Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыбдыры сұлу, Алтын күз!

06 қазан 2012, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Сыбдыры сұлу, Алтын күз"! Ашық тәрбие сағат

Авторлық жұмыс
Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, - ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында. (Н.Назарбаев).
1. Ассалаумағалейкум ардақты ағайын!
2. Кеш жарық құрметті көрермендер!
1. Бармысыздар жақсы ниетпен келген ұстаздар қауымы!
2. Бармысыңдар жалынды жастар қауымы!
1. Егеменді еліміздің жарқын болашағын жалғаушы биылғы мектеп бітіруші түлектердің «Сыбдыры сұлу» күз атты концерттік кешіне қош келдіңіздер
2. Күз дегеніміз - байлық, молшылық жазира даланың дархан дастарханы екенін ұғындық.
Танаптардағы самалмен тербелген егін сабағы молшылықтың нышаны. Өңін жел қағып,
Күн сүйген жандардың қажыр қайраты. Безбенге түсер шақ қыр астында өнім көңілден табылса, онан асқан қуаныш болмасы анық.

1. Күз - халқымның ежелден берекесі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз біз де бүгін күз мейрамын,
Алтын күз құтты болсын мерекесі!
2. Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып
Береке бірлікпенен ортақтассын

1. Толғантпас толқытпас ән кімді
Жүректер еріксіз балқиды,
Ешбір күш тоқтата алмас
Шалқиды ән шалқиды.
(Ай сәулем)

1. Береке ғой, мереке ғой күз деген
Байлығы ғой еліміздің жүздеген
Таза еңбек маңдай терің төгілсе
Адал асың алдыңдағы іздеген

1. Қарсы алайық қол соға,
Өнерлі жас қаншама.
Мың бұралып билеген
Қазақ биімен ортада (Қара жорға)

2. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Ал Нұрбол алтын дейтін себебі неліктен білесің бе?
1. Иә әрине алтын дейтін себебі біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден алтын байлықтың белгісі. Сонымен қатар күзде жеміс-жидек, дәнді-дақылдар пісіп жетіледі. Сол өсімдіктің пісіп жетілуіне еңбегін сіңіретін адамдар.
2. Нұрбол мен сенің не айтқың келетінін түсіндім. Біз де осы мектептің пісіп жетілуші жемісі боламыз яғни, биылғы түлектер. Осы түлектерді жетелеп алға ұмтылдырған әрине біздің мұғалімдеріміз дегің келеді ғой.

1. Ақ бата алып тектілерден арыстан
Көңілі бар ұшқан құспен жарысқан
Ғалия апай шалқар шабыт иесі
Ақын жаны сәуле алатын ғарыштан

2. Альпинистей бағындырған сан шыңды
Қылыштайын өткір, таза ар сынды
Ісіменен, мінезімен биік тұр
Гүлшат апай рухы биік тау сынды
(Ұстазым)

1. Күлкі үйірілсін жүзіне бар адамның
Шаттық құйып төріне сар даланың
Күлкі өмірді жасартар деген халқым
Күле алмасаң өмірге барма амалың

1. Береке басы алтын дән
Берген жерге бал тұнған
Ақ күріш берген Отанға
Айналдым іскер халқымнан

2. Төгілген күздігүні жапырақтар
Жаз бен күздің белгісі ажыратар
Жинап алып сақтап қойсаң сағынғанда
Күзді еске алып, жаныңды жадыратар

(Сағыныш сағым жылдар)
Мың бұралған өнермен,
Тамсандырған халықты
Арулары он бірдің
Шабандоз атты биімен
(Шабандоз)

2. Дәстүрлі әдет-ғұрып салтымыз бар,
Басшылық қадірменді салтымыз бар.
Сіздерге жалықпаймыз қызметтен
Ықыласпен өнерге зер салыңдар
(Тамаша)

1. Ән қандай, ән болмысты қызың қандай,
Таң жібіп, әуенімен жүз жанғандай.
Сырлы саз, әсем әуен, ескен сайын
Барады көңілдерде шыдам қалмай
(Гүлімсің)

2. Кешіміз өтіп жатыр салтанатты
Төгілген күн нұрының шапағаты
Мың бұралып бишілер би билейді
Халайық қол соғыңыздыр мархаббатты
(Би испан)

1. Өлеңді айтқан сайын асқарлады,
Осы болсын кешіміздің басталғаны
Қошеметтеп ағайын қарсы алыңдар
Алдыңызда өнердің жас тарланы

2. Үндінің махаббатын жеткізген
Билесе жұрт көңілін тербететін
Көрікті Ақкенже мен Еркебұлан
Көрерменнің шаттығына бөленетін
(Үнді биі)

1. Күлкі өмірді ұзартар
Деген сөз бар қазақта
Әзілдейік күлейік
Айналдырмай мазаққа
(Тамаша)

2. Нұрбол сен осы білесің бе? Күзде егінді жинап болған ата-бабаларымыз үлкен той өткізеді. Ол той сабан той деп аталады.

1. Оған қоса әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау кештер өткізу дәстүрге айналған. Сондықтан егін егуші диқаншы ағаларымыздың жанұяларына бақыт тілейміз!
2. Шарықтап самға
Өнермен алға
Мақтанып талпын,
Шаттанып халқым
Ән: «Әке» Әсемкүл

2. Жомарт көңіл жарқын жүз,
Сары алтынға малынған
Жетті міне алтын күз
Сары алтыннан бұрында
Сары күліш көйлегі
Алтын күзді шынында
Ару дерсің бейнелі
Келістіріп бар сәнін
Берген өзі табиғат
(Би «Араш») Самал

1. Ана дейміз бәрімізде жарқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазақ, алтын бақ.
Ән: «Ана» Нұрболат

2. Күлкі үйірілсін жүзіне бар адамның
Шаттық құйып төріне сар даланың
Күлкі өмірді жасартар деген халқым
Күле алмасаң өмірге барма амалың
Пародия

1. Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке
Қастерледік, қадіріңді білдік те
Құтты болсын «Алтын күз» жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
Ән: «Кекілді қыз»

2. Қарсы алайық қол соға,
Өнерлі жас қаншама
Мың бұралып билеген,
Орыс биімен ортада (Орыс биі)
1. Келесі кезекті қыз қуу биіне береміз
(Қыз қуу)
2. Моншақ қылып тағайын
Маржан сөзді тізбелеп
Көңілді жарқын шақтарда
Кездесейік ағайын
1. Міне біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адамдықпен табамыз.
2. Ән - мереке жолықтырсын аман-сау
Күз кешінің шымылдығын жабамыз!
35 750
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін
Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім
Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді, Көңіл шіркін, тасып - толып өседі. Ұл кешегі жігіт болып қалыпты ау, Бойжетіпті бантиктегі қыз кешегі.
Күз - береке, молшылық
Күз - береке, молшылық
«Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз - байлық, күз - береке, күз - молшылдық, күз - шаттық, күз - қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Берекелі Алтын күз!
Берекелі Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Арайлы алтын күз
Арайлы алтын күз
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын, Көңілді серіппелі күйін ашсын. Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып, Береке бірлікпенен ортақтассын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×