Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы»
Мақсаты: ұстаз бен оқушы арасындағы өзара сыйластықты, ана мен бала, оқушы мен ұстаз арасындағы тәрбиені одан әрі нығайту.
Тәрбиелігі: оқушылардың ұстазына деген құрметін, білімімен, өнерімен, тапқырлығымен, шапшаңдығымен көрсете білуге, адамгершілік қасиеттерін, Отанын, тілін, қазақи салт - дәстүрді құрметтей білуге, ұстаз еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, шарлар, сыйлықтар

1 - жүргізуші: Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Сыйлаймыз арулар, ұстаздарды
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.

2 - жүргізуші: Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға.
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл - Фараби, Омар Хаям, Абай да.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, аяулы ұстаздар, ардақты көрермендер!
2 - жүргізуші: Бүгінгі кешімізге орай өткізілгелі отырған қыз балалар мен олардың ұстаздарына арналған «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен ұстаздар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.

1 - жүргізуші: Армысыңдар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ - даңқың
Қарсы алайық қыздарды ұстазымен
Сақтаған қазағымның ата - салтын
Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.

1 - жүргізуші: Шалқытып бүгінгі кеште ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық
Алдымен сайыскер ару, ұстаздарымыздың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ - қазы алқасымен таныстырып өтейік:

2 - жүргізуші: Енді ұстаздарымыз бен аруларымыздың нешінші болып өнер көрсететін білуіміз үшін, сайыскерлерден алдарында тұрған қағаздарды таңдаулары сұралады. Алған нөмірлеріңіз бойынша сайысқа түсесіздер.

1 - жүргізуші: Ендеше көрермендерге сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің атасы» (таныстыру)
2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлері)
3 «Шебердің – қолы алтын» (қолөнер сайысы)
4. «Ұстазымның дәмді асы» (дастарқан мәзірі)
5. «Тапқыр болсаң, тауып көр» (сұрақ - жауап)

2 - жүргізуші: Сәлемдесу атадан қалған салтымыз,
Осы салтты ұстанады халқымыз.
Сайыскерлер өнерді сал ендеше,
Амандасып көріңіздер өзгеше, -

1 - жүргізуші: Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

2 - жүргізуші: Беташарын сайысымның бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Қатысушылар таныстырсын өздерін,
Біз оларды ду қол соғып қостайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 821
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі
Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты, Ол болмаса, кім береді парасатты. Асылын беріп шәкірт бойларына, Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Наурыз - думан ән сайысы
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
Арал қаласы, № 220 қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Өтегенова Нұрбибі Айсақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×