Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ерлік - дастан, Жеңіс - думан

02 мам 2023, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ерлік - дастан, Жеңіс - думан

Оқушы бойына патриоттық сезімді ұялатуға жауапкершілікті сезінуге, отаншылдыққа, адамгершілікке баулуда ашық тәрбие сағатының берері өте зор. Оқушыға тәлім - тәрбие беруде бір сәт рөлдік ойындарды ойнату арқылы оқушының патриоттық сезімін рухын, көтеруге болады. Сондықтан да өткен жылдарында ұйымдастырылған «Бастауыш педагогикасы» бөліміне қарасты ІІ курс оқушыларымен өткізілген «Ерлік – Дастан, Жеңіс - Думан» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымды ұсынып отырмын.
Түрі: Театрландырылған әдеби музыкалық, композициялық кеш
Мақсаты: Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, оқушыларды Отанды қорғауға ерлік істеріне тағзым етуге батыл да бат ыр ержүрек болуға үйрету, елін жерін жаудан қорғай білуге, батырлардың өмір үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы отан соғысы батырларының суреттері, кітап журналдар көрмесі гүл шоқтары ерлік туралы нақыл сөздер интерактивті тақтадан бейне көрсетіледі

Тәрбие сағатының барысы
1. 1941 жыл. Мектеп бітірушілер кеші.
( жастар ортада билеп жүреді)
2. Соғыстың басталғаны туралы радиохабар жіберіледі.
3. Жігіттердің ішінен біреуі өлеңді жатқа айтады.
Орындаушы: -------------------------
Қош бол елім қан майданға жөнелдім
Жаным барда жаудың жолын бөгермін
Я болмаса омырауымнан оқ тиіп
Жүрегімнің қанын жерге төгермін.
( Осы кезде солдаттар кіріп келеді).
Солдаттар: жігіттер сапқа тұрыңдар. Біздер еліміз үшін, жеріміз үшін халық үшін майданға аттануымыз керек. Барлығымыз Отан үшін қан кешуге дайынбыз ба?
Жігіттер: Я, дайынбыз! (жігіттер шығып кетеді, қыздар шығарып салады)
4. Экраннан майдан көрінісі көрсетіледі. (6 минут)
5. Кино даусы бәсеңдетіледі.
6. “Шеше мен келін көрінісі”. (сахнада: Киіз үй, қазан ошақ, ауылдың бейнесі көрсетіледі )
7. ( келін ошақ басында отырады Келінге майданнан хат тасушысы хат әкелінеді) “Жеңеше, жеңеше майданнан хат келді, ағамнан хат келді!”
(хат әкелуші: Елікенова Мөлдір)
Келін сөзі:
- Қара қағаз! Апа менің Рахымымнан келген қара қағаз! Қайда менің Рахымым, өлгені рас па? Жоқ, мен оны бұл өмірде жоқ дегенге сенбеймін! Жоқ!
(қасына енесі тізерлеп келеді )
Енесінің сөзі:
Кино қайта көрсетіледі. Солдаттар майданда отырғандай сахнаға шығып әр жерге отыра қалады.
Солдаттарға хат әкелінеді. “Жігіттер, ауылдан, туған жерден хат келді!”
Солдаттар: - Маған! Жоқ маған!
11. Ән: “ Землянка ”
(ән орындалып жатқанда солдаттар хаттарын оқып отырады, өлең аяқталып қалғанда жаймен ене мен келін де, майдандағы солдаттар да шығып кетеді).
8. Кино көрсетіледі. (кинода жеңіске жетіп, қуанып жатқан халық көрсетіледі
9. Көңілді музыка ойнайды. (майданнан жараланған сарбаздар келеді, қыздары күтіп алады. Барлығы бір бірімен қауышады)
10. Мақпалға хат беріледі (Мақпал жылап тұрып жігітіне арнап өлең оқиды)
11. Ән: “ Соғыстан қайтқан солдаттар”
12. Музыка ойналады.
Жүргізуші сөзі:
Алпыс бес жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
Алпыс бес жыл – шуақты күн таратты әнін
Есімде сонан бері алпыс бес рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары
Алпыс бес жыл - үзілмеді құстар әні
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні
Алпыс бес жыл - жауымыздың ажал оғы
Біздің ел үстіменен ұшпағалы
Талай құс содан бері қайта оралды
Талай бақ әлеміне қайта орнады
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әні.
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарынан айырылған жесір, бала әкесінен, анасынан айырылған жетім атанды. Фашисттердің тұтқын лагерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.
Екі қолмен шоқ төсеп ойнағандар,
Кеудесін оққа төсеп лаулағандар
Бір сәтке сол ерлерді еске алайық
Жеңіс тойын 65 жыл тойлағандар!
(Бір минут үнсіздік)
Жүргізуші сөзі:
Жеңіс, Жеңіс!
Сенің атың ұлы арман
Батырлық пен қайсарлықтан құралған
Мен бұл күні астаң-кестең ой кешпей
Мен бұл күні тебіренбей тұра алман.
( Соғыс туралы, ерлік туралы өлеңдер оқылады.)
Орындайтындар: ----------------------------
13. Би: “ Смуглянка”
Жүргізуші сөзі:
Жеңіс деген шат күлкісі баланың
Тыныштығы жер мен жаһан даланың
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән
Тыныштығың сол жеңістен басталған
Қорытынды сөз:
Ән: “ День Победы”
4 185
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай балабақшасы. Ересектер тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!
Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!
Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Әр қашан күн сөнбесін!
Әр қашан күн сөнбесін!
Жалпы орта білім беретін «Мереке» мектеп – балабақшасы тәрбиешісі: Малаева А.С.
Жеңіс күнін тойлаймыз!
Жеңіс күнін тойлаймыз!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы
Батырлар қалмас беймәлім.
Батырлар қалмас беймәлім.
ШҚО, Аягөз қаласы, «№ 5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Муратканова Перизат Муратовна Сабақтың тақырыбы: Батырлар қалмас беймәлім. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×