездесуден кейін мен осы әнді дүниеге әкелдім»- деген сазгер.
1 - жүргізуші: Келесі тыңдайтындарыңыз Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған ән «Арыс жағасында».

2 - жүргізуші: 1959 жылы Шәмші консерваториядан шығып қалып, елге оралуға ар санап бос жүрген кезінде, жаздың бір күндерінде Алматының «Тастақ» базарында сығандар гитарамен ән салып мәре - сәре болып жатқан екен, солардың өнерін ұзақ тамашалайды.
1 - жүргізуші: Сығанның ән ырғағына еліккен сазгер сыған жігітінен гитараны сұрап, жақында шығарған әндерін орындайды. Сол сыған достарына деген сағыныштың арқасында «Сыған серенадасы» өмірге келеді.
2 - жүргізуші: Қыдыр Мырза - Әлидің сөзіне жазылған «Сыған серенадасы»
1 - жүргізуші: Келесі әннің де шығу тарихы бар, обкомның үшінші хатшысы Қаражан Әбіләзимов, мектепті жаңа бітірген жас қызға үйленіп тойға шақырады. Сол кезде арнайы шығарылып, тойға сый рет інде осы ән орындалады
2 - жүргізуші: Сөзі М. Шахановтікі ән «Ақ бантик»

1 - жүргізуші: Ұлы композитордың артында 300 - ге жуық әндері қалған. Сол әндердің бірі: «Қайықта»
2 - жүргізуші: Ән. «Шәмшімен сырласу»
1 - жүргізуші: Ш. Қалдаяқов өмірден озар шағында «Отырардағы той» деген ән жазады. Бұл соңғы әнін туған жеріне арнаған композиторда арман бар ма? Өлеңі С. Асановтікі, әні Ш. Қалдаяқовтікі «Отырардағы той».
2 - жүргізуші: Жыр шумақтары «Қош Шәмші»

1 - жүргізуші:«Ән патшасы» етіп халқының құрметіне бөленген, әр жүректе махаббат отын маздатқан -* оның Арыстың ерке толқынындай, Каспийдің көгілдір тұнығындай сұлу да сырлы әндері еді. Енді міне, Шәмшінің өзі де өшпес әнге айналып кетті.

2 - жүргізуші: Осымен Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Ән падишасы» атанған дара сазгер» атты сазды кешіміз аяқталды.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
7 502
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ән падишасы – Шәмші аға
Ән падишасы – Шәмші аға
Қазақ халқының танымал сазгері Шәмші Қалдаяқовтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру; оның халқына қалдырған мол мұрасын ұрпаққа жеткізе отырып, сазгерді, әндерін құрметтеуге шақыру.
Ашық тәрбие сағаты: Ән падишасы – Шәмші аға
Ашық тәрбие сағаты: Ән падишасы – Шәмші аға
Шәмші Қалдаяқовтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру; оның халқына қалдырған мол мұрасын ұрпаққа жеткізе отырып, сазгерді, әндерін құрметтеуге шақыру
Ән көгінің сұңқары - Шәмші. Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарииі.
Ән көгінің сұңқары - Шәмші. Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарииі.
Ән көгінің сұңқары - Шәмші. Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарииі.
Композитор Шәмші Қалдаяқовты еске алу кеші
Композитор Шәмші Қалдаяқовты еске алу кеші
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш сынып және музыка пәні мұғалімі Қайыңбаева Гүлжан Сақажанқызы
«Ән – аға, Шәмші аға» әдеби - музыкалық кеш
«Ән – аға, Шәмші аға» әдеби - музыкалық кеш
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Нәр берген ән - бұлақтан
Нәр берген ән - бұлақтан
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған ЖОББМ музыка пәні мұғалімі Шындаулетова Нурлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×