Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Доссыз өмір – тұзсыз ас

03 қазан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Миялы селосы, Х. Досмұхамедұлы атындағы
орта мектебінің мұғалімі Аққалиева Ләйлә

Мақсаты: «Дос» - деген сөздің мағынасын ашу, «Достық» туралы ұғымдарын кеңейту, зерделеу қабілетін дамыту, жолдастық, достық қатынастарды әділетті, ақыл – парасатпен адал болуға, шыншылдыққа, көпшілікке тәрбиелеу.

Білімділік: Оқушының сөздік қорын молайту, тілін дамыту, ой-қиялын, шығармашылығын дамыту
Дамытушылық: оқушының логикаға, шапшаңдыққа, тез сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Адам еңбегін бағалай білуге үйрету, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, газет материалдары, көрме, шар ішіне жасырылған ситуациялық сұрақтар, «балық аулау» ойыны.

Ойын барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау.
II. Ойын жоспары: Командаларды таныстыру, сайыс тапсырмалары:
1. Достық туралы мақал – мәтелдер.
2. «Балық аулау» ойыны.
3. «Достың да досы бар»

- Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймын. Балалар, сіздер дос болу деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз үш топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.
1 – топ «Бірлік» команда капитаны Мақсат деген жігіт;
2 – топ «Ынтымақ» команда капитаны Ғалымжан деген жігіт,
3 – топ «Достық» команда капитаны Еркебұлан деген жігіттерді қарсы алайық!

1 – оқушы: Достық – деген таусылмайтын қазына
Көктемде де солып қалар гүл емес
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес
Халықтың қара сөздерінің қара жолдай арналы бір тақырыбы достық, жолдастық. Шын досың сырттан әр ісіңе тілектес болып жүреді. Қиын қыстау күндерде сенімді ақтар дос бар да, дос қадіріне жетіп, достықты кіршіксіз сақтай алу бар. Адал дос мінін айтқанға арланбай ақылмен тыңдап, өз мінезінің қисығын жөндейді. Сондықтан достарың айтқан сын сөзді дұрыс қабылдай білу керек.

2 – оқушы: Не жетеді ғазиз досқа расында,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда
Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң, ұйықтамайды ол – дағы
Адам үшін ата – анадан кейінгі ең жақыны - жақсы дос. Адам ес білгеннен бастап өзің түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Достық әлемі қызық оқиғаларға, адал, шынайы қарым – қатынастарға, асқақ адамгершілікке толы әлем.
Ұлы ғұламалардың өздері достық туралы жан тебірентерлік сыр шумақтарын төкпей қоймаған. Достық адам өмірінің тірегі. Сол достық туралы ғұламалардың айтқан даналық сөздеріне тоқтала кетейік!

1 – оқушы: Адамның мінез – құлқы мен ақылы жайында дұрыс пікірге келудің сенімді тәсілі – оны кітап пен дос таңдауына қарай бағалау.
К. Гельвеций
2 – оқушы: Қызмет пен достық – екі параллель сызықтар: қосылмайды.
1 – оқушы: Нағыз достар болу үшін бір – біріне сенімді болу керек.
2 – оқушы: Ұсақ-түйек кемшіліктерді бір – біріне кешіре алатын адамдар ғана шынайы достық байланыста бола алады.

1 – оқушы: Нағыз дос қана өз достарының осалдықтарына төзе алады.
2 – оқушы: Қартайғанда достар саны көбеймейді,
Жоғалғанның бәрі ол кезде қайта оралмайды.

1 – оқушы: Бір ғана жағдайда: мәселен досқа шындықты ашып айтып, сол арқылы оған өзінің адалдығын дәләлдеу жайында болып отырған кезде ғана – бізге достың намысына тиюден қорқатын ештеңе жоқ.
2 – оқушы: Достық ең алдымен шынайылық, жолдасының қателіктерін сынау керек. Достар жолдасы өзінің қатесін түзей алатын болу үшін бірінші болып қатаң сынау керек.

1 – оқушы: Егер сен досыңа ол туралы, оның қылықтары туралы, не ойлайтындығы туралы, ашықтан – ашық, тіпті қатаң түрде айта алмасаң немесе одан өзің туралы дәл сондай шындықты құлақ асып тыңдай алмасаң, онда сендер бір – біріңе шынымен сенбейсіңдер, бір – біріңді түсінбейсіңдер және құрметтемейсіңдер.
2 – оқушы: Тура шындықтың жанасқанына төтеп бере алмаған достық туралы өкініп те керегі жоқ. Қайда барса онда барсын.

1 – оқушы: Нағыз дос бақытсыздықта танылады.
2 – оқушы: Досыңды оңашада сөгіп, көп алдында мақта, көп алдында мақта
1 – оқушы: Өзіңнің достарыңды сақтаудың ең жақсы жолы оларға опасыздық етпеу
2 – оқушы:Достың қолы ғана жүрекке қадалған тікенді жұлып тастай алады.
1 – оқушы: Нағыз достық күншілдік дегенді білдірмейді.

2 – оқушы: Достықтың доңғалағына әдепті, сыпайыгершілік майын құйып отыру – даналық
1 – оқушы: Сенімсіз достар жазда ғана кездесетін қарлығаштар. Олар – күн сағаттары, олардан келер пайда күн сәуле шашып тұрғанда ғана.
2 – оқушы: Қорқақ дос дұшпаннан да жаман, өйткені дұшпаннан сақтанасың, досыңа сеніп қаласың
1 – оқушы: Қиын – қыстау жағдайда досын тастап кеткен адам, сол қиындықты кейін өзі тартады

Достық туралы мақал – мәтелдер.

1 – оқушы: Жүз сом ақшаң болғанша
Жүз жолдасың болсын.

2 – оқушы: Тәуір көрген досыңа
Тәуір көрген малын бер
Көре – көре сүйінсін.
Жаман көрген досыңа
Жаман көрген малыңды бер
Көре – көре күйінсін.

1 – оқушы: Жаман туғаның болғанша
Жақсы жолдасың болсын
2 – оқушы: Қажымалы мың жолдас жоқпен тең
Жаның қиған бір жолдас көппен тең
1 – оқушы: Досыңа өтірік айтпа
Дұшпаныңа сырыңды айтпа

2 – оқушы: Есептескен дос болмас
1 – оқушы: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті жау алмас.

2 – оқушы: Досқа ат берме,
Ат берсең жай жүр деме

1 – оқушы: Дос деп сынамай сыр айтпа
Достың да досы бар

2 – оқушы: Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады
1 – оқушы: Жақсы – жаныңа жолдас
Жаман малыңа жолдас

2 – оқушы: Жақсы дос пайдасын тигізеді, зиянын тигізбейді
Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді

«Балық аулау» ойыны.

Тақтада көріп тұрғанымыздай, судың артында 7 – қарапайым балық жасырылған оған + 5 ұпай, ал екі балықтың бірі «Алтын балық» және «Акулла» жасырылған. Егер «Алтын балықты» ауласаңыз сіздерге + 10 ұпай бонус қосылады, ал егер «Акулла» түссе – 10 ұпай шегеріледі. Бұл балықтар арқылы біздер ситуациялық сұрақтарға жауап береміз. Әр жауап беру уақыты 45 сек...Сондықтан бұл ойында тиянақтылық пен қатар шапшаңдық қажет етеді.

1 – сұрақ: Сенің қиындық пен қуанышта қасыңда болатын, сені түсіне білетін жан досың бар ма? Болса, оның қандай қасиеттерін ерекше бағалайсың?
2 – сұрақ: Мектепке кешігіп бара жатырсың. Уақыт таяп қалды. Кенеттен құрбың қоңырау шалып, қатты ауырып жатқандығын айтып, дәрі алып келуін өтінеді. Бұл жағдайда қандай әрекет жасар едің?
3 – сұрақ: Саған ата- анаң үй тапсырмасын орындау керектігін ескертті немесе сұрап тексереді. Кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып, келуін өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?
4 – сұрақ: Көптен күткен әншінің концертіне билет алуға бара жатырсың.
Қалтаңда 2000 теңге, билет құны 2000 теңге, жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңге беруін өтінеді. Бұл жағдайда не етер едің?
5 – сұрақ: « Екі дос келгенде жаңа достың көзінен жас шығады» - деген мақалдың мағынасын аш.
6 – сұрақ: «Есептескен дос болмас» мағынасын түсіндір?
7 – сұрақ: Сен мектепте кезекшісің. Сыныптасыңның сөмкесінен ақша жоғалды, оны сенен көреді. Бұл жағдайдан қалай шығасың?

«Достың да досы бар» демекші, әр адамның өзінің жан дүниесін түсінетін ішкі сырың ақтаратын сырлас досы болады. Осы отырған оқушылардың ішінен ең жақын жан достарды ортаға шақырамыз.
Екі достың пікірі (Не үшін? Қалай?)

Достығын ыммен түсіндіру
Ситуациялық сұрақ: мына шардың ішінде 3 – сұрақ бар. Қандай шардағы сұраққа жауап беру өз еркін.
1. Екеуің жан доссыңдар және тағы да бір достарың бар, үшеуің сырт көзге қарағанда қызығарлықтай құрбыларсыңдар. Бірақ та сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың, ал сенің жан құрбың онымен жақсы сыйласады. Сен қайсысын таңдар едің?

2. Сіздің құрбыңыз жаман қылық көрсетіп, сол үшін жұрт алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сіз құрбыңыздікі дұрыс болмаса да, оның көңіліне қарап, оны жақтайсың ба?
3. Сен физикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың?

4. «Карикатура» сурет салу. Тақтаға жаман қасиеті мен жақсы қасиетін сал.
5. Осы құрбыларға сынып жетекші апайы сұрақ қояды.
Ал біздің ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. 3 – топтың капитан командаларына мақтау қағаздары. Қош сау болыңыздар!
42 166
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адал достық - адамгершілік белгісі
Адал достық - адамгершілік белгісі
Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілік сияқты асыл қасиетпен таныстыру. 2. Ойларын ашық, айтып үйрену, мақал - мәтелдер туралы білімдерін, жағдаяттар шеше білу қабілеттерін дамыту.
Дос және достық
Дос және достық
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету
Доссыз өмір – тұзсыз ас (сайыс)
Доссыз өмір – тұзсыз ас (сайыс)
Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіңдей көріп сенуінен, біріне - бірі тірек, медет болуынан, қам -
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Шынайы дос – асыл қазына (дөңгелек стол)
Шынайы дос – асыл қазына (дөңгелек стол)
№182 мектеп педагог - психологі Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Ұстазым менің, ұстазым!
Ұстазым менің, ұстазым!
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Аққалиева Лайля Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×