Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әруағыңнан Айналайын ер Бекет!

19 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының жоспары

Сабақтың тақырыбы: Әруағыңнан Айналайын ер Бекет!
Сабақтың мақсаты:
а) ХVІІІ ғасырда өмір сүріп, елі мен жерін сыртқы жаулардан қорғаған батыр, халыққа білім дәнін сепкен ағартушы, сәулет өнерінің шебері, тереңнен ойлаған ойшыл, алыстан болжаған, ойындағысы болған көріпкел әулие, Кіші жүздің ұраны, киелі кісі Бекет Мырзағұлұлы туралы оқушыларға мағлұмат беру.
ә) ата - бабаларымызды қадірлеп қастерлеуге, олардың бойындағы жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіруге тәрбиелеу.
б) Әрбір оқушы өз бетінше ізденуге, өткен тарихымызға зер сала отырып, өз ойлау қабілетін дамыту.
Әдіс - тәсілдері: Зерттеу, іздену, сұрақ - жауап, талдау, ой қорыту, пікір айту.
Көрнекіліктері: 1. Бекет ата туралы қанатты сөздер.
2. «Бекет ата жер асты мешіті» суреті.
3. Мәдинада - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет, Маңғыстауда - ер Бекет атты сызба слайдтар.
4. Карточкалар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
б) Жаңа сабақ
«Қызығушылығын ояту»
Бекет ата кім? (слайд арқылы көрнекіліктермен түсіндіру)

Бекет Мырзағұлұлы ХVІІІ ғасырда өмір сүріп, елі мен жерін сыртқы жаулардан қорғаған батыр, халыққа білім дәнін сепкен ағартушы, сәулет өнерінің шебері, тереңнен ойлаған ойшыл, алыстан болжаған, ойындағысы болған көріпкел әулие, киелі кісі болған. Оның бұл қасиеттері көзі тірісінде - ақ бүкіл Қазақстан мен Орта Азия республикаларына кеңінен тараған, халыққа шапағаты тиген, исі мұсылман пір тұтқан. Әсіресе, Маңғыстауды жайлаған Адай ұлысының санасына Бекет Ата берік орныққан. Ұлыс ұраны – «Иә, Бекет!» болған. Бекет Ата – тарихта болған адам. Одан тараған бір қауым елдің бірқатар ұлы, қызы бүгінде Маңғыстау, Шымкент облыстарында, Қарақалпақстан мен Түркменстан республикасында.
Ел аузындағы әңгімелерде Маңғыстау, Үстірт, Жем бойы ғимараттарының бірқатарын Бекет Ата атымен байланыстыра айтады. Мұндай ескерткішті Бекет төрт жерден жасаған. Оның бірі – Маңғыстаудан қашық емес Оғландыда, екіншісі – Бейнеуде, үшіншісі – Жем бойында, төртіншісі – Арал жағасындағы Баяндыда.
Оқулықпен жұмыс.
1. Бекет ата туралы жазылған шығармалардан үзінді оқу.
2. Бекет ата туралы жазылған өлеңдерді жатқа оқу.

Сабақты бекіту:
1. Ел аузынан естіген әңгімелерді еске түсіру.
2. Бекет ата туралы жазылған қолжазбалар мен зерттеулер жайында әңгімелеу.
3. «Оғланды мен Бекет» аңызды әңгімелеу.
4. «Киелі көк аса» аңызды әңгімелеу.

Бағалау.
Үйге тапсырма: Ой толғау жазу, естіген аңыз - әңгімелерді жазып келу.
3 867
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің туған өлкем!
Менің туған өлкем!
Туған өлкенің мұнай мен газдан да басқа тек пайдалы қазбаларға ғана емес, сонымен қатар осы аумақта өмір сүрген қазақтардың тарихына бай екендігіне оқушылардың көзін жеткізу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлке тарихына оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Еріндік және езулік дауысты дыбыстар
Еріндік және езулік дауысты дыбыстар
Фонетика туралы түсініктері кеңейеді, еріндік, езулік дыбыстарды меңгереді. Азаматтық ұстанымдары күшейеді, дамиды.
Ойын әлеміне саяхат
Ойын әлеміне саяхат
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Дарын» мектеп - лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалижанова Аягөз Шаяхметқызы
Ел иесі, жер киесі - Бекет
Ел иесі, жер киесі - Бекет
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Еңсегенова Бақтыгүл
Ауылдарға саяхат
Ауылдарға саяхат
ШҚО, Шүлбі орта мектеп –кешені дене шынықтыру пәні мұғалімі Тлеубаев Ғ.М.
Қайнау. Меншікті булану жылуы (8 сынып)
Қайнау. Меншікті булану жылуы (8 сынып)
Маңғыстау обылысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Жарылғасова Феруза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×