Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұланымыз ұлы елдің

18 қазан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұланымыз ұлы елдің»
Мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. «Жас ұлан» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, қанатты сөздер, гүл шоғырлары, стенд т.б.

Барысы:
Жүргізуші: Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімнің жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген,
Ертеңімен Егеменді елімнің.

Менің елім - Қазақстан Отаным!
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел.
Атпа берсін, абыройың, атағың

2011 жылдың 6 шілдесінде еліміздің «Нұр Отан» ХДП қолдауымен тұңғыш рет біртұтас «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Жасөспірімдер мен балалардың бірыңғай «Жас ұлан» ұйымына қабылдануды ерікті түрде жүргізіледі және оларды Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсат біріктіреді.
- Бұл күнде өзіндік символикасы мен атрибутикасы бар «Жас ұлан» ұйымы туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз құттықтау сөзінде «Жас ұлан» бүкіл Қазақстанға таралып, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге, оқудың және тәртіптің үлгісін көрсетуге, Қазақстанның Тәуелсіздігінің нығайтуға, еліміз үшін қызмет етуге, патриот болуға бәріңізді баулитын болсын!»- деп атап көрсетті.
Еліміздің осындай салмақты сөзінен туындайтын міндет бүгін сезіне отырып, Тәуелсіз ел аясында, бейбіт өмірдің, қамқор Отан - ананың құшағында бақытты балалық күндерін кешіп жүрген жас достарымызды «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылдау салтанатына куә болмақ.

Аға тәлімгер: Назар аударыңыздар!
«Жас ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің Туы енгізілсін!

- Бүгінгі «Ұланымыз ұлы елдің» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Бүгінгі жиынымызға мектебіміздің озат, үлгілі, шәкірті ретінде 1-4 сыныптар арасынан «Жас қыран» ұйымына 36 оқушы, 5-10 сыныптар арасынан «Жас ұлан» ұйымына 76 оқушы қабылданбақшы.
Бүгінгі «Жас қыран» ұйымына қабылданатын бір топ оқушыларды ортаға шақырамыз,

Аға тәлімгер: Отанының ер ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Тәуелсіз ел ұланы
Ант беруге дайын бол!

Салтанатты түрде ант беру рәсімі.
Мен – Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре отырып:
Өз Отаным –Қазақстан Республикасының патриоты болуға.
Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін, ант етемін, ант етемін.

Тәлімгер: «Біз»
Оқушылар: «Жас қыран»
Тәлімгер: Біздің ұранымыз
Оқушылар: «парызымыз адалдық, Біз «Жас қыран» адалдықтан жарылдық.
«Жас ұлан» ұйымы қатарына қабылданған оқушыларымызға төсбелгі және галстук тағу үшін құрметпен мектеп директоры, мектеп директорының орынбасары мен ардақты ұстаздарымызды ортаға шақырамыз. (Төсбелгі, галстук тағылады)
5-10 сыныптар арасында «Жас ұлан» ұйымына 76 оқушы қабылданбақшы.
Оқуда, еңбекте, өнер және спортта өжет те қайсар, адал елгезек ұландарымызды біз үлгі етеміз.
«Жас ұлан» ұйымына қабылданатын бір топ оқушыларды ортаға шақырамыз. «Жас ұлан» ұйымының Гимні шырқалады.

Білімді - көкіректе нұр деп түсін,
Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат талап ережені,
Орындауға бәрің де міндеттісің! Құттықтау сөз мектеп директоры Әлішер Мәмбетов ағайға беріледі.

Жүргізуші: Назар аударыңыздар!
«Жас ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің Туы шығарылсын! (Ту әкетіледі).

Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орманы, тауы, өзені көлі бар,
Қазағымның жерін, елін қорғайтын.
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз,
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз , еріміз.

Біз Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландары өз жерімізді, өз елімізді, өз Отанымызды қадірлеп, қастерлеуге мәңгі сүюге әрқашан қолдап - қорғауға уәде етеміз. Бүгінгі «Жас ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігіне салтанатты қабылдау рәсімі тәмәмдалды.
Бүгінгі салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Бақытты күндер аясында кездескенше сау болыңыздар!
50 734
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік - баға жетпес байлығым
Тәуелсіздік - баға жетпес байлығым
Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе - тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны
«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны
Мектеп үздіктері мен екпінділерін Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі
Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарының салтанатты қабылдау жиыны
Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарының салтанатты қабылдау жиыны
Біз Жас Ұлан – Отан ана өркені Үміт артқан болашағы ертеңі Туған елдің даңқын көкке өрлетіп, Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені
Менің елім - Қазақстан
Менің елім - Қазақстан
Отансүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге тәрбиелей отырып, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін бекіту, құрметтеуге тәрбиелеу
Тәуелсіздік ұландары
Тәуелсіздік ұландары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, № 98 орта мектеп мұғалімі Ізтілеуова Замзагүл
Қанатты тұлпар – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы
Қанатты тұлпар – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Қалилаева Зәмзәгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×