Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандығына 550 жыл

21 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
"Қазақ хандығына 550 жыл" викториналық сайысы
(Викторина - әртүрлі білім саласы бойынша ауызша және жазбаша сұрақтарға жауап беретін негізгі ойын түрі, бұл ойын білімдарларға арналған)
Мақсаты: Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465 жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
1. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады;
2. Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады;
3. Сын тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады;
4. Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады;
Көрнекілігі: Безендірілген сынып, нақыл сөздер, тапсырмалар, сандар, әр топқа
даярлаған үстел, слайд - шоу.
Түрі: Топтық сайыс.

Барысы:
І. Ұйымдастыру сәті: Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» атты викториналық сайысын тамашалауға келген қонақтар және оқушылар! 1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.
Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.
Осы тарихи оқиғаға байланысты мектебіміздің 7 - 8 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған сайысымызды бастасақ:

І. «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы.
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы:
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшелігіне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын» деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

ІІ. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"
• Топ басшылар ортаға шығады;
• Барлығы 10 сұрақ беріледі;
• Жылдам жауап беріледі;
Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
• 1. Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар?
• 2. Керей мен Жәнібек сұлтандармен бірігіп көшкен алғашқы ру - тайпалардың атауы?
• 3. Қазақ хандығы қашан, қай жерде құрылды?
• 4. Керей мен Жәнібек сұлтандарға қоныс, жер бөліп берген Моғолстан ханы?
• 5. Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кеткен хандық?
• 6. Қазақ хандығының құрылуы туралы мәлімет беретін тарихи шығарма?
• 7. Қазақ хандығының алғашқы территориясы?
• 8. Қазақ хандығының Жәнібек ханнан кейінгі үшінші ханы?
• 9. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы болған қала?
• 10. Қазақ хандығының құрылуы туралы жазылған “Тарихи Рашиди” еңбегінің авторы?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 694
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы Конспект 15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» ММ тарих пәні мұғалімі К. Мусаева
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
Сабақтың мақсат - міндеттері:  Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету. Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465 жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар
Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл
Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл
Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×