Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аялы алақан

21 қазан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Аялы алақан»
Мақсаты:
- отбасы құндылықтарын, дәстүрлерін жаңарту;
- ата - ана мен бала арасындағы және отбасы мүшелерінің бірі - біріне жақсы
қарым - қатынастарын орнату;
- қамқоршыларға құрмет әрі қолдау көрсету.
Күтілетін нәтиже:
- өз ұлтының әдеп - ғұрыптарын, салт - дәстүрлерін қастерлейтін,
- өз ойын ашық жеткізетін, өзіндік пікірін білдіре алатын,
- ата - ананы, отбасын, өмір құндылықтарын құрметтейтін тұлға қалыптастыру.

Көрнекілігі: слайд, тренингтер, оқушы шығармалары, нақыл сөздер.
Барысы:
І. Кіріспе бөлім.
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгін 29 – қазан – Қамқоршылар күні. Қамқоршы - түрлі себептермен ата - ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге алып, өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген адамдар. Бұл мереке соларға арналған мереке, оларға ризашылық білдіру, оларды қолдау мақсатында аталып өтеді. Біздің мектебімізде қамқоршы болып отырған анамыз – Бисенгалиева Баян апайды бәріміз білеміз. Жыл сайын мереке күні апайымызды құттықтап, онымен кездесу өткізіп жүрміз. Биыл да сол дәстүр бойынша мерекені атап өтпекпіз. Бұл мерекеге көп балалы отбасыларды да шақырып отырмыз. Бала тәрбиелеуде қажымас еңбек етіп, оған жауапкершілікпен қарап, жүрек жылуын беріп, аялап, қамқорлық көрсетіп жүрген ата - аналарды бүгінгі мерекемен құттықтаймыз.
«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев айтқандай бала тәрбиесіндегі тәжірибені бөлісу мақсатында ата - аналармен жүздесіп отырмыз.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт - дәстүрлердің сақтаушысы. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір - бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым - қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған.

ІІ. Негізгі бөлім
- Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Аталар мен апалар ауыл - аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый - құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі. Отырысымызды әрі жалғау үшін топ болып жұмыстанамыз.
Ата - аналар әр түрлі бейнелерді суыру арқылы екі топқа бөлінеді (балалары ата - аналары мен бірге болады).
1. Тренинг: «Бұл кім?»
Барлығы ақ параққа сурет салады, ата - ана баласын неге теңейді, бала ата - анасын неге теңейді, соның суретін салу, түсіндіріп айту.
2.«Аяқталмаған сөйлем» (Оқушыларға тапсырма)
1. Отбасы бұл...( жайлылық, жылылық, қуаныш, сүйікті адамдар т. б.)
2. Менің ата - анам бұл... (менің достарым, сенімді серігім, мені сүйетін адамдар, өзара түсіністік т. б.)
3. Менің жанұямдағы қуаныш – бұл (көтеріңкі көңіл - күй, болашаққа жоспар, бақыт т. б.)
4. Үйімнен жыраққа кетсем,... (үйімді сағынамын, ата - анамды, бауырларымды сағынамын, т. б)
5. Ата - анамның басты тілегі – бұл... (балалардың денсаулығы, менің болашағым, балаларымның бақыты т. б)
3. «Менің балаға қатысты міндеттерім» (ата - аналарға)
«Менің ата - анаға қатысты міндеттерім» (балаларға)
Қағазға жазып, оқиды. Қайсысы көп жазса, сол жеңімпаз болады.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан - ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.

3. Ырымдар мен тыйымдар айтылады, себебін жалғастырып айту керек.
(Ата - аналарға)
● Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды.
● Жайшылықта мініс атының жал - құйрығы күзелмейді. Себебі ат иесі өлсе - оның мініс аты тұлданып, жал - құйрығы күзеледі, қаралы күйге келтіріледі. Сондықтан жайшылықтағы мініс ат сондай күйде көрінбесін дегені.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 962
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі атты байқау сценариі
Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі атты байқау сценариі
Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін және қазақ этнопедагогикасындағы отбасы тәрбиесі құндылықтарын насихаттау, «Үлгілі жанұя» модельдерін құру, ата - ана мен бала қарым - қатынасын жетілдіру, үлгілі отбасын анықтау және олардың татулығын арттырып,
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына
Қазақстандағы Отбасы күніне орай өткізген «Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық аясындағы «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбындағы ашық шараның бағдарламасы
Отбасым - бақыт мекені
Отбасым - бақыт мекені
Мақсаты: бала тәрбиесінің алғашқы қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі екенін түсіндіру, отбасы сыйластығын нығайту, балаларға қамқорлық жасап отырған ата - аналарға қолдау көрсету.
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақтар топтамасы назарларыңызға ұсынып отырмыз. Сәттілік тілейміз.
Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық.
Отбасы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×