Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балапан боп келіп ем, алтын ұяға, Қыран болып ұшып барам қияға!

06 қазан 2012, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Балапан боп келіп ем, алтын ұяға, Қыран болып ұшып барам қияға!

Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, - ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында.
Н. Ә. Назарбаев

Жұптық авторлық жұмыс Биылғы 11 сыныптарды бітіртіп отырған сынып жетекшілері Қазанбай Ғалиямен Сейткерей Гүлшаттың ұсынып отырған бұл авторлық жұмысындағы өлеңдердің 90% авторлық туынды, өзіміз шығарған дүние (Авторлар туралы мәлімет мақала соңында)

Соңғы қоңырау салтанатты жиынының
Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына ұштастырылып жасалған
Үлгі ретінде ұсынылып отырған жүргізу барысы

«Балапан боп келіп ем, алтын ұяға,
Қыран болып ұшып барам қияға!»
атты мектеп бітірушілердің соңғы қоңырау салтанатты жиыны
I. Әйгерім:
- Армысыңдар, құрметті ел ағалары!
Қайырлы күн ардақты аналарым,
Қош келіпсіз жиынға салтанатты.
Мектеппен қош айтысар балаларың!
Айдос:
Киелі орын бізге білім берген,
Қоштасатын сәтте келді өзіңменен.
Он бір жыл түған үйдей болған ұя,
Қалайша жүрегіміз сені қияр?

Әйгерім:
Сен деп соққан мектебім жүрегіміз,
Өзіңнен бастау алар тілегіміз.
Әркез бізді, колдаған білім берген,
Ұстазбенен мектебім - ұғым егіз!

Айдос:
Ұшқалы тұр ұядан қанат жайып,
Дүрсілдеген жүректері әр сәт сайын.
43 арман қуған балапаның,
Қабыл алғай өмір бізді құшақ жайып.
Әйгерім:
43 тамшы біздер - өмір теңіз!
Елімді гүлдетеміз, көгертеміз!
43 кірпіш болып кетік тауып,
Отанымның қабырғасын түзетеміз

Айдос:
Әне олар әр біреуі тұлға дара,
Бірі көсем болашақта, бірі дана.
Кеше ғана балапан болған олар,
Қанат жайып ұшқалы тұр кең далама.

Әйгерім:
Алғашқы ұстазымен қол ұстасып
Жетекші мен қимай - қимай қоштасып
Келеді бітіруші түлектерің
Ақ бантигі өздеріне жарасып

Айдос:
11 «А» Сүйікті ең алғашқы ұстазымыз,
Өзіңізбен өтті талай қыс жазымыз. Шаһар апайларына – алғашқы ұстаз
Ең алғашқы әріпті танытқан жан,
Шаһар апай шәкірттермен жол бастаңыз.
Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2009 байқауында III - орын Республикалық «Мөлдір бұлақ»Журналының екі дүркін «Алғыс хатымен» марапатталған Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің «Мақтау қағазымен марапатталған»

Әйгерім: Жан дүниесі мейірім нұрын шашатын,
Гүлшат апай өмір сырын ашатын.
Білікті ұстаз бала жанын ұғатын,
Гүлшат апай - 11 «А»сынып жетекшісі
Бар ма екен сізден адам асатын?

Облыстық ғылым негіздерін жетілдіру мақсатында өткізілген білім сайысының жүлдегері,
Аудандық «Үздік сабақ - 2010» байқауының II – орын жүлдегері, Аудандық «Үздік сынып
Жетекші - 2011»байқауының «Алғыс хат» иегері Сейткерей Гүлшат апайымыз 11сыныпты бітірткен сынып жетекшіміз

Өтерде бала кезден балғын кезге,
Күндей Жанып Ләйлә апай келді бізге.
Байыппен тәрбие мен білім берген,
Бүгін де күндей жайнап келдіңіз бе?
Алғашқы ұстаздан аялап қабылдап алып байсалды ұстамымен байыпты тәрбиесімен бірге тәлім тәрбие беріп білім нәрін сусындатқан Республика облыс және аудандық байқауларының жеңімпазы «Ауылдың ең үздік қазақ тілі пәнінің мұғалімі» «Ауылдың ең үздік қазақ тілі пәнінің мұғалімі» қола медалінің жеңімпазы ұстазымыз Пірманова Ләйлә апайымыз құрметті қонағымыз болып келіп отыр

Айдос:
1. Байзақ Арайлым - «Менің даусым отанға», «Жеңісті жақындатқан әндер» атты патриоттық әндер байқауының Бас жүлдегері, «Менің туған өлкем» атты кеште дипломмен марапатталған сыныптың жез таңдай әншісі, «Бөбек*2000» атты сайысында Бас жүлде, Патриоттық әндер сайысының үш дүркін Бас жүлде иегері, Аудандық «»Болашақ сахна саңлағы, Қыздар Ұйымының төрайымы.

Әйгерім:
2. Молдадосова Гулмереке - Аудандық спартакиаданың екі дүркін жүлдегері, мектепішілік «Қыз сыны» байқауының жеңімпазы, «Үздік жүргізуші»байқауының жүлдегері, Республикалық Ақбота Марафонының жүлдегері, Республикалық «Кенгуру» марафонының Дипломының иегері, Сыныптың үздік оқушысы,

Айдос:
3. Зейнуллин Нұрболат -«Экология алаңы» интеллектуалдық турнирдің Бас жүлдегері, Орыс тілі апталығының «Жас аудармашы» байқауының II - орын иегері, «Ұлттық би - 2010 «байқауының I – Орын жүлдегері Интеллектуалды Азиада білім додасының жеңімпазы, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласанын үздік оқушы, Қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық би - 2010 «байқауының I – Орын жүлдегерСпорт бөлімінің жетекшісі Болашақ дәрігер – хирург

Әйгерім:
4. Арынғызы Нұрқанат - Аудандық14 спартакиада волейбол жанры бойынша жүлделі III - орын, Қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық би - 2010 «байқауының I – Орын жүлдегер іИнтеллектуалды брейн – ринг
турнирінің «Алғыс хат»иегері, Сыныптың тәртіп секторы, болашақ инжинер.

Айдос:
5. Китым Бақыткүл -«Ұлтаралық достық» атты апталықта өнерімен көзге түскені үшін «Алғыс хат» иегері, «Жұлдызды сәт»атты интеллектуалды білім байқауында I орын иегері,
Сыныптың ред коллегия мүшесі, болашақ дәрігер - педиатр

Әйгерім:
6. Қалнияз Әмірхан -«21ғасыр көшбасшысы» білім додасының бас жүлдегері, Тоғыз құмалақ турнирінің жеңімпазы,»» -«Сыбдыры сылу алтын күз!» атты сайысының Ханзада тәжін жеңіп алған «Жас полиглот - аудармашы» байқауының I орын иегері, болашақ теміржол саласының қызметкері, Сыныптың үздік оқушысы.

Толық нұсқасын жүктеу
50 503
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен.
Қош бол, алтын ұям - мектебім
Қош бол, алтын ұям - мектебім
Қош бол, алтын ұям - мектебім» соңғы қоңырау салтанатты жиынына қош келіпсіздер!
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің ---- түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
"Cоңғы қоңырау -2014" салтанатты жиынының жүрісі
"Cоңғы қоңырау -2014" салтанатты жиынының жүрісі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "№13 орта мектеп гимназиясы" мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандугаш Сагиндикова Кадиргалиевна
Білім айдынындағы жарқын 20 жыл салтанаты соңғы қоңырау әзірлемесі.
Білім айдынындағы жарқын 20 жыл салтанаты соңғы қоңырау әзірлемесі.
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×