Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз менің елім

13 қазан 2012, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«№23 ЖОББМ» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Әбдыханова Ш.С.

ХХI- ғасыр көшбасшысы атты тәрбие сағаты.
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты өткізілген тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тәуелсіз менің елім.

Білімділік мақсаты: Еліміздің тарихы туралы, мәдениеті туралы білімдерін қайталау.
Тәрбиелік мақсаты: Әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы туған жерін, елін сүюге, ұлтар достығына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Тіл мәдениетін, ойын нақты жеткізуге қалыптастыру, дүниетанымдарын кеңейту.
Көрнекілігі: Слайдтар, карточкалар, галстуктар.

Барысы: Залда Отырардағы той әнінің әуені ойнап тұрады.
Ән: «Жаса Қазақстан!»
Жүргізуші:
Қыры - сыры көп білімнің,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріңе,
Ал, келіңдер - келіңдер!
Біріңе бірің еріңдер.
Білімдеріңді тексеріп,
Сайысқа түсіп жүріңдер.

Қош келдіңдер оқушылар! Сендер күнделікті өмірде ХХI- ғасыр білімділер ғасыры, ақпарат ғасыры деген сөздерді естіп жүрген шығарсыңдар? Олай болса сендер бүгін сендер ХХI - ғасыр көшбасшысы атты ойын ойнағыларың келе ме? Олай болса ойынның шартымен таныстырып өтейін. Алдымен екі топқа бөлінеміз. Тәртіптілікті де ұмытпаймыз. Ойын үш турдан тұрады. Әділ қазылар арқасы әр сұрақтың ұпайын белгілеп, жазып отырады. I - тур «Полиглот» деп аталады. Бұл турда әр сұрақтың өз ұпайлары бар, яғни сол сұраққа жауап берілсе, ұпай қойылады. Ал жауап берілмесе қойылмайды. II – тур «Мимика - понтомимика» деп аталады, яғни оқушының қолына тиген сөзді тек қана қимыл-қозғалыс арқылы көрсетіп түсіндіреді. Бұл турда жасырылған сөзді көрермендер тапса 10 ұпай беріледі. III – тур «Бәйге» деп аталады. Бұл турда әр топтан бір оқушы шығып уақытқа жауап береді. Әрине уақыт біткенде сұрақта тоқтайды. Әр сұрақ 10 ұпайдан есептеледі.
Бишілер тобы: «Грузин биі»

I - тур «Полиглот»
Мәдениет 10 Қазақ халқында болған, бірақ жылдар өте келе ұмыт болған, кейінгі кездерде қайта жарық көрген ұлттық би атауы?
Туған қалам 20 Полковничий аралында орналасқан монумент аттарын атаңдар?
Рәміздер 10 Қазақстан республикасының Мемлекеттік туының авторы кім?
Ұлттар достығы 20 Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
Заң 30 Мемлекеттегі ең басты заң?
Ғарыш 30 Тұңғыш қазақ ғарышкері?
Территория 40 Қазақстан Республикасының шекарасы қай елдермен шектесіп жатыр?
Табиғат 20 Қай қала шахтерлер астанасы деп аталады?
Астана 30 Астананың ортасын жарып, ағып жатқан өзен?
Тарих 40 Бейне сұрақ
Өнер10 Музыкалық сұрақ
Білім 40 Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фараби нешеге жуық тілді білген?
Валюта 50 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай қалада шығарылады?
Музыка 50 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазған кімдер кім?

II – тур
«Мимика - понтомимика» Карточкаларда:
1) Жылқы
2) Щетка
3) Тарақ
4) Сөмке
5) Бүркіт
6) Кітап
7) Қалам
8) Өшіргіш
9) Мысық
10) Доп
11) Қылыш
12) Бор
13) Шар
14) Сорпа

III – тур «Бәйге»
Бұл турда әр топтан бір оқушы шығып уақытқа жауап береді. Әрине уақыт біткенде сұрақта тоқтайды. Әр сұрақ 10 ұпайдан есептеледі.
1. Тұңғыш қазақ ғарышкері?
2. Тудың авторы?
3. Азияда символы болған жануар?
4. Мүйізді ірі қара жануар?
5. Ақшамыз қалай аталады?
6. Заттың атын білдіретін сөздер?
7. Қазақстанда қандай дәнді дақылдар өсіріледі?
8. Қазақстанның оңтүстік астанасы қай қала?
9. Қазақстанда өз бетімен өсетін дәрілік өсімдік?
10. Күйіс қайырмайтын ірі қара малы?
11. Теңге қай қалада шығарылады?
12. Заттың қимылын білдіретін сөз?

Ән: «Сарыжайлау»
Жүргізуші: Әділ қазылар ұпай сандарын есептеп болса нәтижесін шығарайық.
Мақтау қағазбен марапаттау.

Жүргізуші: Қазақстан XXI ғасырға нық қадам басып, игілікті жаңғырулар жолында едәуір ілгері басты. Бүгінгі күнде барша жұртшылықтың назары ұлтаралық татулықты сақтауға, болашақты баянда етуге бағытталып жатыр. Келешектің көшбасшылары сендер болыңдар! Сау болыңдар!
6 608
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық.
Тәуелсіз елім Қазақстан
Тәуелсіз елім Қазақстан
Қайырлы кеш, құрметті ата – аналар, мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға - апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім – Қазақстан» кешіне қош
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Тәрбие сағатының тақырыбы: Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Тәуелсіздік күні – ерекше мереке
Тәуелсіздік күні – ерекше мереке
ШҚО, Өскемен қаласы, №38 гимназия мектебінің қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Жумажанова Акмарал Толепбекқызы
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×