Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана - өмірдің шуағы

10 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ана - өмірдің шуағы
Мақсаты: 1. 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.

Мұғалім:
- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
- Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана - өмірдің шуағы» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

1. Арайлым: Қош келіпсіз, құрметті ата - аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!

2. Ерасыл: Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп, еркелеттің, аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!

Арайлым: - Қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді.
Ерасыл: - Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Арайлым: - Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.
Ерасыл: - Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

1. Елназар: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.

2. Эльдар: Құтты болсын аналардың мейрамы,
Жарқыраңдар жаз күніндей жайдары.
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары.

3. Аяулым: Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшін де құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы.

4. Айжан: Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
8 - наурыз келді қыр асып.
Қыз - келіншек, нәзік жандар мейрамы,
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Ән: «Аналар алтын». Аналарға ашықхаттарын тапсырады.
1. Мадина: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
2. Мақсат: Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
3. Аружан: Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан - алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты ар - намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам.

Ерасыл: Теңіздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті «Көктем вальсі» биіне береміз.

1. Даяна: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.
2. Алиби: Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
3. Арайлым. М: Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.
Аяулы Ұстаз - ана, ісіңнің бәрі ұнамды.
Әр күн сайын атыңды қайталаймын.
Еске алғандай таң сайын ән ұранды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 792
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Аналар - асыл жандар
Аналар - асыл жандар
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту; Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету;
Аяулы аналар
Аяулы аналар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Сам орта мектебі" ММ, бастауыш сынып мұғалімі Қадірова Өрік
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!!!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×