Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасай бер, туған тілім, ана тілім!

15 қазан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің ағылшын пән мұғалімі
Сисенбаева Гүлмира Әбдіқаниқызы

Тақырыбы: Жасай бер, туған тілім, ана тілім!
Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға - ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты жүйелі айта алуға топ алдында еркін сөйлесуге баулу.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, нақыл сөздер
Сабақтың әдісі: жарыс, сұрақ жауап
Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың тақырыбымен таныстырып, мақсатын баяндау. Оқушыларды екі топқа бөліп сайыс кезеңдерімен таныстыру.
II. Кіріспе.
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар бүгінгі таңда тәуелсіздік туы желбіреп, еңселі елге айналдық. Сендер болашаққа нық сеніммен қарап отырған елдің ұлымен қазысыздар, яғни еліміздің ертеңгі болашағысыздар. 22 қыркүйек күні еліміздің тілдер мерекесі аталып өтіледі. 1998 жылы 20 қаңтарда ел басымыз Н. Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы – тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан Республикасының тілдер күні» деп жариялаған. Бұл мереке еліміздің жер - жерінде мәдени шараларға толы апталыққа ұласуда.
Әр адамның азаматтық қасиетімен мәдениеті өз халқын, өз ата мекенін қалай сүюімен өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек.
Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болашақ - әркімнің өз тіліне деген құрметті өз анасына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.

III. Негізгі бөлім.
Жүргізуші: Ұлтымыздың салт - дәстүрін қадірлейік
Жастарды имандыққа әзірлейік
Тәрбиемен білімді тең игерген,
Болашағы қазақтың деп білейік.
Бүгінгі біздің сайысқа екі топ қатыспақшы.
1 - топ Асыл сөз тобы
2 - топ ұшқыр ой тобы
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Сайыскерлерді ойын шарттарымен таныстыру.
1. Таныстыру
2. Бәйге
3. Тіл өнері
4. Мен ұнататын үш пән
5. Шешендік өнер
6. Жорға

I. Айналым
Әрқашан білім көптік етпеген
Талапсыз жан мұратына жетпеген
Дос көңілден адал аппақ ниетпен

Түскен кезде білімнің сайысына
Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа
Талапкердің талабы таудай болар
Аямас тиіп кетсең намысына

II. Айналым «Бәйге»
1 - топтың сұрақтары.
1. Тыныс белгілерінің ережелер жиынтығын тексеретін бөлім?
2. «Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол адам болам десеңіз» деген өлең жолдарының авторы.
3. «Тіл дыбыстарын» зерттейтін сала қалай аталады?
4. Қазақ тілінде неше буын бар?
5. Қазақта тұңғыш дана ана кім?
6. Қазақта тұңғыш шешен кім?
7. «Тіл туралы заң» қанша бап қанша тараудан тұрады?
8. Екі кісінің сөйлесуі?
9. «Фариза өлеңінің авторы?
10. Республикалық балалар газеті?

II. топтың сұрақтары.
1. Ата заң қашан қабылданды?
2. Тәуке ханның қазақ тарихында ең үлкен еңбегі?
3. «Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады?
4. Қазақ тілінде буын саны?
5. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?
6. Жалаң сөйлем деп қандай сөзді айтамыз?
7. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері?
8. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
9. «Томаға» деген не?
10. Елтаңба авторларын ата?

III. Айналым Тіл өнері.
Мақалдың жалғасын табу, немесе жұмбақ шешіп, шешуін үш тілде айту.
1. Торғын көкте қара құс.
Ағылып ұшып барады. (бұлт)
2. Жаман аттан аяғым артық,
Жаман..... таяғым артық. (достан)
3. Көрінбейді көзіңе
Тіл қатпайды сөзіңе
4. Жаны жақсы ағаның етегін баспа жолын қу
Болайын деген........... (баланың)
Бетін қақпа белін бу.
5. Үй үстінде алтын тас
Алайын десем табылмас (жұлдыз)
6. Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
....... басына күн туса.
Етегімен су ішер.
7. Батыр туса ел ырысы,
........... жауса жер ырысы. (жаңбыр)
8. Тұмсығымен қозғалар соңынан аппақ із қалар
9. Жеті қазынаның бірі?
10. Жақсының аты өлмейді
........... хаты өлмейді. (жаманның)
2 - топ.
1. сауысқанның тамағы
Шоқу менен табылар.
өнер, білім бәріде,
........... табылар. (оқуменен)
2. Сөйлемейді ол тілі бар.
Алуан - алуан түрі бар.
Көз алдында жер шары.
Қане мұны біліп ал.
3. әуре болма теріп бекер.
Ұстай алсаң еріп кетер
4. Балдай тәтті.
Мұздай қатты.
5. Тышқанға қауіпті.
Иттерге жау мықты
6. Оқу білім бұлағы,
Білім........... шырағы.
7. Көп жазсаң қолың талады,
Қағазға бәрін салады
8. Күндіз - түні сыртылдайды жүрісіне бір тынбайды.
9. Атаңның баласы болма,
......... баласы бол.
10. Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың.

Жүргізуші:
Асау жүрек жанығып алқынбасын,
Бойына берген өнер сарқылмасын.
Шыңға біткен шынардай биіктегі,
Ұлтымыздың ән өнері шарықтасын.
Кезекті әнге берейік

IV. Мен ұнататын үш пән.
Оқушыларға үш пәннен сұрақ беріледі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен.
Ұяшықтар таңдайды 20, 30, 40. Әр қайсысында төрт сұрақтан берілген.

1. Қазақ тілінен.
Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар, және оларды ата?
Дауыссыз дыбыстар сандар мен үннің қатысына қарай неше топқа бөлінеді?
Неологизм дегеніміз не?
2. Орыс тілінен.
Что обозначает глагол?
Как называется главная значимая часть слова?
Что изучается разделе лексика?
3. Ағылшын тілі.
What cooler is the flag of Kazarhstan?
What is the official language of USA?
Where is Disneyland
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын айту үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

IV. Қорытынды.
Тіл – халықтың рухы, тұтастай кескін келбеті. Тіл байлығы әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру - әрбір елдің мақтанышы. Мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру әрбір Қазақстан азаматына жүктелетін мақсат. Олай болса, ана тіліміздің мерейі үстем болсын.
7 637
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Сүйемін туған тілім - ана тілін
Сүйемін туған тілім - ана тілін
Жас ұрпақты ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өрісін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Ана тілім
Ана тілім
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, Жел өтінде қалып қойған ақ гүлім. Тұғыр қылып туған елдің төрінде, Асқақтатам ана тілдің ақ туын.
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×