Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лагерь аруы

23 қазан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Асанхан Эльмира Сәндібекқызы

Сабақтың тақырыбы: Лагерь аруы
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі «Айгөлек» жазғы тынығу лагерінде болғалы отырған «Лагерь аруы» конкурсына қош келіпсіздер.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің өнерлері кәдік шықты.
Өнер мен тапқырлықтың жарысыңдар,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
Анықтау үшін алдымен әділ бағасын беретін әділ - қазылармен таныссақ....

Енді лагерь аруларымен таныстырайық.
1. Альбина 4 сынып оқушысы
2.
3.
4.
5.
6.

1 Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз - дей келе бірінші кезекті «Таныстыруға» береміз.

2. Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Бұл шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден.
Сан мыңдаған жастар өсті
Өнер алды дарынды.
Сол өнердің жолын қуған
Лагерьдің мына атынан
Қабылдаңыз шын жүректен
Сәлем сізге жалынды!- деп келесі бөліміміз «Өз өнерін көрсету»

3. Өнерге жастайынан жақын туған
Қазақтың дарынының жолын қуған
Өз өнерін көрсетер қыздарымыз
Өзгеге ісі өнеге, үлгі боп тұрған - деп келесі бөліміміз «Қолөнер» өнері, яғни қыздарымыздың үйден жасап келген бұйымдары.

4. Он саусақтан өнер тамған апалар
Зағипа, Бақыт сынды аналар.
Әсем етіп тігін тіккен апалар
Үйреніңдер, осы өнерді балалар,- деп келесі кезекті «Түйме қадау» өнеріне береміз.

5. Сән мен сымбат екеуі үйлескенде,
Көкірегің керімсал күй кешкенде
Дүниені төңкерер сұлулықты,
Табылмайды көз тігіп, сүймес пенде!- деп келесі бөліміміз «Жаздық сәндік киім»

6. «Мақалдың жалғасын тап» қыздарға байланысты берілген мақалдардың жалғасын табу
1. Әдепті жігіт -(қылықты қыз)
2. Ата көрген оқ жонар,
(Ана көрген тон пішер)

3. Қыздың құны (қырық жеті)
4. Ауру - астан,
(Дау – қарындастан. )
5. Байғазыға (байдың қызы)
6. Қыз -(қонақ)
7. Қыздың қабағында (құт бар)
8. Қызға берген(көрінбес)
9. Қыз ұшқан (қу)
10. Қыздың көзі(қызылда)
11. Қыз ат (байлатар)
12. Қыз өссе, елдің көркі
(Гүл өссе, жердің көркі)
13. Қызы бардың(назы бар)
14. Қыз - өріс,(ұл - қоныс)
15. Қызды кім айттырмайды,
Қымызды кім ішпейді.
16. Ақылды қыз білімге жүгінер,
Ақылсыз қыз сөзге ілінер.
17. Қызым саған айтамын, (келінім сен тыңда)

Бүгінгі «Лагерь аруы» конкурсымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі конкурсымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ - қазылар алқасына береміз.
Қорытынды
26 192
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс
Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Лагерьде Жазғы демалыс басталды. Оқушылар лагерьге кетті. Лагерь қалың қарағайдың ішінде. Қасында үлкен көл бар. Көлдің жағасында кішкене қайық тұр. Балалар қайыққа мініп, серуендейді. Балалар көлге шомылады, балық аулайды.
Қош бол, қызықты лагерь!
Қош бол, қызықты лагерь!
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп - лицей Джолимова Жанат Зиядиновна
Ғажайып бір минут
Ғажайып бір минут
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна Тақырыбы:Ғажайып бір минут.
Ата дәстүр-асыл қазына
Ата дәстүр-асыл қазына
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы № 100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қиятбаева Дана Қазақстан Республикасының 20 жылдығы мерекесіне орай «Тәуелсіздік 20 шыңы – 20 жұлдызды күн» аясында өткізілгелі отырған «Ата дәстүр – асыл
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Асқақтаған ән дайын Күмбірлеген күй дайын Ал, қанекей қырандар Босқа қарап тұрмаңдар Бастап жігіт өнерін Алыстарға самғаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×