Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош, бол сүйікті Әліппем!

11 қаңтар 2015, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қош, бол сүйікті Әліппем!
Мақсаты:
А) Сауат ашқан «Әліппеге» деген өлең, тақпақтарын мәнерлеп айту, «Әліппеден» алған білім - білік дағдыларын көрсету.
Ә) Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу, байқату, олардың ой - өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
б) Отанын, туған жерін, мектебін сүюге, Қазақстан Республикасының білімді азаматы мен азаматшасы болуға жетелеу.
Көрнекілігі: Әріптер, гүлдер, шарлар, әліппе, ана тілі, қазақ тілі, математика макеті

I бөлім
Барысы:
Мұғалім: Қымбатты аталар мен ақ жаулықты аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін 1 «Ә»сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі Әліппені бітіріп отырмыз. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Олай болса сүйікті Әліппемізді ренжітпей рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай іні - сіңлілерімізге табыс ету міндетіміз. Сондықтан қазір осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп ән - күймен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық.
Шашу шашу шашыңдар,
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасаңдар.
(Шашу шашылады)

Бала деген, шіркін - ай, балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып - ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен - деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық!

Арнұр: Ассалаума алейкум халайық!
Гүлнұр: Армысыздар құрметті қонақтар. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Себебі алғаш сауатымызды ашқан досымыз Әліппемен қоштасамыз.
Арнұр: Тақпақ айтып, ән салып,
Әзіліміз жарасып. Күмбірлетіп күй төгіп,
Би билейміз бұралып.
Гүлнұр: Айтыс пенен термені,
Орындаймыз сіздерге.
Шапалақпен қол соқсаң,
Сол жетеді біздерге.

Екеуі қосылып:
Өнерлі жас өрендер,
Күлкіден шашу шашады.
Рұқсат болса сіздерге,
Шымылдықты ашады.

Мұғалім:
Жеміске құты тола ма?
Бір - бірлеп теріп алмасаң.
Әп - сәтте шыға қоя ма?
Еккен дәнің ойласаң.
Білім де сондай қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа.
Ұғып ал білім боларын
Шам - шырағың жолында. Көлге ойнаған бұлақтың,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том қалың кітаптың
Басы болар «Әліппең»- деп Әліппені ортаға шақырайық.
2 жүргізуші мен мұғалім: Әліппе, Әліппе, Әліппе.
Әліппе: Армысыңдар жас достар,
Армысыздар ата - ана.
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға.
Ау, достарым! Әліппе тойы болады деп шақыру қағазы бойынша осы сыныпқа келдім. Балалар қайда? Әріптер неге көрінбейді?
Мұғалім: Сәлеметсіз бе Әліппе! Төрлетіңіз, той осында, кешіккен жоқсыз. (Ортаға әріптер кіріп келеді)
Әліппе: Мен әуелі әріптерімді түгелдеп алайын. Дауыстылар қайдасыңдар?
Дауысты дыбыстар: Біз мұндамыз.
Әліппе: Дауыссыздар қайдасыңдар?
Дауыссыз дыбыстар: Біз де мұндамыз.
Әліппе: Жіңішкелік пен жуандық белгілері жоқ қой.
Рамазан: Біз барлық сөзде жазыла бермейміз деп өкпелеп жүр.
Әліппе: Біреуің барып шақырып келіңдер. (Олар өкпелегендей, тартыншақтап кіріп келеді) (Әліппе оларға қарап) Жіңішкелік пен жуандық белгілері. Сендердің де өз орындарың бар. Тәртіпсіздік жасамай орындарыңа барыңдар. Балалар, мені оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Барлығы: Дыбысты танып, буыннан сөз құрауды, сөзден сөйлем құрауды, дұрыс сөйлеуді үйреттіңіз.
Әліппе: Жарайды менің ақылды достарым.
Арнұр:
Әліпбиді біліңдер
Әр әріпті танып ал.
Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 803
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппем!
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтенова Нұргүл Сақтағанқызы
Әліппе - ғылым анасы
Әліппе - ғылым анасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әліппе - білім бесігі
Әліппе - білім бесігі
ШҚО, Аягөз аудан, «Жамбыл Жабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш класс мұғалімі Карабаева Жанар Кажымукановна
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймұханова Бақыткүл Издібайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×