Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік

10 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тәуелсіздік ұғымын терең ұғындыру, оқушылардың бойына Отанына, еліне деген сүйіспеншілік пен бірлік ұғымдарын терең сіңіру. Мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегендігін, қаншама ағаларымызбен әпкелеріміздің жан қиярлық күрестерінің арқасында осындай күнге бізді жеткізгендігін, тәуелсіздік алғалы 28 жылдың ішінде қол жеткізген жетістіктерімізді, оқушылардың бойына сіңіре отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілімізбен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер, буклет.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау стратегиясы, «Кубизм» стратегиясы топтастыру, сұрақ - жауап т. б.
Сабақтың барысы:
І - кезең: Таныстыру
ІІ - кезең: Сөз мағынасы ашу
ІІІ - кезең: Сахналық қойылым
ІV - кезең: Сұрақ - жауап
V - кезең: Мақал - мәтел
VI - кезең: Қорытынды.

ӘНҰРАН (хабарланбайды).
Мұғалім сөзі: «Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына орай арналған «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағаты қош келдіңіздер! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Осындай іс - шараның өтілуі мақсаты Тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегендігін, қаншама ағаларымызбен әпкелеріміздің жан қиярлық күрестерінің арқасында осындай күнге бізді жеткізгендігін, тәуелсіздік алғалы 28 жылдың ішінде қол жеткізген жетістіктерімізді, оқушылардың бойына сіңіре отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілімізбен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Осындай жақсы да әдемі көңіл күймен ендігі сөз кезегін 8 «Б» сынып оқушыларына беремін.»
1 - жүргізуші:
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

2 – жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеніне биыл 28 жыл болды. Арманы асқақ еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті Н. Ә. Назарбаев жарқын болашаққа, кемел келешекке бастап келеді.
1 - жүргізуші:
Біз бақыттымыз, өткені дербес еліміз, тәуелсіздік жеріміз, ана уызымыз қанға сіңген қасиетті қазынамыз – ана тіліміз бар. Ендеше ана тіліміздің рухын көтерер, тәуелсізігімізді танытуға шақыратын бүгінгі біздің Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға бастауға рұқсат етіңіздер!!!
2 – жүргізуші:
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтпек. Сайысымыз 7 кезеңінен тұрады.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Әділ - қазылар алқасымен таныстыру.
-----------------
1 - жүргізуші:
І - кезең: Таныстыру.
Бұл кезеңде әр топ өзінің атын және эмблемасын қорғайды. Берілетін уақыт 5 минут. Барлық кездердің қ\ұпай сандары: Жоғары ұпай 30. Орташа ұпай 20. Төменгі ұпай 10.
Әрбір екі кезеңнің ұпай сандары есептеліп, әділ - қазылар бағаларын айтып отырады.
1. «Бейбітшілік»
2. «Егемендік»
3. «Тәуелсіздік»

2 – жүргізуші:
ІІ - кезең: Сөз мағынасы ашу. Бұл кезеңде барлық топқа __________________ сөзі беріледі. Сол сөздің мағынасын кеңірек ашу. Берілетін уақыт 3 минут.
1. «Бейбітшілік»
2. «Егемендік»
3. «Тәуелсіздік»

Толық нұсқасын жүктеу
6 543
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл - қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Тәуелсіздік мерекесінің маңыздылығын оқушы бойына ұғындыру.
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
Тәуелсіздігіміз туралы әңгімелеп, жалпы түсінік беру. Отан, туған жер, Ата-мекенімізді құрметтеп, сүюге, патриоттық тәрбие беру. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу.
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Петропавл қаласы, «Өнер колледжі - музыкалық - эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат»кешені» Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ж.Б.Ашимова
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына.  Мұқағали Мақатаев Отан туралы
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына. Мұқағали Мақатаев Отан туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Каратаева Майя Исимкуловна
Біздің Отанымыз - Қазақстан, біздің мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі
Біздің Отанымыз - Қазақстан, біздің мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі
Ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×