Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


XXI ғасыр көшбасшысы

12 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Интеллектуалдық ойын
«XXI ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты: 1. Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды басқа пәндерден алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.
2. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
3. Білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар компьютер арқылы көрсетіледі, интербелсенді тақта
Әдіс - тәсілдер: ойын, сұрақ - жауап.

Іс - шараның барысы.
Ойынға қатысушылармен танысу.
- Кеш жарық құрметті жиналған қауым! Бүгін алдарыңыздa «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны. Әр аймақтың білімін арқалаған білімділер ортаға түседі.
- Ал, енді, ойындағы жинаған ұпай сандарын есептеп, ойын нәтижесін сараптап отыратын әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
(әділ - қазылар алқасымен таныстыру)
- Ойынымызды бастайық! Сіздерге сәттілік тілеймін!
Ойын айналымдары:
- Ойын төрт бөлімнен тұрады:
1. Бәйге
2. Дода
3. Жорға
4. Cөз зергері
- Бірінші айналым, яғни екі ойын бөлімі аяқталған соң, ұпайы төмен үш ойыншы ойыннан шығады.

1. Бәйге
- Ойын шарты бойынша әр ойыншыға сұрақ беріледі. Егер ойыншы өз сұрағына дұрыс жауап бере алмаса, келесі ойыншы жауап беріп, өзіне ұпай санын қоса алады. Әр сұрақтың жауабы 1 ұпай.
1. 1. Картадағы немесе пландағы қашықтықтың жердегі қашықтықтан неше есе кіші екенін көрсететін бөлшек сан
Ж: масштаб
2. Ұлы жібек жолы басталатын ел
Ж: Қытай
3. «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Бір уыс мақта» әңгімелерінің авторы кім?
Ж: Ы. Алтынсарин
4. Гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі
Ж: аналық

2. 1. Жақсы, келбетті шындарымен, құздарымен ерекшелінген жер бедерінің шығыңқы түрі
Ж: тау
2. Қазақстандағы миллионер - қала
Ж: Алматы
3. Абайдың «бес асыл іс, бес дұшпан» қай өлеңде айтылған?
Ж: Ғылым таппай мақтанба
4. Адам жасушасының ядросындағы хромосома саны
Ж: 46

3. 1. Топырақтың су және жел әрекетінен бұзылуы
Ж: эрозия
2. Қ. Р. отын түрі
Ж: көмір
3. Ағаш қабығының қабаттары
Ж: төз, тің, өң
4. «Евгений Онегин» романының авторы кім?
Ж: А. С. Пушкин

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 648
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Астана қаласы, № 64 мектеп - лицейі Бастауыш сынып мұғалімі Арыстанова Қарлығаш Ақылбекқызы
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×