Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХ ғасыр көшбасшысы

20 қазан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақ жоспары

Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем қайталау
Мақсаты:
1. Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету.
2. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
3. Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Әдісі: ойын. сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: жейтон, инт. тақта, мақтау қағазы

Өту барысы
Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Отырамыз.
Сабаққа келген көңіл күйлерін қандай?
Тамаша ендеше осы жақсы көңіл күйімізбен қазақ тілінен сыныптан тыс сабағымызды бастайық.
Бүгін біз сендермен өткен сабақтағы бар білімімізді еске түсіреміз. Яғни ойын арқылы. Ойынның аты «21 ғасыр көшбасшысы»
Ол үшін біз сендермен үш топта жұмыс атқарамыз. Яғни отырған қалыптарымен. Алдарыңда сендерге бірнеше категория берілген. Әр категория да өздеріне байланысты сұрақ сандары орналасқан.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Абай атамыздың сөзімен бастағым келіп тұр.
Бірінші кезек 1 қатар балаларына беріледі.
4 кезеңнен тұрады.
1 кезең БӘЙГЕ
2 кезең ПОЛИГЛОТ
3 кезең ҒАЖАЙЫП АЛАҢ
4 кезең ҚИЯЛ ӘЛЕМІНДЕ

1 - кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып таяқшаны көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 ұпайдан есептеледі.
2 - кезең «полиглот» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ - орыс тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір - бір ұпайдан беріледі, Толық жауапқа 5 ұпай.
3 - кезең «Ғажайып алаңда» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайлық жүйе беріледі. Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.
4 - кезең «Қиял әлемінде» Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.

Бәйге» турын бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
1 сұрақ. Төрт түйеқұс ұшып бара жатыр біреуін атты нешеуі қалды?
2 сұрақ. А және Б деген құстар талда отыр, А мен Б ұшып кетті қайсысы қалды?

1 - саты: Ережелер
10) Қазақ әліппесінде қанша әріп бар? (42)
20) Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
30) Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? (екі немесе одан да көп сөздерден құралған мағыналы байланысты сөз тіркесі дейміз.
Мысалы: қалың шаш)
40) Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 - саты: Мақалды аяқта
10). Гүл өссе – жердің көркі,
... өссе – елдің көркі
20) Ел іші –... бесік
30).... - үлкен мектеп
40)... – отбасынан басталады

3 саты: Құрмалас сөйлем құрастыр!
4 - саты: Жұмбақтар
10) Егіз қайың,
Бой - бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес - бестен. (қол)
20) Тұмсығымен ояды,
Ағаш құртын жояды. (тоқылдақ)
30) Аты да көк,
Зат да көк (аспан)
40) Өзі бел астында,
Көзі жер астында. (бұлақ)

5 - саты: Ойлан тап!
10) сыйлыққа 10 ұпай. барлығы қосылып би билейді
20) Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, ал екі аяғымен тұрса неше кг?
30) Қай айда 28 күн бар?
40) Король кімнің алдында тәжін шешеді?

6 - саты: Қазақстан!
10) Қазақстан президенті кім?
20) Қай жылы тәуелсіздігін алды?
30) Қазақстанда неше облыс бар?
40) Қазақстанның халық саны?
Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деген нарталас,
Жеңілемін деп ойлама!
Топ басшылары және әділ қазылар ұпай санын есептейді.
Жеңіске жеткен топ марапатталады.
3 835
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілетін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Еркін сөйлеу қабілеттерін ашу.
XXI ғасыр көшбасшысы (танымдық ойын)
XXI ғасыр көшбасшысы (танымдық ойын)
Қазақ тілінен алған білімдерін байқау. Тіл мәртебесін көтеру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау сөйлеу мәнерлерін қалыптастыру, дамыту. Өз ойларын, білімдерін жинақтап тұжырымдай білуге дағдылану.
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Астана қаласы, № 64 мектеп - лицейі Бастауыш сынып мұғалімі Арыстанова Қарлығаш Ақылбекқызы
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
Құрмалас сөйлем қайталау
Құрмалас сөйлем қайталау
Қостанай қаласы, №9 отра мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Зейноллаева Гульден Талгатовна
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×