Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ілияс Есенберлин - 105 жыл

09 қаңтар 2020, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағат тақырыбы: Аты әлемге мәшһүр жазушы Ілияс Есенберлин - 105 жыл
1. Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының дара тұлғасы, ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің бай шығармашылығымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс, зерттеушілік сабағы
Сабақтың көрнекілігі: І. Есенберлиннің суреті, шығармалар көрмесі, интерактивті тақта, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.
Эпиграф:«І. Есенберлин қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен лайықты орын алатын дара тұлға...» Н. Назарбаев.
Ұйымдастыру кезеңі.
1) Топқа бөлу."Алаш" және "Көшпенділер"атаулары жазылған парақшаларды таңдау арқылы топтасады.
2) Сергіту сәті. Оқушылар допты кезекпен бір - біріне ұсына отырып, 2020 жылы қандай тарихи оқиғалар және ақын, жазушы. қоғам қайраткерлерінің мерейтойлары атап өтілетінін айтады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ой - қозғау.
"Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді". Атақты «Көшпенділер» трилогиясының авторы, тарихи жазушы Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығы 2020 жылы аталып өтпек. Қара сөздің хас шебері, қазақ әдебиетіндегі тау тұлғаның мерей тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ. Ал, біз ол туралы не білеміз?
Мағынаны тану:
1 - оқушы:
10 қаңтар Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы - Ілияс Есенберлиннің туған күні. Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы - қазан 1983жыл, Алматы) — қазақ жазушысы.
Есін білетін қазақ Есенберлинді танымайды десек, елдігімізге сын болар.
"Есенберлин Ілияс қызық еді,
Ерейменнің сілемі,
Үзігі еді.
****
Арғымағы болса да арық тіпті,
Аламанда, әйтеуір, жарып шықты.
Тірескеннің біразы шыдамады,
Тізесі де қатты еді жарықтықтың!
Саялайтын кісісін саялайтын.
Аялайтын адамын аялайтын.
Ағайын деп жатпайтын,
Ағайынды
Аямайтын жерінде аямайтын!
Елім дейтін, әйтеуір, жерім дейтін.
Ер үстінде ешкімге берілмейтін.
Жазуға да, әрине, жалықпайтын,
Егеске де - шіркін - ай!- ерінбейтін!
Бұл мінез ғой...", - деп жырлады Қадыр Мырзалиев "Ілияс Есенберлин" өлеңінде.
2 - оқушы: Өмірі және еңбек жолы. Жазушының балалық шағы аштық жалмаған зұлмат заманға тап келіп, 5 жасында тұл жетім қалды. Бала Ілияс балалар үйіне тапсырылды. Шығармашылыққа бір табан жақын өскен ол қабырға газетіне өлең жазып тұрды. Мектепті тәмамдаған соң, Қызылорда қаласына барып, интернат мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Кейін Қарсақпайдағы аудандық атқару комитетінде жұмыс істеді. Жұмыс істей жүріп, Алматыдағы Қазақ тау - кен институтына түсті. Талантты да талапты жігіт тез көзге түсіп, 1937жылы Қазақстан КСР - ның бірінші Конституциясын қабылдаған Қазақстан Кеңестерінің алғашқы Төтенше съездіне делегат болып сайланды.
3 - оқушы: 1940 жылы Қазақ тау - кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1942 - 1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК - нің нұсқаушысы,
1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры,
1953 - 1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор, 1954 - 1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы, 1955 - 1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, 1958 - 1967 жылдары "Қазақфильм" киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967 - 1971 жылдары "Жазушы" баспасының директоры, 1971 - 1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2 - хатшысы болып қызмет атқарады.
Мұғалім: Төл әдебиетіміздің тарихында 17 роман жазып қалдырған Ілияс Есенберлиннің болмысын ашу мақсатында өз ойын алға шығардық.«Мен алдыменен материал жинаймын. Деректер іздеймін. Айғақты уақиғаларды қараймын. Халық фольклорына сүйенемін. Жазба бетінде қандай шығармалар бар, соның барлығын қолым жеткен жерге дейін зерттеймін, оқимын, бірімен бірін салыстырамын. Осылай дайындаймын. Материал дайындалғаннан кейін алдымен ойға салып, бір жыл өте ме, көп жыл өте ме, миыма өзім жазамын. Не туралы болу керек, асыл арманың не еді осы кітапты жазғанда, нені көтергің, нені ашып айтқың келеді? …Тереңдеп ізденіп, өз ақылымның жеткен жеріне шейін жазамын».

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
"Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі"
Тарих пәні мұғалімі Алибекова Тарбия

Толық нұсқасын жүктеу
19 194
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
І. Есенберлин шығармашылығы жөнінде мәлімет. «Көшпенділер» трилогиясы
І. Есенберлин шығармашылығы жөнінде мәлімет. «Көшпенділер» трилогиясы
І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұны мен кейіпкерлерімен таныстыру. ХУ - ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру.
Шерменде өткен өр тұлға (күнделікті сабақ жоспары)
Шерменде өткен өр тұлға (күнделікті сабақ жоспары)
Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасында тарихи тұлғаны сомдауы, талант пен дарынсыздық тартысын, Ақанның трагедиялық образ екендігін және дәуір шындығын ашуы.
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Ілияс Есенберлин
Ілияс Есенберлин
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, №42 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразалина Әсия Қабиденқызы
Ілияс Есенберлин шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы
Ілияс Есенберлин шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж» қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Искакова Асем Айдарбекқызы
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№5 жалпы орта білім беру мектебі» Жоба авторы: 10 - сынып оқушысы b]Жұбатханова Камшат[/b]
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×