Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дені саудың-жаны сау

23 қазан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Сағымбаева Жансая Мергенбайқызы

Тақырыбы: «Дені саудың жаны сау»
Мақсаты:
1) Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру
2) қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту
3) тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және сайыскерлер! Бүгінгі « Дені саудың – жаны сау» атты спорттық ойын сайысымызға қош келдіңіздер!
Ойынымызды бақылап отыратын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Сайысымыз ҮІІІ бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру
2. Мақалды жалғастыру
3. Шарды иықпен алып жүру
4. Асық ату
5. Жасырынған сөздерді тұспалдап айту
6. Жіппен секіру
7. Жұмбақ шешу
8. Қол күрес

І. Таныстыру (топтың аты, ұраны)
Ат өнері білінбес
Бәйге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес
Қоян-қолтық алыспай.

ІІ. Мақалды жалғастыру
1. Бірінші байлық – денсаулық
2. Тазалық – денсаулық кепілі.
3. Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса, ауызыңды тый.
4. Ауру қалса да, әдет қалмас.
5. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде.
6. Дені саудың – жаны сау.
7. Күш білімде, Білім кітапта.
8. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

ІІІ. Шарды иықпен алып жүру

ІҮ. Асық ату
Асық ойнаған азар
Доп ойнаған тозар
Бәрінен де қой бағып,
Құйрық жеген озар.
Келесі сайыс түрі сайыскерлеріміздің дәлдігін, яғни мергендігін білдіретін «Асық ойынына» шақырамыз.

Ү. Жасырынған сөздерді тұспалдап айту
1 штангы
2. тарақ
3. айна
4. асық
5. скакалка
6. футбол
7. мылтық
8. гранат
9. суда жүзу
10. доп
11. сабын
12. сүлгі

ҮІ. Жіппен секіру
ҮІІ. Жұмбақ шешу
1. Өзгенің тазалығы үшін,
Өзін құрбан етеді. (сабын)
2. Аузы жоқ, тісі бар. (тарақ)
3. Дамыл таппай жұтқаным –
Өмір нәрі ұққаным. (ауа)
4. Есіктің алды тұрағы,
Егесін күтіп тұрады (аяқ киім)
5. Ұяда 32 жұмыртқа бар,
Күнде жуып тұрмасаң, сынып қалар. (тіс)
6. Жуындырып жағаны,
Сылдыр қағып ағады. (су)
7. Бір шешен, бір көсем
Алты ағайын бірге туған,
Білгің сен. (құлақ, көз, ақыл, тіл)
8. Жазда шалқып жатады,
Қыста қорқып қатады. (су)

ҮІІ. Қол күрес
«Күш атасын танымас» дегендей енді сайыскерлеріміздің күш сынасуын байқайық.
Ата – бабаларымыз ұлан-ғайыр жерімізді білектің күшімен, найзаның ұшымен талай жаудан қорғаған. Ал, енді ХХІ ғасыр азаматтарын ел қорғауға қаншалықты әзір екенін көрсетсін.
Әр командадан бір оқушыдан шақырамыз.
Қорытынды сөз кезегін Карчалова Бақыткүл апайға сөз кезегін береміз
Бойларында от бар екен байқадым,
Бойларында шоқ бар екен байқадым
Ешқашанда осы шоқты өшірмей,
Әрқашанда биіктерге тұр деймін.
Осымен «Дені саудың – жаны сау» атты спорттық ойын-сауығымыз аяқталды.
21 627
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық кенін түсіндіру. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш – қуатын молайту.
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, «М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Гулназ Маныбекқызы
Дені саудың – тәні сау
Дені саудың – тәні сау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөмішкөл ауылы, №66 мектеп Анапияев Олжас
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Балова Леля Батимовна
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Дені саудың – жаны сау
Дені саудың – жаны сау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×