Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Анаға тағзым

27 қыркүйек 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жандар жағылған отқа үйіріледі. Отбасы - ның амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуа - нышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігің тұтқасы санап аялайды.
Адам баласының ой - санасы өсіп, ақыл - ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы - жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс - тіршілік әкеледі.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі, жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынастарынан құралады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.
(Қамқоршы Баян апайға сөз беру, бала тәрбиесіндегі тәжірибесін ортаға салу).

Өлең оқу: 1. Қайырғалиева Ерке – «Сыйынар ем, ана деген тәңірге!»
2. Азаматов Бектас - «Ана мейірімі»

Оқушылардың Баян апай туралы жазған шығармаларын тыңдау.

- Халық «Бір отбасында нешеу болсаң, бір - біріңе қонақсың, бір - біріңді сыйласаң, жан семіреді», - деп қайырымды қасиетті ұрпақтарына өнеге еткен. Ата - ана баласына жан жылуын білдіру үшін «Айналайын» деген сөзді айтады. Жылы сөз, жан жадыртар сөздер көп. Ата - ана баласына риза болғанда жылы сөзін аямайды немесе риза болғанда әр түрлі кейіп танытады. Қазір сондай сөздерді айтып, қимылдарды көрсетуге тырысайық.
Сен үшін мақтанамын! Өте тартымды! Тамаша!
Жарайсың! Дұрыс істедің! Қуаныштымын!
Бәрін жақсы істедің! Өте тартымды! Үнсіз басынан сипау.
Ақылдым! Дарындысың! Үнсіз құшақтау.
Құттықтаймын! Ғажап! Керегі дәл осы еді! т. б.

- Қадірбек туралы сыныптастарының пікірлерін тыңдау.

Тренинг
- 1. Кімнің көзі үлкен – 3 рет кірпігін қағу керек.
- 2. Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішкен болса, ішін сипау керек.
- 3. Кімнің туған күні күзде болса, осы топтың ішінен біреуді алып билеу керек.
- 4. Кім шайды лимонмен ішкенді ұнататын болса, сол өзінің отырғышының астына қарасын.
- 5. Кім мектепке келгенді ұнатады, сол қолды шапалақтасын.
- 6. Кім көрінбейтін адам болғысы келсе, екі қолымен бетін ұстасын.
- 7. Кім музыкалық аспапта ойнай алса, сол қалай ойнайтынын көрсетсін.
- 8. Кім әнші болғысы келсе, микрофон ұстасын.

Қамқорлықтағы оқушы Қадірбектің «Менің арманым» шығармасын тыңдау.

«Ізгі тілектер» - сиқырлы таяқшаның көмегімен оқушының алақанына немесе арқасына әріп салу, сол әріптен басталатын тілектер айту.

Отбасы махаббатын сезінген баланың ғана еліне деген махаббаты оянары сөзсіз. Себебі мемлекет отбасынан басталады. Отбасы қадірін білген, сезінген, соның ыстық - суығына төзген жасөспірім ғана ертең елінің қадірін білетін, сезінетін, ыстық - суығына төзе алатын азамат бола алады. Бойында еліне деген сүйіспеншілігі бар азамат қана еліміздің жарқын болашағына жарқын жол бастар білімді де білікті азамат болуына ықпал жасау бүгінгі күнгі басты мақсатымыз.
- Қызғыштай қорғап ұясын,
Бала үшін жанын қиятын.
Қамқор болып жанына
Бауырдың бәрін жиятын –
Баян апайға бала тәрбиесіндегі ұшан теңіз еңбегі мен мейіріміне ризашылығымызды білдіреміз.
Алғыс хат пен сыйлық табыс етілді.
Ән: Анаға арнау. Көшенов Еділ
4 679
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Отбасым – бақыт мекенім
Отбасым – бақыт мекенім
Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
Шығарма: Отбасы бақыты
Шығарма: Отбасы бақыты
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Бала – адамның бауыр еті
Бала – адамның бауыр еті
Баланың өмірінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін ұғындыру, отбасы мүшелерінің сыйластығын үлгі тұтып, ата өсиетін, әке ақылын санаға сіңіріп, өз өміріне тағылым етуге баулу.
Отан – отбасынан басталады
Отан – отбасынан басталады
Оқушыларға отан, отбасы, ұғымдарын қалыптастыру; Танымдық ойлау қабілеттерін арттыру; Топта жұмыс жасата отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үйрету; Ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
ШҚО, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы, Благодарное орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Саметекова Жанар Бейсенқызы
Отбасы - өмір аясы
Отбасы - өмір аясы
Байқоңыр қаласы, №2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін орта мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×