Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Стихи и переводы Казанбай Галии Тлектесовной

26 қазан 2012, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Автопортрет
Крылатая…Не видно крыльев!
Не ангел, не святая.
Душа моя словно птица,
Сама же я – молодая!

Счастливая…Не надо горя,
Я это уже испытала.
Я спрыгнула в счастье - море,
Я жизнь начала сначала!

Красивая! Душой и телом,
Чиста и безупречна
Сегодня я влюбилась,
И эта любовь навечно!
20. X. 1989 год.

Я не поэт…
Қазанбай Ғалия
Не надо мне напоминать всё время.
Я знаю - не поэт я, не поэт! …
Ведь я пишу совсем не ради славы,
Не спеться мне с поэзией в дуэт.

Я знаю, не поэт я – а любитель,
Не призываю никого к борьбе.
Я сердца своего, послушный исполнитель,
Пишу стихи лишь только для него

Білемін, ақын емеспін...
Ескерте берме әрдайым,
Білемін ақын емеспін.
Атақ қуар жоқ жайым,
Таппаспын жырмен үйлесім
Болмасам да әз – ақын,
Әуесқой ақын болармын
Күреспей - ақ еш жанмен,
Жүрегім үшін жазамын

Моим стихам
Моим стихам написанным так рано,
Что и не знала я, что я поэт.
Взорвавшимся, как брызги из фонтана,
Как искры из ракет.

Ворвавшимся, как маленькие черти,
В святилище где и фими.
Моим стихам о юности и смерти,
Нечитанным стихам.

Разбросанным в пыли помагазинам,
Где их никто не брал и не берёт.
Моим стихам как драгоценным винам,
Настанет свой черёд.

Маринаи Цветаева
Подражание М Цветаевой


Мои стихи мои стихотворения
Написаны как будто бы не мной.
Написаных в минуты вдохновения,
Когда в меня вселился дух другой.

Когда настанет время откравения,
И мне признаться всем наступит миг.
Я прочитаю всем свои творения,
И все услышат мой душевный крик.

И дух, который в душу мне вселился,
Хоть нехотя, но всё - таки уйдёт.
Моим стихам, моим стихотвореньям,
Тогда настанет свой черёд.

Казанбай Галия

Ақын аға Мұқағалиға…
Сыр қызымын ақын жаным толқыған,
Сыңғырлайды шашбауымдай шолпым ән.
Арманым бар ақындыққа ұмтылған,
Тамшы үмітке көкірегімді толтырам.

Поэзияң қызықтырып баураған,
Өзіңді оқып ақын аға шыңдалғам
Қиялыммен томдарыңда аударсам.
Иілгендей көкті құшқан шың маған

Мұқа аға, Мұқағали, Мұқа ақын
Ақынсыз жүрегіме жыры жақын
Жыры дастан, өлеңің болған аңыз
Қазағымда Сіздей ақын аға жалғыз!

Теңіздей жағалауды сабалаған,
Құйындай жердің бетін жағалаған.
Ғарыштай сырға толы өлеңдерің,
Қайталанбас құбылыссың, ақын ағам!

Поэзияң - шексіз ғалам жарқыраған,
Ақынсың жан - дүниең жақын маған
Қазақтың маңдайына біткен Дара
Мұқағали - нағыз жырды құрған ақын.

Сырым бар саған айтар, ақын аға
Аударып танытсам деймін бар ғаламға
Заманыңнан оза туған ақын едің
Қайталанбас із қалдырған бұл жалғанда!

Ей, өмір!
Дүниенің ағын да қарасын да,
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.
Қарасымен шамам жоқ таласуға,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігерсің, түсерсің қара суға.
Құйын қуған қаңбақтай аласұра,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

Мен отырмын теңіздің жағасында,
Бересім де жоқ оған аласымда.
Мені тастап, толқындар, ағасың ба?
Толқындатып, өмірім, барасың ба?

Шаң шығарып ізінен құйындаған,
Барасың ба, өмірім, қиындаған?
Сыйын маған,
Ей, өмір, сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған!

Эх, жизнь!
Не дрогнув должен ты принять
Сей мир хоть черный он иль белый.
Эй, жизнь, спешишь ли ты куда?
Не одолеть мне жизни черни.

Стремглав меж небом и землей,
Как белка в колесе кружишься.
Иль ветер гонит за тобой,
Эх, жизнь моя, куда стремишься?

Сижу на берегу морском
Не дать, не взять от жизни должен,
Волною бьешь, ты жизнь, меня.
Не станешь ли ты сильным штормом?

Оставив пыльный след пурга,
Преградами вся ль жизнь обложена?
Эй, жизнь, проси у бога за меня,
Возьму я дар мне не предложенный!

Махаббат диалогы (Мұқағали Мақатаев)
- Құс болып ұшып жоғалсам, не істер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өртенсем, не істер едің?
- Күл болып соңыңнан кетер едім.
- Бұлдырасам сағымдай, не істер едің?
- Жел болып қуып, ақыры жетер едім.
- Қайғы әкелсем басыңа не істер едің?
- Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

Диалог любви (Аударған Қазанбай Ғалия)
- Чтоб сделал ты, коль стала бы я птицей и пропала?
- Я вечность всю тебя бы одну искал.
- А если б я сгорела на огне?
- Я пеплом бы ушел к тебе вослед.
- А если б мой мираж издалека мерцал?
- Я б ветром стал и все равно тебя догнал.
- А если бы тебе из - за меня страдать пришлось?
- Да ладно, милая, я все бы перенес.

Өмір сүрейік алмасып
(Мұқағали Мақатаев)

Жапырақ - жүрек, жас қайың!
Жанымды айырбастайын,
Сен адам бола бастасаң.
Мен қайың бола бастайын,
Келісесің бе, жас қайың?

(Көрінер, мүмкін, кімге ерсі)
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені,
Адам көзімен бір көрші.

Қайын боп мен де бағайын,

Орманнан орын табайын.
Беймәлім мына өмірге,
Қайың көзімен қарайын.

Сен - дағы жерден нәр алдың,
Мен - дағы жерден нәр алдым.
Біреуден сен де жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым
Тілің жоқ, жанды қайың сен,
Айырмашылығым – Адаммын.
Мендегі бары - бір жүрек,
Беріпті жүрек саған мың,
Сондықтан ұзақ жасайсың -
Құрдасы келер заманның.

Бар - жоғы менде бір жүрек,
Ол өлсе мәңгі кеткенім.
Сендегі семсе мың жүрек
Келгенде жасыл көктемің,
Тірілер қайта дүркіреп
Жапырақ - жүрек, жас қайың!
Жанымызды айырбастайық?
Адам боп жүрсең қасқайып,
Қайың боп тұрам қасқайып,
Тәуекел, айырбастайық!

Өмірге өмір жалғасып,
Анамыз жерге жармасып,
Бірде адам, бірде қайың боп,
Сүрейік өмір алмасып...

Поменявшись будем жить! (Перевод Казанбай Галии)

Юная березка, сердцем каждый лист,
Обменяю душу я, ты не откажись,
В человека статного перевоплотись,
Я ж березкой стану, только сог ласись!

(Не поймут другие как им объяснить)
Жизнью хоть разочек дай твоей пожить!
В этом мире бренном человеком став,
Жизнь мою попробуй изнутри познать!
Я березкой стану, перевоплощусь,
И в лесную чащу сам расположусь.
Став березкой юной, в мир другой уйду,
И глазами дерева на него взгяну.

И тебя питала щедрая земля,
И в меня впитала все дары она.
И тебя когда - то кто - то родила,
И меня когда - то кто - то родила.
Человек я только разница в одном
В остальном березка схожи мы во всем
Все мое богатство – сердце лишь одно,
У тебя их тысяча, как же повезло
И меня в грядущем ты переживешь
Потому что очень долго ты живешь

Лишь одно сердечко у меня всего
Жизнь моя зависит только от него
У тебя их тысяча сердце каждый лист
Разбрасав их всюду начинаешь жить.
Как весна настанет бурно вновь восстав
Ну, рискнем, березка, души обменяв!
Юная березка, сердце каждый лист,
Ты за землю матушку как и я держись
Или человеком, иль березкой став,
Чтоб прожить беспечно перевоплотись.

Асыл енем анамдай еді маған...

Жайсаң жанды адам еді ақ енем,
Дара тұлға дана еді, ақ желең.
Мен үшін ол жарқыраған күн еді,
Мұхит еді мен үшін шексіз терең…

Ұлық еді кішік бола алатын
Мейірім оты жүрегіңде жанатын.
Жақындаса адам оның жанына
Жүрегінде нұр шуағы қалатын

Бала үшін күш жігерін сарқыған,
Асыл ана атанды ол халқына.
Нағыз ана, нағыз ене, нағыз жар,
Ақ енемдей боламын деп талпынам!

Моей свекрови… Енеме

Узкоглазая, в морщинах как трещинах,
Смуглолицая, с выступом скул.
Для меня она больше чем женщина,
Для меня она целый аул.

Гостью каждому божьему рада,
Нараспашку всегда дастархан.
Притащила за ногу барана
И кипит полный мяса казан.

Всем была она крепкой опорой,
Всем умела советом помочь
И меня молодую невестку,
Воспитала как родную дочь.

Сироту добротой приголубит,
Всю родню под крыло соберёт.
Пальцем муху и то не обидит,
Ведь святая была - знал народ
Эх, свекровь, моя милая мама!
Для меня были Вы всех милей
Иногда мне так кажется даже
Что вы мамы родимой родней!

Әке 2009 ж

Әке, әке бәйтерексің сынбаған,
Өмір - теңіз толқынымен сыналған.
Енді міне тамыр жайып жатырсың,
Жалғыз тал ең – болдың бүгін ну орман

Шайқаса да өмір - дауыл құламай,
Жылатса да жаңбыр - өмір жыламай.
Тағдыр - ызғар шарпып өтсе шыдадың,
Жапырақ жайып өркендедің қурамай.

Әке, әке бәйтерегім жайқалған,
Көлеңкеңді саялайды бар балаң.
Саған қарап бой түзеймін қиналсам,
Бір өзіңнен шаршағанда күш алам.

Әке, әке бәйтерексің, шынарсың,
Тұлғаң биік көке жеткен мұнарсың.
Әке жанын бала кезде түсінбей,
Тек балалы болған кезде ұғарсың.

Әке, әке бәйтерегім сыналған,
Халық сені азамат деп сыйлаған.
Бәйтеректер аман болса өзіңдей
Елім көктеп болар еді ну орман!

Асыл анам..
Ана, ана жүрегімнің сыңары,
Ана, ана өмірімнің жыр әні
Ақ анасын бақытты еткен адамның
Бұл өмірде бар ма екен арманы.

Анам менің жаны сұлу дара жан
Бола ма жан асар алтын анадан
Анашымның ең керемет сөзі бар
Мейрімімен айналатын баладан!

Анам менің - гүл өсірген бағбаным,
Ана мен күн ең жарығы ғаламның!
Анам менің - таудан аққан бұлағым,
Жан бітіріп мәуелеткен жан жағын!

Времена…

Те чёрно - белые года…
Тогда казались нам цветными
Всё было в радужных цветах,
Тогда мы были молодыми…

Мы верили в добро, в любовь,
Тогда у нас сердца горели.
Тогда у нас кипела кровь,
Всем было трудно - мы терпели
Мы сзади другу в спину нож,
В то время не бросали подло
Не покупали первых мест
К успеху шли довольно долго!

Не пресмыкались пред другим
Мы честно правду говорили
Как сильно изменился мир?
Как все цвета переменили?!

Сейчас цветное всё вокруг,
Не чёрно - белое как раньше
Стал разноцветен даже друг,
Изменит цвет – уйдёт подальше

Сейчас удобней стало жить,
Тем кто меняет часто краски.
И чтобы душу не раскрыть
Все одевают в лица маски

Те чёрно - белые года …
Тогда казались нам цветными
Тогда мы верили в людей
Тогда мы были молодыми…

Астана…

Жайнаған, жаңарған, жасарған,
Нұр болып жарқыра Астана!
Көркейген, гүлдеген, көгерген,
Жол ашып жігер бер жастарға

Таңырқап, тамсанып, таң қалып,
Қалады көргенде бар адам.
Өсе бер, өне бер, өрлей бер
Асқақтап әрқашан Бас қалам!

Жыр жазып, өлеңмен арнап ән,
Әлемге мақтана жар салғам.
Қазақтың айналып бағына,
Гүл қалам баршаны қарсы алған!

Автопортрет

Крылатая…Не видно крыльев!
Не ангел, не святая.
Душа моя словно птица,
Сама же я – молодая!

Счастливая…Не надо горя,
Я это уже испытала.
Я спрыгнула в счастье - море,
Я жизнь начала сначала!

Красивая! Душой и телом,
Чиста и безупречна
Сегодня я влюбилась,
И эта любовь навечно!
20. X. 1989 год.

Алғашқы сезімімдей алғашқы қар...

Табиғат ақ желекке оранғандай
Сүйіктісі бейне бір оралғандай,
Ақ бұлттардың жүрегінен нәр алған ба?
Аппақ қар сезімімнен жаралғандай!

Жер беті ақ орамал тағынғандай,
Сәнденіп әппақ шапан жамылғандай.
Алғашқы сезімімдей аппақ ұлпа,
Ақ жібектей нәзік еді жаның қандай

Ақ шашты қарағайлар таранғандай,
Жаңа қатқан мұз айдынға қаранғандай
Алғашқы махаббаты еске алғанда,
Жүрегіме сезім оты тарағандай

Алғашқы қар мен үшін ыстық сондай,
Жылытады бойымды, жүрем тоңбай.
Нәзік жанды сезімтал болғаным ба?
Тамшылайды көзімнен жас неге қоймай?

Жұлдыз болған жауынгерлер хақында
Сәулелері жерге қарай асыққан,
Сағынып бір асыққандай қашықтан.
Жүрегімді неліктен мұң басады,
Жұлдыздарға толы болса түнгі аспан.
Жер бетіне алыстан сәуле шашқан,.
Адаммын жұлдыздардың мұңын ашқан
Әр бір жұлдыз - жауынгер қыршын кеткен,
Шейіт болып туған топырақ бұйырмастан.
Қаза болып кетті олар оралмасқа,
Боздақтардың қан майданда жолы дастан.
Жұлдыз болып енді міне жарқырап тұр,
Жүректері айналып асыл тасқа.
Әр жұлдыздың тағдыры толы сырға,
Алыстап бара жатыр жылдан жылға.
Ешкім де ешқашанда ұмыт болмас,
Қосамыз ерліктерін әнмен жырға.
Сен, жас өрен, бейбіт өмір түлегісің
Отаныңның, сен, жеткіншек, тірегісің.
Қоштасасың мектебіңмен, ер жеткен соң,
Олар да сендей болған, білемісің?
Қоңыраудың сыңғырымен сен сияқты,
Үміттеніп арманын арқалапты.
Сол көктемде сен сияқты, жас бауырым,
Кездестіріп ең алғашқы махабатты
Кім білген өмірдің тез өтетінін,
Тұз дәмнің сонша ерте бітетінін.
41 - дің маусымында сорлап елім,
Сұм ажалдың батыс жақтан келетінін.
Фашистер бар әлемді буындырған,
Адамзатты өз қанына жуындырған.
Баса көктеп Отаныма бас сұққанда,
Өрімтал жас жүректер қарсы тұрған.
Оққа ұшып снарядтардан жарылған,
Жас жауынгер окопта жер жамылған.
Отан үшін, Сталин үшін жан беріп,
Өзі емес кітапшасы табылған.
Украина, Беларусь даласында,
Жатыр олар бауырлар моласында.
Жандары туған жерге жетпеген соң,
Жұлдыз болып жүректері жанбасын ба?
Мен білемін жұлдыздардың барлық сырын,
Сондықтан басылмайды жүрек мұңы.
Менің де атам мүмкін оралмаған,
Тұрған шығар арасында жұлдыздарды.
Әкемнің бауырлары, Әкесі де,
Жұлдыздарға айналды ау білесің бе?
Атам да жолдастарын қаза болған,
Еске алып еді тірісінде.
Жұлдыздары сыңғырлаған кеудесінде,
Жасаған еңбектері ел есінде.
Ардагерлер түнгі аспанға көп қарайды,
Жолдастарын іздейді ау білесің бе?

Бейбітшілік қорғаны ардагерлер,
Сол тозақты көзбен көрген куәгерлер.
65 - жыл өтсе дағы еш тынбастан,
Ел үшін аянбайды нағыз ерлер.
Жұлдыздары кеудесінде сыңғырлаған,
Жаны да жарасы да сырқыраған.
Ардагерлер - аталарым аман болшы,
Күндей болып жүріңдерші жарқыраған!
Жерге қарай сағынышпен асыққан,
Сәулелері ұмтылады қашықтан.
Жүрегімді неліктен мұң басады,
Жұлдыздарға толы болса түнгі аспан.

Бұл жырымды
Қазақстанның ұлы азаматы Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнадым…


Нұр тұлғалы Нұр ағама
Жерім бар ата - баба паналаған,
Елім бар ер жігітті бағалаған.
Мәуелі бәйтеректің көлеңкесін,
Барлық ұлт өкілдері саялаған.

Құдай берген несібесі сарқылмайтын,
Күні бар көк аспанда жарқырайтын.
Нұр ағамдай қазағыма ұлды берген,
Мың да бір құдайыма алғыс айттым.

Шыр етіп дүниеге келген кезден,
Ел қорғаны болатынын жаны сезген.
Нұр ағамдай Елбасын бізге берген,
Құдайым айырмасын несібеден!

Мейірімі түскенде ғана, Алла,
Мың жылда бір жібереді ұлы адам.
Халқы үшін, адамзат, әлем үшін,
Жүрегі от болып лаулап жанған.
Түсінде су астынан асыл ана,
Мылтық алып шығады жағалауға.
Бұл түсін жорытқанда жақын жанға:
«Туасың - дейді оған - нұрлы бала!»

Аяны орындалып берген баба,
Нұрсұлтан бола алды елге аға.
Елі үшін халқы үшін күресетін,
Ойы нық ұстамы тік ұлы дана.

Нұрсұлтан! Қазақстан! Астана!
Танымал болды бүгін бар ғаламға.
Әр азамат тағдыры ескеріліп,
Жасалуда жағдай әр адамға.
Жақсының жақсылығын айтқан абзал,
Тудырмай ұлтаралық еш бір жанжал.
Татулық мекеніне айналдырды,
Дұшпанымыз досымызда қалды қайраң.

Соғыссыз ажыратты шекараны,
Көшірді орталыққа астананы.
Тәуелсіздік туына қол жеткізіп,
Орындалды ата – баба басты арманы.
Тоқтатты ядролық сынақтарды,
Бар әлем ерлігіне қайраң қалды.
Жүз мектеп аурухана салдырған,
Келешекті біліңіз ойлағаны!

Білімге «Болашақты» айқындатты,
Оралман оз Отанын қайта тапты.
Еуропалық одаққа төрағалық,
Тегіннен қазағыма бұйырмапты

Құдайға тәубе дейміз біздер кейде,
Жан - жаққа қарайлаймыз үрейлене.
Көршіміз қырғыз - бауыр, шешендерде,
Тұрақсыздық салдарынан бүлінуде.
Жүрегін жалындаған кеудесінен,
Жұлып алып халқына жарық еткен.
Көзіме Данко батыр елестейді,
Жол сілтеген Елбасын көргенімде.

Халқын тұңғиықтан алып шыққан,
Дұшпандары Данконы алып жыққан.
Жүрегін жалындаған езіп жаншып,
Бар еңбегін айналдырған жамандыққа.

Бірақ та жүрегінің ұшқындары,
Жалындаған жүректерден орын алды.
Дұшпандар қаншалықты тырысқанмен,
Халық Данко ерлігін ұмытпады.

Сол ұшқын Нұр баланың жүрегінде,
Алау отын жандырған екен дарып.
Елге деген махаббат сезімінен,
Жүрегі жалындады лаулап, жанып.
Ел үшін, халқы үшін қызмет еткен,
Таймаңыз ұлы аға осы беттен.
Жүрегінің жалыны бар мендей жастар,
Дұшпандарға қарсы тұрар келешекте.

Еліне арнап даналық сөз жолдаған,
Мерейіңіз үстем болсын Елағам.
Келешегін Сізге сеніп тапсырды,
Халық әркез өзіңізді қолдаған.

Елім менің, ер еңбегін қолдайық,
Елбасына тірек бола білейік.
Барлық арман – жоспарлары іске асып,
Елу елдің қатарына енейік.
6 700
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Стихи растут, как звёзды и как розы
Стихи растут, как звёзды и как розы
Познакомить с биографией и творчеством М. Цветаевой; вызвать у учащихся интерес к поэзии серебряного века; научить учащихся сопереживать трагической судьбе поэтессы;
Русские поэты о родной природе
Русские поэты о родной природе
Дарбаева Гульсум Нурмуханбетовна - учительница сш №15, г. Жанаозен
Детская мечта
Детская мечта
Казалинский район, №78 средняя школа Ученица 11 - класса Набиева Айнур
«Зеркало души» литературно - музыкальный вечер
«Зеркало души» литературно - музыкальный вечер
Тема: «Зеркало души» литературно - музыкальный вечер
Федор Иванович Тютчев. Жизнь и творчество
Федор Иванович Тютчев. Жизнь и творчество
Актюбинская область, город Жем, средняя школа №5 учитель русского языка и литературы Касымова Гульшат Тулешовна
Литературный вечер, посвященный творчеству великой русской поэтессы Марины Ивановны Цветаевой
Литературный вечер, посвященный творчеству великой русской поэтессы Марины Ивановны Цветаевой
Учитель русского языка и литературы ОСШИ № 5 «Сункар» Тулюсова Гульнара Сайлаубаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×