Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін үздік қолдану

25 қазан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Сисенбаева Гүлмира Әбдіғаниқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін үздік қолдану.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік әнұранның аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін, ой-өрісін кеңейту, сана-сезімдерін Отанды сүю, халқымыздың прогресшіл дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу.
Қазақстанның Мемлекеттік туының тарихи мән-мағынасымен, қызметімен таныстыру, отансүйгіштікке, адал қызмет ету қажет.Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге баулу.

Гимн:
1-жүргізуші: Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болды.
Қазақстан Республикасының, сондай-ақ еліміздің тұрып жатқан кез-келген адам мемлекеттік Туды, Елтаңбаны, Әнұранды құрмет тұтуға міндетті.Әнұран күн сайын мемлекеттік телерадио бағдарламалар басталғанда және аяқталғанда орындалады.

Оның әуені көңілді толқытып, жаныңды шаттыққа бөлейді, жүрегіңді егеменді елімізге деген қуаныш сезімге толтырады.Әнұранның әсерлі үні салтанатты жиналыстар мен мәжілістерде шалқиды.Еліміздің өмірінде аса маңызды орын алған ескерткіш орнатылған Әнұран орындалады.Шет елдерден мемлекет басшыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда оларға мемлекеттік Әнұран әуенімен құрмет көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранның көпшілігі алдында орындағанда міндетті түрде түрегеп тұрып тыңдайды.Бұл - елімізге деген зор құрмет.
Әнұранның мәтінін жаттап алып, салтанатты жағдайларда қосылып айту - әрбір азаматтық парызы.
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранның өзгерту, бұрынғы Әнұранды композитор Ш.Қалдаяқов пен ақын Ж.Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным»әнін Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің қолыммен түзетілген нұсқасымен ауыстыру жайы Парламентте қаралып, бір ауыздан қабылданды.

«Менің Қазақстаным»әні жазылған кезде Ш.Қалдаяқов 26 жаста, ал Ж.Нәжімеденов 21 жаста болған.Халқымыз осы әнде зор сүйіспеншілікте шырқап, өз қалауын білдірді.Жаңа Әнұран ресми түрде 2006 жылы 11-қаңтарда Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
Қазақстан Республикасының Әнұраны бірлікке, ынтымаққа, достыққа, қызмет етеді.Жастардың қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

1-оқушы: Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өз ақын, өз әнші халықта,
Кім айта алар
Болмаған деп Әнұран?!
2-оқушы: Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап қалды.
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінген.
3-оқушы: Барша халық таныған, Шырқалғанда Әнұран
Шаттық кернер шүректі,
Біздің үміт, тілекті.
4-оқушы: Жеңіс туын көтерген,
Жарыстарда сан қилы.
Жетіп бізге шет елден,
Көкке Әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні,
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
5-оқушы: Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасырған,
Несіне оны жасырам,
Әнұраным бүгінгі
Баға жетпес асыл ән.

6-оқушы: Әнұран - тәуелсіз жас мемлекетімізді бүкіл дүние жүзіне паш еткен алтын да асыл сөздермен бауырмалдығымен арқасында республика көп ұлттың баласына алтын бесік болып отырғаны дәріптелген.
7-оқушы: Ата дәстүріміз бен ана тілімізді келер ұрпаққа мұрат етіп жеткізіп, тарихымыздың қазынасын молайтсақ, болашақта жақсы үміт күтуге болатыным туралы айтылады.

8-оқушы: Н.Назарбаев «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек»деген.
9-оқушы: Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуға қажет.Қазақ елінде тұратын және өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүргеннің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы қажет.
Бұл - баршамызға туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Елім, Жерім, Отаным десеңдер Рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білейік! Биікте ұстайық!
5 696
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным. Қазақстан Республикасының Әнұраны туралы. Бұрын да ел ішінде танымал болған «Менің Қазақстаным» әні 2006 - жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік әнұран ретінде бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұран, елтаңбасы мен туы туралы білімдерін тереңдету. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге баулу
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Рәміздерім, мақтанышым!
Рәміздерім, мақтанышым!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі: Берикова Бақытгүл
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа гимн қабылданды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×