Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өткеннің қазынасы - болашаққа

17 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Өткеннің қазынасы - болашаққа
Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата - бабаларымыздың жасап кеткен мәдени қазына байлықтарының үлгілеріне қанықтырып жеке адамның да, бүкіл қоғамның да рухани жетілуіне ықпал жасау;

«Шашу» биі.
Жүргізуші: Құрметті музей қызметкерлері, мектеп мұрағатшылары, оқушылар, ұстаздар мен қонақтар! Көктемнің шуақты күндерінде болатын 18 мамыр - Халықаралық музей күніне арналған «Өткеннің қазынасы – болашаққа» атты кешке хош келдіңіздер!
Жасында да кейде біреу сұрамай ма,
Жиырма бес жыл біздің мынау мұражайға
Көненің көзіңе ыстық Ордасы осы,
Кісіні жетелейтін кілең ойға.
Бұл үйге өзгеше бір өрісі кең,
Кіруге именесің кебісіңмен.
Төрдегі бар бұйымы – тәбәріктей,
Баяғы бабалардың тері сіңген.
Бұйым көп мұнда маған сыр ұқтырған,
Жандаймын жеті атасын жолықтырған
Осында келген сайын, көрген сайын,
Тарихқа бойлай берем тұнып тұрған.
Ән «Атамекен толғау» орындайтын: ---------------------------

Жүргізуші: Музей (грек. museim) - музаға арналған орын, муза ғибадатханасы деген сөздің мағынасын білдіреді. «Музалар»- деп гректерде өнер туындыларын айтады. Музей тарихи - ғылыми деректерді, көне заман ескерткіштерін, олардың үлгі нұсқаларын, өнер туындыларын, мәдени құндылықтары т. б. мұраларды зерттеп жинақтаушы, сақтаушы, әрі бұл мұраларды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізе отырып, солардың негізінде жастарға жалпы қоғам мүшелеріне тәлім - тәрбие, беретін ғылыми, мәдени және рухани мекеме.
Ән «Алатау» орындайтын: ------------------------

Жүргізуші: Тәуелсіздікпен бірге келген тарихқа тарихи мәдени мұраларға жаңаша көзқарастар мүддесінен туындаған үрдістердің ғылым, білім мен ақпарат жүйелері сияқты т. б әлеуметтік салалардың бағыт - бағдарлары, қызметі мен мақсаты - орталық саясат кездерінде жоғалтқан құндылықтарды қалпына келтіріп, ұлттық мәдени үстемдікке ие болуды қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыда музей қызметкерлерінің көтерер салмағы зор.

Дәулеткерейдің күй «Қос алқа» орындайтындар: ----------------------
Жүргізуші: Музей қоғам мүшелеріне, жас ұрпаққа тәлім - тәрбие беретін ғылыми - мәдени және рухани мекеме болғандықтан, бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарының ұлттық сана сезімінің өршіл болып қалыптасуына және оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін қазіргі заманға сай, ғылыми негізінде жүйеленген мектеп музейлерінің атқаратын қызметтері зор. Музейдің негізгі жұмысы тарих арқылы тарихи - мәдени ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани, адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу.
Ән «Әлия - Мәншүк» орындайтындар: ----------------------------

Жүргізуші: Музейлер өздерінің бірыңғайлылығымен мәдениеттің ерекше өрісін құрайды, онда рухани құндылықтарды құрудың негізі болып адам іс - әрекетінің заттық нәтижелерімен табиғат объектілері қызмет атқарады. Адамзат баласының қазіргі таңдағы тарихи қызығушылығы артқан жағдайда музей үлесіне үлкен міндет жүктеліп отыр.
Ән «Қаһарман» орындайтын: -----------------

Жүргізуші: Жас ұрпақ дүние сырларын ақтара отырып бүгінгі күннің көкейтесті сауалдарына жауап іздейді, қоғамның бұдан былайғы заңдарын түсінгісі келеді. Таным дүниесіне зейін қойып қарасақ музей өткен мен болашақты жалғастырушы түйін болып табылады. Өйткені музей экспонаттары тарих негізі. Ол сонау ата - бабаларымыздың жүріп өткен жолдарын айғақтайды. Олай болса, музейді тарихи куәгер ретінде қараумыз керек. Сондықтан да, бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасында музейі жоқ елді кездестіру мүмкін емес.
«Салтанат» бишілер тобы: «Өзбек» биі.

Жүргізуші: Қазақстандағы музейлердің қызметі еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты көп өзгерді. Музей - арнайы жабдықталған, қоғамдық қажеттіліктерді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін, әлеуметтік ақпараттар құжаттарын жинайтын, эстетикалық құндылықтары бар мекеме болғандықтан оларға қойылатын талаптарда күшейді. Музей заты, музей ісінің, қызметінің негізгі бағыттары экспозициялық көрмелік қорлық (фонд), мәдени білім беру екендігін біліп, олармен толық танысып, мағлұмат аламыз.
Халық күйі «Тепең көк» орындайтындар: ------------------------------
Жүргізуші: Із қалсын деп ілкіден,
Іздестірген болар да.
Бізге мирас күлкімен
Алдымда тұр ақ орда
Темір түгіл інжуді.
Тұтыныпты бабамыз,
Жұқанасын мың жылғы
Музейден тек табамыз.
Ән «Балдәурен» орындайтын: ------------------------

Жүргізуші: Музейдің бүгінгі жетістіктері нарық заңдылықтарына бейімделген даму сатысының бірі деп бағалаймыз. Алға қойылған мақсат – халықаралық музей ісімен тереңірек танысып, олардың ұлттық мұраттарымыз бен мүдделерімізге үйлесетін озық үлгілерін өмірге енгізіп, XXI ғасыр талабына сай келетін музейлер қатарына қосылу, өлке тарихының алтын қазынасын келесі мыңжылдықтарға жеткізу жолындағы қызметтерін жалғастыра отырып, еліміздің биік руханиятын, озық мәдениетін әлемге таныту.
Өлке - тану музейі,
Өлі, тірі замандар.
Өлке - тану музейі,
Өлі, тірі адамдар.
Ән «Егеменді Қазақстан» орындайтын: -----------------------------
14 534
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата - аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1 - қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол
Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол
Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз
Анаға құрмет!
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Аяулы аналар
Аяулы аналар
«Аяулы аналар» 1 - жүргізуші Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді.
Жасында жарқ еткен ғұмыр
Жасында жарқ еткен ғұмыр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тәжбенова Нұргүл Ұласарқызы
Шығыс шамшырағы Ғаниға - 110 жыл
Шығыс шамшырағы Ғаниға - 110 жыл
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтекеби кенті, № 266 мектеп – лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Жұбанова Мөлдір Берікқызы ШЫҒЫС ШАМШЫРАҒЫ – ҰРПАҚТАРҒА ҰЛАҒАТ Саяхат сабақ Сабақтың мақсаты: Ғани бойындағы ұйымдастырушылық, шешендік, табандылық,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×