Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дос болайық бәріміз

27 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Дос болайық бәріміз

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен сыйлас болуға үйрету, коммуникативтік өрісті дамыту.
Міндеті: Адам қарым - қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
I. Сәлемдесу.
Оқушылар:
Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз.
Сабақтың ұраны.
Мұғалім: Әрбір адам -
Оқушылар: Туысым, досым, жұрағат.
Мұғалім: Әрбір сабақ -
Оқушылар: Үйрену, ұғу, ұлағат.
Мұғалім: Әрбір ісің -
Оқушылар: Тірлік, тірек, адалдық.
Мұғалім: Әрбір сөзің -
Оқушылар: Шындық, бірлік, адамдық.

II. Психологиялық даярлық.
- Енді бір - бірімізге бүгінгі күніміздің сәтті өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. Ол үшін қолымыздағы гүлді бір - бірімізге тілек айту арқылы ұсынып отырайық./ Оқушылар « Мен тілектеспін» ойыны арқылы бір - біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады. Мысалы: Бес алуыңа тілектеспін! Ата - анаңда бәрі жақсы болуына тілектеспін! Көңілді болуыңа тілектеспін! Жақсы бала болуыңа тілектеспін! т. б/
- Енді көршілерімізді таныстырайық./ Әркім өзінің көршісінің есіміне сын есім қосып таныстырады.
Мысалы:
Әдепті Аружан
Мейірімді Диас......

III. Ой шақыру. ДОС - деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді. Қане балалар ассосиация жасайық.
ДОС → Адал, мейірімді, шыншыл, қайырымды, көмектеседі, ұқыпты, жанашыр, қамқор

- Дос дегеніміз кім?
- Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
1 - оқушы:
Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір - біріне тірек болуынан, қам - қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын - қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді.

2 - оқушы:
Достық екен өмірде ең керегі,
Достық болып дүние дөңгеледі.
Өзендегі толқындар дос боп ақты,
Қанымыздай жүгіріп кеудедегі.
Ағаш біткен дос болып тербеледі,
Тағдыр досқа бақытты тең бөледі.
Сүйеп келе жатқандай бірнеше қол,
Бірнеше қол осынау жерде мені.

3 - оқушы:
Достық деген - таусылмайтын қазына,
Көктемде де солып қалар гүл емес.
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына,
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.
Сырлас болсақ есігімді кір қақпай,
Шын дос болсаң шақырмай кел: тілегім.
Шын шақырсам саған ұқсап тіл қатпай,
Жауымның да келетінін білемін.

4 - оқушы:
Достық - қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптасып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды. Егер де біздің бақытымызды ешкім бізбен бірге бөліспесе, ол бақыт соншалықты мәнін жоғалтар еді. Біз қиналғанда бізден де қатты қиналатын дос болмаса, оны көтеру де бізге сондай қиын болар еді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 150
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
Адал достық
Адал достық
Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтік өрісті дамыту.
Достық
Достық
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің педагог - психологы Иманғалиева Гүлжан Орынбасарқызы
Достармен бірге
Достармен бірге
Қарағанды қаласы № 65 Жалпы білім беретін орта мектебі Мектепалды даярлық тобы Дайындаған: Бекова Акбота Токеновна
Достық. Махаббат
Достық. Махаббат
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×