Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің құқықтық кеңістігім

12 қараша 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Менің құқықтық кеңістігім
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Қазақстан Республикасы Конституциясын және құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.
Түрі: тренинг сабақ
Көрнекілігі: слайдтар, постерлер, суреттер

Барысы.
Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесіп, топтарға бөлу.
Мұғалім сөзі: Қазіргі уақытта оқушыларға құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретңп, патриоттық тәрбие береді.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білу керек. Сондай – ақ заң адамдарға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар – намысына қол сұқпауы.

Негізгі бөлім:
Ойын «Әділдік өлшемі»
Мұғалім сөзі: Құқық дегеніміз не? Мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады.
Құқықтың құпиялығы сонда, біз оны қолымызбен ұстап, көзімізбен көре алмаймыз. Біз тек қана «мен құқылымын», «мен міндеттімін» айта аламыз. Сондықтанда әр қайысымыз өз құқығымыз бен міндетімізді біліп, оны сақтап қорғай білуіміз керек.

Миға шабуыл
 Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
 Құқықтың қандай түрлері бар?
 Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?
 Оларды орындау үшін не қажет?
 Адамның негізгі құқығы.
 Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық деген не?
 Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
 БҰҰ – ның мақсаты не?
 Бала болып кімдер саналады?
 Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?

Т. Жүргенов атындағы № 123 орта мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі Гүлжанат Әлиева Қуандыққызы

Толық нұсқасын жүктеу
3 838
0
  • 60
1 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Құқықтық нигилизм
Құқықтық нигилизм
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №22 орта мектептің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Тілекбаева Айнур
Құқықтық сауаттылық - заман талабы
Құқықтық сауаттылық - заман талабы
Атырау қаласы, № 25 «Еркемай» балабақшасының әдіскері Қонаева Гүлбану Қонайқызы
Зорлық-зомбылықсыз күн
Зорлық-зомбылықсыз күн
зорлық - зомбылық дегеніміз не екенін оқушыларға түсіндіру; адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
Менің құқығым (ойын-жарыс)
Менің құқығым (ойын-жарыс)
Сабақтың мақсаты: білімділік: құқықтық мәдениеттілікті, әдептілік, құқықтық сана - сезімді қалыптастыру.
Бала құқықтары мен міндеттері
Бала құқықтары мен міндеттері
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі
Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі
Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.