Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жол таптым бар халықтың жүрегіне

20 шілде 2014, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Жол таптым бар халықтың жүрегіне...»
Сабақтың мақсаты: Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, жатқа оқыту. Ақын жайлы естеліктерді еске түсіру, мәнерімен айтқызу.
Ақыл - ойын, жатқа айту, мәнерлеп оқу қабілетін шыңдау.
Биік адамгершілікке, өмірді сүйе білуге баулу.

Жүргізуші:
І. Айта салған сөзім емес дәлелсіз -
Танығанға Сіз бір байтақ әлімсіз!
Жерді айналып Күндер, Түндер... тоқтаусыз
Өтіп жатыр, өтіп жатыр Сәбеңсіз.
Ойым әсем өрнектелмес мәнерсіз,
Қате дерсіз,
Бәлкім жөн - ау, Иә!- дерсіз.
Жиырма жеті жыл өтіпті - ау зымырап
Сәбең алар,
Сәбең берер сәлемсіз!
Ертіс, Есіл кетпесе де кері ағып,
Алыптарсыз кім не берді, нені алып?
Ғасырлардың қайраңында ең алып.
Көңіл шіркін кей - кейде өстіп бұзылар -
Тағдыр - тайғақ, жанды қырар сызы бар.
Тәубә дейміз ӨМІР атты айдында
Мұқановтың мыңды айдаған ізі бар!
Артығырақ кеттім бе деп мына мен
Орыстан да, қазақтан да... сұрап ем.
Бір кісідей кәрісі айтты, жасы айтты
Деген сөзді «Сәбең – тұтас бір Әлем!»
Шындық айтсақ жия тұрып ұятты -
Төбемізден Жұлдыздар ғой жиі ақты.
Шоқ Жұлдыздың бірі – Сәбит Мұқанов,
Ұлтымыздың баламасы сияқты.
Келді міне қос ғасырдың тоғысы,
Қазақ емес,
Емес тіпті орысы...
Шалғай жатқан бізден ата қонысы,
Мекен - тұрақ жайылымы, өрісі...
Талайлардың өкілі айтты -
Дегенді: «Сәбит - ойдың жүйрік бәйге - торысы!»- дей отыра Сәбит Мұқановтың 114 жылдығына орай «Жол таптым бар халықтың жүрегіне» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ. Өмірбаяны оқылады.

ІІІ. Өлеңдері:
1 - оқушы: Уа, Сәбе, аласармас асқар тауым,
Дұрыс қой, саған арнап сөз бастауым.
Бір өзің бір әлемдей алып Тұлға,
Өзіңнен үлгі алады өсер қауым.
Сен едің өнегесі мықтылықтың,
Бар ісің бастауы еді жақсылықтың.
Әділеттің ақ туын аспандатып,
Табыңды алып шықтың тапшылықтан.
Жасыңда білім іздеп аласұрдың,
Жиырмаңда ақ бандымен талас құрдың.
Бәйгеден озып келер сәйгүліктей,
Өзіңді өзің күреске жараттырдың.
Отызда ел билеп шығындадың,
Жазып бердің не түрін шығарманың.
Бойыңдағы дарының жұлқа тартып,
Түледі ойыңдағы бар арманың.
Нешеме биіктерді бағындырдың,
Айналаңа күн нұрын жағып жүрдің.
Достарыңа шипалы алақан боп,
Дұшпаныңды ізіңе табындырдың.
Айтуға шындықты да қорықпадың,
Есімде жапа көріп, торыққаның.
Арсыз топ арандатты пәле жауып,
«Құрттық,- деп Мұқановтың сорып қанын».
Алтынға тат тұрама жақсаңдағы,
Темірге балта өтпейді шапсаңдағы.
Ішінен жаққан оттың аман шығып,
Тағы да жақсы атағың аспандады.
Адам жоқ дәмі бітіп, өлмеййтұғын.
«аққан жұлдыз» секілді өзі жазған.
Сәбеңнің ізі қалды сөнбейтұғын.

2 - оқушы: О, тағдыр, сен төндірдің
Басыма тағы ауыр күн.
Естірттің өлімін өндірдің,
Қайғысы қатты бауырдың!...
Қанын неге торсыққа
Қара ниет құйды екен!...
Жолыққыр өміірі қырсыққа
Кһзі қалай қиды екен!...
Қайратпен қарсы алдым мен,
Қайғының бұл дауылын.
Түксиіп жауға қалдым мен,
Кегің кетпес, бауырым!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 557
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Өлеңді көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау дағдыларын дамыту, тақырып бойынша өз ойын ашық айтуға дағдыларын жетілдіру; Оқушыларды оқу - білімге деген құштарлыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз әңгімелері
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз әңгімелері
Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан - жақты білім беру, тақырыпты меңгерту.
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінін түсініп оқуға үйрету. Мазмұнын негізгі идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Табиғатты қорғауға түсінік жасау.
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі: Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Сәбит Дөнентаев "Уақ - Түйек" өлеңдер жинағы
Сәбит Дөнентаев "Уақ - Түйек" өлеңдер жинағы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×