Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

06 желтоқсан 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Мақсаты:: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Көрнекілігі: видеолар
Барысы:
Қайырлы күн, Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты іс - шарамызға қош келдіңіздер!
Тәрбие сағаты еліміздің әнұранымен ашылады.
Жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай - күні
Күннен - күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны – демекші ана тіліміз туралы видеороликке назар аударайық.
Видеоролик ойнатылады.
Жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.

Ортаға «ағылшын тілі» үйірмесінің тәрбиеленушілері шығады.
Әдеби монтаж.
(қазақ тілінде, ағылшын тілінде және орыс тілінде тіл туралы өлең шумақтары оқылады)
Ән: «Қазақ елі»
(видеоролик ойнап тұрады)
Жүргізуші:
Қалың елім қазағыма қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шетел тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тіре, нағыз ұлттық тұлға бол!
Ортада «домбыра» үйірмесінің тәрбиеленушілері шығады.
Күй: «Балбраун»
Жүргізуші:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге - демекші ортаға «Үш биімізді» сомдайтын оқушыларымызды шақырайық.

Көрініс: «Үш би»
(билердің өсиетті сөздерін айтып береді)

Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің;
Жаңбыр жауса жер жетім,
Басшысы болмаса жер жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Атың жақсы болса
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.

Қазыбек би: Аты жаманның арманы кетер.
Баласы жаманның дәрмені кетер.

Әйтеке би; Биікке шықсаң, көзің ашылады
Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады

Төле би: Сөз танығыш жастарға айтар он түрлі жұмбағым бар,
Әйтеке би: Айтыңыз ұлы аға.
Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау; бір, екі, үш, төрт, бес, алты,
Жеті, сегіз, тоғыз, он.
Дауыс: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?
Қазыбек би: Ұлы аға! Бұл жұмбағыңызды мен шешейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: Рұқсат, қаз дауысты Қазыбегім, рұқсат»

Қазыбек би: Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз - үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман.
Төрт дегеніңіз - төсектен безген жас жаман
Бес дегеніңіз - белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегеніңіз - асқынып кеткен дерт жаман
Жеті дегеніңіз - жесір қалған жас жаман.
Сегіз дегеніңіз - серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегеніңіз - торқалы той, топырақты
Өлімге бас көрсетпесе, сол жаман.
Он дегеніңіз - оңалмас кәрілікке дауа болмас - деген
сөзіңіз, ұлы аға!

Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің...

Әйтеке би: Суалмайтын суат жоқ.
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде
Құралмайтын құрақ жоқ...
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, қаз дауысты Қазыбек би, мынау жиылған халайыққа не айтасың?

Қазыбек би: Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өшкеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма -
Қайғысы көшер басыңа
Жанашыры жоқ жарлыға,
Жәрдемші бол асыға
Қиын - қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба.

Төле би: Сөзің асыл, қаз дауысты Қазыбек!
Уа, халайық!
Көсіле шабар жерің бар,
Тау көтерген ерің бар!
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар!
Сөз қадірін біліңдер!

Би: «Домбыра»
Жүргізуші:
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен,
Арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау – парызым бүгін менің.

Ән: «Сарыарқа»
Жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
Келесі кездескенше аман - сау болайық.
3 034
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Балалардың ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып танымдық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жексемалиева Айкерім Ғилажқызы
Ана тілің - арың бұл (мәнерлеп оқу сайысы)
Ана тілің - арың бұл (мәнерлеп оқу сайысы)
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Қасиетті ана тілім
Қасиетті ана тілім
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы М. Ломоносов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманкелди Аскерхан
Қасиетті ана тілім
Қасиетті ана тілім
Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте.
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×