Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әскер әліміз, армия абыройымыз

21 ақпан 2022, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырып: Әскер әліміз, армия абыройымыз
Рухы күшті ел, алынбайтын қамал

Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай
сезім мен нұр құйып, 7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштер мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

Жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.

Жүргізуші: Құрметті азаматтар, біздің мектептің ұстаздары, жігіттер!
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз!
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Жүргізуші: Туым - теңдігім,
Елтаңба – елдігім,
Әнұраным - айбыным!-
демекші, тәуелсіз еліміздің көк байрағы, елтаңбасы мен әнұраны бар.
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.

Жүргізуші: Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел - жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде,- деп
мектеп директоры---
оқу - ісінің меңгерушісі---
тәрбие ісінің меңгерушісі---
алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі----
құқық пәнінің мұғалімі-
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ---
ағайлар сіздерді бүгінгі айтулы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші: Армысыздар, кешіміздің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,
Сіздер үшін алуан өнер шашулары –
дей отырып ендігі кезекті әдеби монтаж.

Жүргізуші: Әр адамның өмірдегі ең қымбаты – елі, жері, Отаны. Отан – ана.
«Отан үшін отқа түссең күймейсің, суға түссең де батпайсың» Отан сенің қорғанышың. Ал біздің Отан – Қазақстан. Қазақстанның жері қаншалықты ұлан – байтақ. Қазақстан – көп ұлтты ел.

«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Смадиярова Мадина Нұржігітқызы

Толық нұсқасын жүктеу
58 262
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Жеңіс туы желбіреп» атты 9- мамыр Жеңіс күніне және 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне  арналған сценарий
«Жеңіс туы желбіреп» атты 9- мамыр Жеңіс күніне және 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған сценарий
1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті.
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Ұранды ердің - ұрпағы қайсар
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Ұранды ердің - ұрпағы қайсар
Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі
7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар.
Жігіт сұлтаны - 2023
Жігіт сұлтаны - 2023
7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығы да келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Желбіре, Жеңіс жалауы
Желбіре, Жеңіс жалауы
1941 - 1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі. (сценарий)
7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі. (сценарий)
Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отанқорғаушылар мерекесі де келіп жетті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×