Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнерлінің өрісі кең

20 қазан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Өнерлінің өрісі кең (5 - сыныптар арасында білім сайысы)
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайыс барысында дамытып, сөздік қорларын, ана тілі мен тарихын, өз елін сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың барысы:
Құрметті қонақтар мен оқушылар!
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңдік дәрежесіне жеткізетін қасиет – білім» деп М. Әуезов айтқандай,
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады
дейді халық даналығы деп сіздерді бүгінгі «Өнерлінің өрісі кең» білім – сайысына қош келдіңіздер дейміз!
Сайыс болғандықтан әділ қазылар сайлау.
Сайыстың жүргізілу шартымен таныстырсақ.
Топтар өздерін таныстырады.

1 - кезең «Кім жылдам?» деп аталады.
(5 сұрақ беріледі «ойлануға 1 мин. Бір - бірден жауап беру керек.)
1 - топ
Көнерген сөздер дегеніміз не? Мағынасына қарай қаншаға бөлінеді?
Әдеби тіл неше формаға бөлінеді?
Қырық мысал, Маса жинақтарының авторы кім?
М. Мақатаев қай қалада қызмет еткен?
Ең алғашқы түсірлген кинофильм.
2 - топ
Антоним дегеніміз не?
Диалект сөздер дегеніміз не?
Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылды?
Тасқа жазылған көне дастандар?
1854 жылы көктемде құрылған бекініс.
3 - топ
Табу дегеніміз не?
Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не?
Ы. Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясы кімге арналған?
Ш. Айтматов қай ұлттың перзенті?
Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты XIX ғасырдың соңында Жетісуда ерекше көзге түскен жәрмеңке.
4 - топ
Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
Синоним дегеніміз не?
Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталады?
Шәкәрім қай жылы толық ақталған?
А. С. Пушкин Оралда қағазға түсірген поэма.

2 - кезең. «Қызықты грамматика»
Берілген суретерден көнерген сөздерді, жаңа сөздерді, кірме сөздерді, кәсіби сөздерді тауып, фонетикалық талдау жасау.

3 - кезең. Логикалық тапсырма.
(Суреттерден тұрақты тіркестерді тауып, баламасын айту.)

4 - кезең. «Ой ұшқырлығы» сайысы»
( Көзді байлап, сурет салу)
Биылғы жылы «Жылқы жылы» болғандықтан, тұлпардың суретін саласыңдар.

5 - кезең. Топ басшылар жарысы
(1 мин. Ішінде неше сұраққа жауап бер)
I топ
1. Қазақстанның Астанасы?- Астана
2. «Он екі» - қандай сөз?- күрделі сөз
3. Келе – келе – қандай сөз?- қос сөз
4. Әкеңнің әкесі саған кім? – Ата
5. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? – 9
6. Жиренше шешеннің әйелінің аты? – Қарашаш
7. Ер Төстіктің тұлпарының аты не? – Шалқұйрық
8. Үлкен сөзінің антонимі – кіші
9. Көзді ашып жұмғанша тұрақты тіркесінің баламасы – тез
10. Хан қандай сөз – көнерген сөз.
11. Дәптер қандай сөз – кірме сөз.
12. Әңгелек қандай сөз – кәсіби сөз.
13. Жаманның шын аты – Аяз би
14. «Толағай» ертегісінің авторы – Ә.Тәжібаев.

II топ
1. Абай Құнанбаевтың өлеңі - қыс, ғылым таппай мақтанба
2. Егеуқұйрық қандай сөз - біріккен сөз
3. Жиырма бес қандай сөз - күрделі сөз
4. Тазша қай ертегінің кейіпкері - қырық өтірік
5. Кенжекей қай ертегіде кездеседі – Ер Төстік
6. Бәдірен қандай сөз - диалект сөз
7. Шиіт қандай сөзге жатады - кәсіби сөз
8. Торлама қандай сөз - кәсіби сөз
9. « Өгіз бен бақа» кімнің шығармасы авторы – А. Байтұрсынов
10. Ер Төстіктің қалыңдығының аты – Кенжекей
11. Толағай не істеді?- тау көтерді
12. Кендебайдың тұлпарының аты не? – Керқұла
13. Жиырма бес қандай сөз? – күрделі
14. Түс – қандай сөз?

III топ
1. Махамбет Өтемісовтің өлеңі - қызғыш құс, не соғыс
2. Екібастұз қандай сөз? – біріккен сөз
3. Керқұла кімнің тұлпары – Кендебайдың
4. « Егіннің бастары» кімнің шығармасы – А.Байтұрсынов
5. Бәтеңке қандай сөз – кірме сөз
6. Ит өлген жер тұрақты тіркестің баламасы – алыс
7. Патша қандай сөз – көнерген сөз
8. Анаңның әкесі саған кім – Нағашы ата
9. Итқұс қандай сөз - табу
10. Биік сөздерінің антонимі – аласа
11. Адам - қандай сөз табы – зат есім
12. Айта - айта қандай сөз – қос сөз
13. Шербек – қай сөзге жатады
14. Төле би, достық жайлы не деген

IV топ
1. Тасбақа қандай сөз? – біріккен.
2. Табуға мысал келтір?
3. Буын түрлерін ата?
4. Әкеңнің анасы саған кім? – Әже
5. Ғылым таппай мақтанба - кімнің өлеңі? – Абай
6. Эвфемизмге мысал келтір?
7. Көнерген сөзге мысал келтір?
8. Сіріңке қандай сөз? – диалект
9. Биік сөзінің антонимі – аласа
10. Табу қай тілдің сөзі? – Индонезия
11. Синонимге мысал келтір?
12. Математика терминін ата – куб
13. Неліктен көнерген сөздер қазір қолданылмайды? – өйткені көнерген
14. «Екі аяғын бір етікке тығу» баламасы – ұрсу.

6 - кезең. Жарнама жасау (Белгілі бір суретке.)
Әділ қазылар нәтижесін шығарғанша
Ән. «Қазақ жастары»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 798
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атадан қалған – асыл сөз интеллектуалды ойын
Атадан қалған – асыл сөз интеллектуалды ойын
Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру
Өнерлінің қолы - алтын, өлеңшінің сөзі - алтын
Өнерлінің қолы - алтын, өлеңшінің сөзі - алтын
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, «Жасұлан» балалар бақшасы Телманова Әсия
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Математикалық апталық (8 - 9 сыныптар арасында) Тақырыбы: «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» Мақсаты: Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Ойлайық та, ойнайық
Ойлайық та, ойнайық
Арал қаласы, №220 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Садуакасова Венера Аққасенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×