Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

10 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
1 - желтоқсан Президент күні
Мақсаты: білімділік - оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;
дамытушылық - жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту;
тәрбиелік - елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеу.
Көрнекілік: елбасының суреті, сюжетті ( рәміздер, Астана, еңбек жолындағы) суреттерден әзірленген слайдтар, еңбектері, үнтаспа, буклеттер, қанатты сөздер.

БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының әнұранын орындау.
«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»
Тәрбие сағатының эпиграфы: «... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы - бергідегі қазақ баласының бірде - бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты - толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат - қабілетімді, білім - білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...»
Нұрсұлтан Назарбаев.

Ой - шақыру стратегиясы.
«Нұрсұлтан Назарбаев - түрік әлемінің лидері»(Т. Ердоған - Түркияның премьер - министрі)
Мұғалім: Нұрсұлтан Назарбаев - мемлекетімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы - төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н. Ә. Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.
Н. Ә. Назарбаев - ұлттық дәстүрден тәрбиеленген, халқының бар қадір - қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан - тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат;
• қалың елінің жаңашыры, мұңдасы, тағдырласы;
• қорыққанға қорған, тарыққанға пана, зарыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті;
• алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем;
• елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары;
• халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, егескенде еңсесін басатын, елдескенде мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.

1 - жүргізуші
Ой қозғау стратегиясы.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған игі істерін талдау үшін зерттеуші оқушыларға сөз кезегін береміз.

1 - оқушы
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтының да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жүр
Соныңа ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

2 - жүргізуші
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 1940 жылдың 7 - шілдесінде Алматы облысының Қаскелең (Қарасай) ауданындағы Шамалған ауылында туған. мамандығы - инженер - металлург. Экономика ғылымының докторы, академик, «Ғасыр адамы» атанған қайраткер. Елбасының атасы Назарбай өз аумағында билік жүргізген, ел басқарған адам екен. Шамалған, Қаскелең, Үшқоңыр жайлауын мекендеген.

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
"Қ. И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп - лицейі" КММ
бастауыш сынып мұғалімі Козыбаева Гульнур Жумабековна

Толық нұсқасын жүктеу
7 031
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Елбасының өмір жолы, ерекше қадір қасиеті, ерен еңбегі туралы түсінік беру. Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұтуға, отан сүйгіштікке баулу, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін ұлттық сана сезімі жоғары қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт лидері
Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт лидері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Д. Құрманбек атындағы №20 колледжінің тарих пәнінің магистрі Әбдішбек Айгүл Балтабекқызы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×