Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, балабақшам!

09 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Қош бол, балабақшам!» ертеңгілігі
Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл - күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру. Балалардың бір жылда алған білімдерін тиянақтау. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген музыка залы, ойынға қажетті мектеп құрал - жабдықтары.

Барысы:
Жүргізуші: Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Шәкірттермен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін!
Құрметті, ата - аналар, қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, тәрбиелеген балабақша бүлдіршіндерін ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз, қуаныштарыңыз құтты болсын!
Олай болса, №13 «Ертөстік» бөбекжай - балабақшасының 2013 жылғы түлектерін қарсы алайық!
(Әуенмен балалар қосарлана кіреді)
Өлең шумақтары: (балалар)

Жүргізуші: Балабақша сендермен
Көркейді де гүлденді.
Енді уақыт басқаша,
Білім қажет бәріңе!

Ән: «Балабақшам»

Жүргізуші: Қарашы бүгін күн қандай?
Қалайша қаласың нұрланбай!
Енді уақыт басқаша
Жер шары айналып тұрғандай!

Кезекті әсем қоштасу вальсіне берейік!
«Аққу вальсі»

Жүргізуші: Балалар, сендер білесіңдер, мектепке бару үшін жоғарғы оқу орнына түскендей тест арқылы қабылдаймыз, сол үшін бізге білімімізді тексеруге академик профессор мырзалар келіп тұр екен қане қарсы алайық, олардың берген тапсырмаларынан сүрінбей өтейік.
(Ғұламалар кіреді.)
Академик: Саламатсыңдар ма, балалар. Танымай тұрған шығарсыңдар. Ендеше, біз өзімізді таныстырайық. Мен білім мекемесі академиясының академигі Төлеген Диас боламын.
Профессор: Білім лицензиясын беретін мекеменің профессоры Сейдалы Шалқар мен боламын. Мектепке барғалы тұрсыңдар, мектепке дейінгі білімдеріңді тексерейін деп келдік. Сол үшін тест сұрақтарына жауап беруге дайынсыңдар ма? Солай емес пе, академик мырза?!
Академик: Солай, солай, профессор мырза.
Профессор:
- әлгі жерде 1 - сұрақ былай.
Алғашқы қазақ мектебін ашып әліппені жазған кім?
Балалар: - Ыбырай Алтынсарин.
Академик: Оқу - білім туралы мақал - мәтел айтып беріңдер.
Балалар: 1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
2. Білім – инемен құдық қазғандай.

3. Ілім - шырақ, білім - бұлақ.
Профессор: Мектепке барғанда ең бірінші оқитын кітаптарың?
Балалар: - Әліппе, ана тілі.
Академик: Қазақтың ғұлама ғалымдарын ата?
Балалар: Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынов т. б
Профессор: - Жауаптардың дұрыс, оқуға лицензияны беруге лайықты деп есептеймін. Сіз қосыласыз ба, академик мырза?
- Ия қосыламын.
Профессор мөр басады, тәрбиешіге береді.
Жүргізуші: Ой рахмет мырзалар, сенімдеріңізді ақтаймыз. Ал балалар, қараңдаршы енді мектепке баруға әбден болады, қолымызда лицензия бар.

Жүргізуші: Бірге болсын ойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
Қыздарымыз тамаша,
Би билейді сөмкесімен жараса...
Жүргізуші: Әндетейік жырлайық. «Ең соңғы ойындар», әнін шырқайық!
Ән «Ең соңғы ойындар».
Жүргізуші: Қане, балалар, тұрайық.
Достық шеңберін құрайық!

Ойын «Достық шеңберін құру».
Өлең шумақтары

Жүргізуші: Оқып, білім алатын,
Болашақ жолын салатын.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге баратын
Жігіттеріміз сахнада, қарсы алыңыздар!
«РЭП»- би.
Жүргізуші: Балалар, біз тест сұрақтарынан сүрінбей өттік. Енді білімімізді жазбаша түрде көрсетейікші.

Ойын: «Кім бұрын сөзді дұрыс жазады».
І - команда қыздар: Анам, мектеп.
ІІ - команда ұлдар: Отан, Астана

Жүргізуші: Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр қуаныш
Шәкірттермен қосыла.
«Шаңырақ» тобының шәкірттерінің орындауында «Рок - н - ролл» биін қабыл алыңыздар!
Би: «Рок - н - ролл»

Жүргізуші: Сендер үшін әрі қуанышты, әрі қимас мереке аяқталуға жақын қалды, алғаш бала - бақша табалдырығын аттаған күндерің естеріңде ме? Енді достарыңды, тәрбиешілеріңді, балабақшаны қиып кету сендерге оңай емес, дегенмен балабақшамен қоштасатын кез туды. Әндетіп қоштасайық, балалар!

Ән: «Қош бол, балабақшам!»
30 196
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі
Қош, бол балабақша!
Қош, бол балабақша!
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біз бір жыл бойы мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл, ойларың Өсті, міне, бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Кенжегүл Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×