Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік көк туын көкке ұста

23 қазан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Сағымбаева Жансая Мергенбайқызы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік көк туын көкке ұста»
Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылыққа баулу арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту. Өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Кіріспе
Тәуелсіз ел тарихы – отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең тарих. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз « Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт - азаттық көтерілістерге шыққаны – осының дәлелі. Мұнан 20 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дарқан төсін қанымен, терімен суарған ата - бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз. ХХІ ғасырға тәуелсіз мемлекет болып аяқ басты. Біздің Отанымыз Егемен және Тәуелсіз Қазақстан. Бұл қазақ тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған арманымыз орындалған күні болды.

Құрметті әріптестер, ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі 5 «б» сынып оқушыларының Тәуелсіздіктің 2 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған « Тәуелсіздік көк туын көкке ұста» атты тапқыр достар сайысына қош келдіңіздер!
Тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігі мен қатар, бірқатар шарттары мен басты - басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділері – Ту, Елтаңба, Әнұран. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты, еліміздің болашағы өзіміз! – деп рәміздерді насихаттау үшін оқушыларға кезек берейік.

Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз,
Қымбаттан да, ең қымбатты барымыз.
Тәуелсіздік – білектегі әліміз,
Тәуелсіздік – жүректегі әніміз.
Кезекті көркемсөзге берейік. Оқитын: Зинелабдин Сымбат

Міне, сендердің сайысқа түсер сәттерің де келіп жетті. Олай болса әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер
Білімдеріңді көрсетіп,
Алға оза беріңдер!
Әр топ өздерін таныстырып өтсін. Сайысымызды бастамас бұрын кезеңдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. « Сөз тапқанға...»
2. «Ойлан тап!»
3. «Сен білесің бе?»
4. «Сөз туым»
5. «Кім жылдам?»

Сайысқа 2 топ қатысады.
1 топ – «Бейбітшілік»
2 топ – «Жеңіс»

Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағат, өнегесі, еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

І кезең «Сөз тапқанға...»
1 топ – Отаныңды сүйесің бе?
2 топ – Отан деген не?

Тәуелсіздік – болашақтың бағдары,
Тәуелсіздік – асулардың асқары
Тәуелсіздік – адамдықтың белгісі
Тәуелсіздік – үлкен істің бастауы.

ІІ кезең «Ойлан тап»
Бәрі де, Отан, сен үшін!
Мәуелеп тұрған жемісім,
Еселеп тұрған жеңісім –
Бәрі де, Отан, сен үшін! – деп ақиық ақын М. Мақатаев жырлағандай

ІІІ кезең « Сен білесің бе?»
1 баған – 5 – Ауылымыздың соғыс ардагерлерін ата?
1 баған – 10 – Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық халық қаһарманы кім?
1 баған – 15 – тосын сый

2 баған – 5 – тосын сый
2 баған – 10 – Ленинград үшін шайқасқан қазақтың қос жұлдызы?
2 баған – 15 – ҚР өз тәуелсіздігін қашан алды?

Тәуелсіздік 11 әріптен құралған
Сан ғасырлар қазаққа боп арман
Талай дара, даналардың көз жасы
Қанымен атты таң боп, бізге алдан

ІҮ кезең «Сөз туым»
Тәуелсіздік
Жаңа ғана қазағымның таңы атты
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

Ү кезең «Кім жылдам?»
Жасырылған суреттерді тұспалдап айту

Атыңнан айналайын, егеменді ел
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – деп «Тәуелсіздік көк туын көкке ұста» атты сайысымызды аяқтаймыз. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға рақмет. Қош, сау болыңыздар!
9 697
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жас талант патриоттық әндер байқауы
Жас талант патриоттық әндер байқауы
«Жас талант» патриоттық әндер байқауының сценарийі
Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!
Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, Калинов орта мектебі Садыкова Асель Нурлановна
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Тәуелсіздік - тәу етер киелі ұғым
Тәуелсіздік - тәу етер киелі ұғым
Орал қаласы, Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ажкеева Гаухар Алтынбекқызы
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Бақтыбай Бақтияр Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Тәуелсіздік таңы атты.
Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы, «Құлыншақ» балабақшасы тәрбиешісі: Назира Алиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×