Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік әлемінде

07 тамыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Әдептілік әлемінде
Мақсаты: «Әдептілік әлемінде» атты тәлім сағатымызда оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілдікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, әдемілікке, әдемі киіну мен сөйлеуге, әдемі сөйлесуге тәрбиелеу, балалар бойына ізеттілік, үлкенге құрмет көрсетіп, ата - ананы қастерлеу сияқты қасиеттерді сіңіре отырып, мәдениеттіліктің қарапайым қағидаларын үнемі сақтап жүруге үйрету.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, өсиет сөздері бар кітаптар.
«Аға әдепті болса - іні әдепті,
Апа әдепті болса - сіңлі әдепті».
«Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала».
Әдісі: Пікірталас, сұрақ - жауап, слайд.
Түрі: Тәрбие сағаты

Барысы:
1. Кіріспе сөз.
2. «Сәлем сөздің атасы» Сәлемдесу әдебі
3. Киіне білу де - өнер. ( киім кию туралы ой - пікір айту)
4. Сұрақ – жауап
5. Даналар айтқан дара ойлар ( Әдемілік, әдептілік туралы мақал - мәтел айту)
6. Қорытынды.

I. Кіріспе сөз:
Халқымыздың әдепті де сыйластық қарым - қатынастарға көңіл бөліп келгендігі белгілі. Ұрпақтан – ұрпаққа ауысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал - мәтелдерінен, нақыл сөздерінен мол кездестіреміз. «Ұлық болсаң - кішік бол», «Әдепті бала өсірсең, ауылдың абыройы», «Кішіпейілділік - кішілік емес, кісілік» деп ой тарқататын сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім - тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тән қонақжайлық, үлкенді құрметтеу, ағайын - туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазірге кезде де жалғасын табуы тиіс.
Әдеп дегеніміз - адамдармен қарым - қатынас барысында, әңгімелесу кезінде шамадан аспау, біздің сөзіміз бен ісіміз сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлап, сыпайлық шегінен шықпау.

II. «Сәлем - сөздің атасы»
Сәлемдесу - әдептіліктің, адамгершіліктің, мәдениеттіліктің белгісі.
Сәлемдесу - сөз бастаудың, танысудың алғашқы қадамы. Сәлемдесу тұңғыш рет немесе белгілі бір уақыт салып кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір - біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қол жеткен зор игілігі – сәлемдесу, оның шарапаты мен кереметі сонда - адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір - бірімен тату - тәтті сыйласып өмір сүруді аңсайды.
Соның негізін сәлемдесу әдебі салған. Сәлемдесу о заманнан құдайшылдық, имандылық, кісілік нышаны ретінде түсініліп, қабылданған.

III. Киіне білу де - өнер.
«Киіміне қарап қарсы ал, ақылына қарап шығарып сал» дегендей, сәнді киім адамның қоғамдағы орнынан, тұрмыстық жағынан, талғамынан хабар беріп отырады.
Киім ұғымы адамның уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі ұғымын бейнелейтін модамен тығыз байланысты болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді. Яғни модада үнемі жаңарып отырады. Киімге деген талғампаздық адамның өзіне өзі сын көзбен қарай білуінің белгісі.
Қонымды киім адамды жұртқа тым оқшау, одағай көрсетпеуі тиіс.
Әр халықтың өз дәстүрін, киім киісін, ұлттық қасиетін сақтай отырып киінуі сол ұлтты биіктерін көрсететін ардақты қасиет екенін білдіреді.
«Оры орнымен мақтай біл, құрметін сақтай біл» демекші, киімді әркім өзінше таңдайды, таңдау кезінде жеке талғамы мен үлгі ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде адамның өзінің мәдениеті, талғамы, адамгершілік негіздеріне сүйенетін өнер деп тегін айтылмаса керек.

IV. Сұрақ - жауап.
1. Бүгінгі ұрпақ дұрыс сәлемдесе біле ме?
2. Қалай сәлемдескен дұрыс деп ойлайсың?
3. Заман талабына сай киіну дегенді қалай түсінесің?
4. Қазіргі жастардың киім киісіне көңіліңіз тола ма?
5. Сен өзіңе жаңа киім аларда кімнің пікіріне сүйенесің?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 919
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Әдептілікке, әдемілікке баулу, күнделікті өмірдегі күн тәртібін, жаман мен жақсы әдет қалыптастырып ажыратуға үйрету. Адамгершілікке, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Әдепті бала - ақылды бала
Әдепті бала - ақылды бала
Балаларға әдептілік жайлы мағлұмат беру. Әдепті болуға үйрету, ойлау қабілетін және шығармашылығын дамыту. Әдептілік әлеміне бару барысында балаларға әдептілік ұғымының мағынасын ашу. Адалдыққа, мейірімділікке кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Әдепті бала – әдемі бала
Әдепті бала – әдемі бала
Кішіпейілдікке, сыпайылыққа, биязылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Сөздік қорын арттыру, танымдылық қызығушылығын арттыру.
Мен әдепті баламын
Мен әдепті баламын
Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет, әдепті бала ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкенге, жасы кіші балаларға орын береді.
Әдептен озбайық
Әдептен озбайық
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің сурет және дизайн пәндерінің мұғалімі Абдикова Мирамкул Жуматова
Әдепті өмір сүруге үйрен
Әдепті өмір сүруге үйрен
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×